Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пән: қазақ тілі

Кафедра: тілдер

Курс І

58 тақырып: Кезектес салалас. « Өт жолдары аурулары» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушылар : Сәбитбекова М.М., Ербатыр Б.Ө., оқытушы Утаргалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«____»___________ 200_ж.

№ __ хаттамасы

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Кезектес салалас «.Өт жолдары аурулары» мәтіні.

Мақсаты: Кезектес салалас туралы мәлімет. Практикалық жұмыстар орындау арқылы бекіту.

Өткізілу түрі: түсіндіру, тіл дамыту.

Кезектес салалас - құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас құрмалас түрі. Кезектес салалас біресе, бірде, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Машина жүрісін бірде шапшаңдатады, бірде баяулатып әндетеді (Ғ.Мұст.).

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1 – тапсырма. «Өт жолдары аурулары» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыз.

әсер – влияние сыртқы – внешний вид

дөңгелек – круглый сопақша – продолговатый

тегіс – ровный бұжыр-бұжыр – шершавый; неровный

жылтыр – гладкий жылдар бойы – много лет

білінбей жүре беру – незаметно қуырған – жаренный

тоңу – замерзать; мерзнуть шөлдеу – жаждать; хотеть пить

улану – отравление жарылу – разрыв; лопнуть

төгілу – проливаться уақыт өткен сайын – с течением времени

түйін – шишка; узел

2 – тапсырма. Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Холестериннің көбеюі, тастың пайда болуы, өт жолдарының қабынуы, белгісіз даму, алғашқы белгісі, жылдар бойы даму, мазасы кету, аузы құрғау, кіші дәреттің түсі, іріңді қабыну, өттің айналасы, түйін пайда болу, өт қабы жарылу, операция жасау, майлы тамақ, сүр ет, жұмыртқа жеу, өт жүретін жол, сулы сұйықтар, өттің таралуы.

3 – тапсырма. Берілген мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Мағыналық бөліктерге бөліп, тақырыпша қойыңыз. Кезектес салаластарды теріп жазыңыз.

Өттің құрамындағы холестериннің көбеюі тастың пайда болуына әсер етеді. Сондай-ақ өт жолдарының қабынуы да оның пайда боуына бірден-бір себеп. Тастардың сыртқы түрлері әр түрлі: дөңгелек, сопақша, көпбұрышты, сырты бұжыр-бұжыр немесе тегіс, жылтыр болады. Олар өт жолында, өт қабында, кейде екеуінде де болады. Өт жолдарында пайда болған тас ауруы көп жағдайда белгісіз дамып, жылдар бойы адам ағзасында білінбей жүре беруі мүмкін. Оның негізгі және алғашқы белгісі – оң қабырғаның асты бірден шаншып ауыра бастайды. Бұл шаншу көбінесе майлы, сүр ет, қуырған тамақ немесе жұмыртқа жегеннен кейін басталады. Шаншу уақыт өткен сайын күшейе түседі, оң жауырынға беріледі. Бірнеше рет жүрегі айнып, құсады. Кейбір науқастар біресе тоңып, біресе қызуы көтеріліп мазасы кетеді, шөлдеп, ауызы құрғап, әлсірейді, жағдайы мүлдем нашарлайды. Өт жолы немесе бауыр ішіндегі өт көбінесе екі-үш күннен кейін байқалады. Кіші дәреттің түсі қоңырланып, кейде айналасында түйін пайда болады, сары сулы сұйықтар (перитонит) шыға бастайды, осының әсерінен көбінесе адам сарғайып кетеді. Себебі өт жолын ішіндегі тас жауып, өттің қанға таралуына жағдай туғызады. Содан адамның бүкіл денесі өз өтіне уланады. Өт жолдарындағы қысымның артуына және қабынудың күшеюіне байланысты өт қабы жарылып, ішіндегі өт және іріңді сұйық құрсақ қуысына төгіледі. Мұндай кезде науқастың өміріне қатер төнеді, шұғыл түрде ауруханаға жатқызып, сырқатқа қолма-қол операция жасап, емдеу қажет.

4 – тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Тастың пайда болуына не әсер етеді?

  2. Тастардың сыртқы түрлері қандай?

  3. Тастар қай жерлерде болады?

  4. Оның негізгі белгісі не?

  5. Шаншау қай кезде басталады?

  6. Аурудың басқа белгілері қандай?

  7. Адам қай кезде сарғайып кетеді?

  8. Адам қай кезде өз өтінен уланады?

  9. Адам өміріне қай кезде қатер төнеді?

Әдебиеттер:

1. С.М.Исаев «Қазақ тілі», Алматы, университет «Қайнар», 1993 ж.

2. Б.Ж.Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, Алматы, «Қайнар», 2002 ж

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе,

2005. – 320

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

  1. Кезектес салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  2. 3 мысал келтіріңіз

  3. «Өт жолдары аурулары » мәтіні бойынша түсінгеніңді баянда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]