Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 61 тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем туралы түсінік. «Жедел гастрит» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушы Сәбитбекова М.М.,

оқытушы Утарғалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

ТАҚЫРЫБЫ: Сабақтас құрмалас сөйлем туралы түсінік. «Жедел гастрит» мәтіні.

МАҚСАТЫ: Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары туралы түсінік беріп, жаттығулармен жұмыс барысында бекіту.

ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ: Сабақтас құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік. ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ(МӘСЕЛЕЛЕРІ) СҰРАҚТАРЫ:

  1. Құрмалас сөйлемнің қандай түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз?

  2. Мысалдар келтіріп, жасалуын түсіндіріңіз.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.

Сабақтас құрмаласты былай көрсетуге болады:

Бағыныңқы басыңқы

≈≈≈≈≈≈≈≈≈ , ――――.

Ол сабаққа жақсы дайындалса да, ештеңе айта алмады.

1 – жаттығу. Берілген салалас құрмалас сөйлемдерді сабақтас құрмаласқа айналдырыңыз да, бағыныңқы сөйлем баяндауыштарының астын сызып, жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

Ү л г і : Қыруар уақыт өтті, - жаңбыр басылмады (Н.Ғабд.).

Қыруар уақыт өткенмен, жаңбыр басылмады. (Көмектес септік тұлғадағы есімше арқылы жасалған).

Қыруар уақыт өтсе де, жаңбыр басылмады. (Шартты рай мен де шылауы арқылы жасалған).

1. Кенжебек жауап іздеп көріп еді, - орынды сөз ойына орала қоймады. 2. Колхоз жұмысының да жауапты кезеңі басталып қалды, тапсырылған жұмысты аяқсыз қалдыруға болмайды. (А.Ханг.). 3. Олардың дауысы дауылдан да күшті, тегеуріндері темірден де мықты. (Ы.Жақаев). 4. Мүмкін, Михаил Иванович онда уылжыған жас жігіт-ақ болған шығар, бірақ мен оны дәл осы қалпында көргім келетін тәрізді. (Ә.С.). 5. Қосына ашумен барған Алексей Ботакөзден қорқып келгенін айтуға ұялды, ол туралы тревога жасауға да ұялды. (С.М.). 6. Қала мектептерінде оқуды өндірістік тәжірибемен ұштастырады, шәкірт балалар слесарьлық, токарьлық мамандыққа үйреніп шығады екен. (А.Байт.).

2 – жаттығу. «Жедел гастрит» мәтінінде кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыз, 5 сөйлем құрыңыз.

Қышқыл – кислота сілті – щелочь

Жұқпалы – инфекционный; заразный улану – отравление

Жедел – срочно; быстро; острый әлсіреу – ослабление; слабеть

Құсу – вырвать; срыгнуть қуқылдану – побледнеть

Жүрек соғысы – пульс; сердцебиение іші кебу – вздутие живота

Құрсақ – брюшная полость; брюхо баяу (лау) – медленно

Есінен тану – терять сознание тырыспа – судорога

Ерітінді – раствор

3 – жаттығу. Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Асқазанның қабынуы, асқазанның шырышты қабығының қабынуы, қышқылдармен улану, сілтілермен улану, ащы тамақ ішу, тамақты көп ішу, науқастың құсуы, науқастың әлсіреуі, терісінің қуқылдануы, қан қысымы төмендеу, құрсақ үсті ауыруы, жағдайы жақсару, қайнатылған сумен жуу, күтім жасау, диета тағайындау.

4-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға науқас адамның атынан (мәтін бойынша) жауап беріңіз.

  1. Қай жеріңіз ауырады?

- .....

  1. Қай кезде ауырады?

  • .....

  1. Қашан ауырдыңыз?

- .....

  1. Қызуыңыз бар ма?

- .....

  1. Құстыңыз ба?

- .....

  1. Әлсіздік сезінесіз бе?

- .....

  1. Ішіңізді басқанда қай жеріңіз ауырады?

  • .....

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: түсіндіру, сөздікпен жұмыс.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004ж. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005ж. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003ж, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003ж.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Берілген басыңқы сөйлемдерге өз ойларыңнан бағыныңқы сөйлем ойлап, сабақтас сөйлем етіп құрастырыңдар; бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштары әр түрлі болсын.

1. ..., жыл сайын бір жаңалық қосылады. 2. ..., Ермек телефонның құлағын қайта іліп қойды. 3. ..., менде басқа сөз жоқ. 4. ..., ертең маған жасаған жобаңды айта келерсің. 5...., тағы да аз уақытқа тыныштық орнады.(А.Байт.) 6. ..., тояды қарның тіленбей (Абай).

2. Даналардың сөздерін қалай түсінесіз?

1. Барлық ауру бір-ақ жолмен – қомағайлықпен келеді. (Ж.Баласағұни)

2. Дертке шалдыққанша, денсаулықтың қадірін ешкім білмейді. (Т.Фуллер)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]