Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 63 тақырып: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Қазақстанның дәрігер ғалымдары. Қ.А.Жаманқұлов

Құрастырушы: аға оқытушылар Сәбитбекова М.М., Абдуллина Л.Н.,

оқытушы Утарғалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Қазақстанның дәрігер ғалымдары. Қ.А.Жаманқұлов

Мақсаты: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем туралы мәлімет беріп, оны жаттығулармен жұмыс арқылы бекіту. Тіл дамыту.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін сабақтастың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас дейміз.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың сұраулары – қашан? қашаннан бері? қашанға шейін? Мысалы: 1. Жылқы су ішіп болған соң, құдық басындағылар желі басына келді. (Ғ.М.) 2. Шай жиналысымен, қонақтарды Мырзаш шақырып әкетті. (Т.Әлім.)

1 - жаттығу. Көшіріп жазып, мезгіл бағыныңқылардың баяндауыштарының астын сызыңыз да, қандай тұлғада тұрғандығын анықтаңыз.

1. Күзетші жанында ол осы оймен аңырып тұрғанда, қолтықтаған түйіншегі бар бір ересек бала келе қалды. 3. Барар жерін анықтап алған Кеңес әлгідей емес, аяғын нық басты. Былай шығысымен-ақ, осылай қарай ағылған адамдар шоғырына кезікті. (М.И.) 4. Бауға келсек, күзетші қақпанға құлып салып жатыр екен. 5. Шахтаға түспестен бұрын, Еркін кішкене бөлмесіне келіп енді. (Ғ. М.) 6. Немістердің аяғы басылғанша, Сережа батпақ араласқан қардың үстіне ұзақ уақыт жатқан еді. (А.Ф.) 7. Біз үшеуміз баудан шығысымен-ақ, күзетші қақпаны жауып, құлып салды. (Л.П.)

2 - жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз. Мезгіл бағыныңқылы сөйлемдердің астын сызыңыз.

1. Когда они подъехали к станции, поезд тронулся.

2. После того, как я пришёл домой, Самат пошёл на работу.

3. Когда закончилось собрание, студенты пошли в общежитие.

4. С тех пор как Жомарт уехал в город, мы получили от него два письма.

5. Когда Максуту исполнилось восемь лет, отец отдал его в школу.

3 – жаттығу. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз, жаттап алыңыз.

Доктор медицинских наук, отличник здравоохранения, пропедевтика внутренних болезней, заведующий кафедры, председатель, проблемная комиссия, терапевтические дисциплины.

4 – жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

1. Біз жиналып барғанша, ... . 2. Кезекшіден не екенін білместен бұрын, ... . 3. Көктемнің лебі соға бастасымен, ... . 4. Олар қалаға келгенде, ... . 5. Сабақ басталғаннан бері, ... .

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: түсіндіру, сұрақ-жауап, аударма, жаттығулармен жұмыс.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН Әдебиеттер:

1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004ж. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005ж. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003ж, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003ж.

8. Қазақстанның дәрігер ғалымдары. Алматы, 2001ж. 46-47 бб.

Бақылау сұрақтары:

1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас нені білдіреді?

2. Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың сұрақтары қандай? Мысалдар келтіріңіз.

3. 3 – жаттығуда орыс тіліне аударған жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлемдер құраңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]