Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

«Қалақай жапырақтары» мәтіні

Қалақай тұндырмасын дайындау тәсілі: 20г. (2 ас қасық) шикізатты эмаль ыдысқа салады, үстіне 200 мл (1 стакан) қайнаған ыстық су құяды, қақпағын жауып су моншасында 15 минут қыздырады. Содан кейін 15 минут бөлме жылылығында суытады, сүзеді. Қалған тұндырманың көлемін 200 мл-ге дейін толтырады. Дайын тұндырманы салқын жерде 2 тәуліктен артық сақтауға болмайды. Тұндырманы күніне 3-5 рет ас алдында ішеді.

Қолданылуы: Тұндырманы қан тоқтатқыш және витамин зат ретінде, теміртапшылықты анемияға, асқазан қабынуына, асқазан, ішек жарасында, бауырдан, жатырдан және ішектен қан кеткенде қолданады.

Тұндырманы шаштың түбін нығайту үшін пайдалануға болады.

Жапырақты құрғақ, салқын жерде сақтайды.

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: түсіндіру, проблемалық әдіс, аударма, түсіндіру.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН Әдебиеттер:

1. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

        1. Жай сөйлемге 5 мысал келтіріңіз.

        2. Сөйлем түрлерін айтыңыз, мысал келтіріңіз.

3. Қалақай тұнбасы туралы өз сөзіңізбен баяндаңыз.

4. Фармацевт ретінде қалақай жапырағының қандай ауруларда қолданылатынын өз сөзіңізбен түсіндіріп беріңіз. Мәтіндегі сөйлем құрылымын өзгертуге болады.

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандық: жалпы медицина, стоматология

Пән: қазақ тілі

Кафедра: тілдер

Курс І

6 тақырып: Хабарлы сөйлем. «Қанның қызметі» мәтіні.

Құрастырушы:

аға оқытушылар Сәбитбекова М.М., Абдуллина Л.Н.

Ақтөбе 2010 ж.

Тақырыбы: Хабарлы сөйлем. «Қанның қызметі» мәтіні.

Мақсаты: Хабарлы сөйлем туралы мәлімет бере отырып, тапсырмаларды орындау арқылы қорыту.

ТақырыПтың негізгі сұрақтары:

  1. Хабарлы сөйлем туралы.

  2. Хабарлы сөйлемнің қолданылу аясы.

Хабарлы сөйлем – айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі.

Хабарлы сөйлем интонациялық жағынан көтеріңкі басталып, бәсеңдеп бітеді. Сөйлемнің соңында жазуда нүкте қойылады. Мысалы: Күз басталады. Күзбен бірге күн де салқындайды. Ағаш жапырақтары да сарғая бастады. Мұнда күздің басталғаны, күннің салқындағаны, жапырақтардың сарғаюы туралы хабар баяндалады.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1 - тапсырма. «Қанның қызметі» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздері жаттап алыңыз.

Тасу - транспортировать; носить тарату – распространять

Жеткізу – доставлять; оставить көлем – объем

Қоректендіру – питать; кормить күкірт – сера

Көмір қышқыл газ – углекислый газ

2 - тапсырма. «Қанның қызметі» мәтіні бойынша төмендегі сөз тіркестерінің оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.

Өмір сүре алмау, қан тамырларымен ағу, оттегін тасу, көмірқышқыл газын жеткізу, қоректік заттарды сіңіру, денеге тарату, қоректендіру қызметі, қорексіз заттар, минералды заттар, көлемін сақтау, дене қызуын реттеу, жұқпалы аурулар, аурулардан сақтау, қанның құрамы, органикалық заттар.

3 – тапсырма. Берілген мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Қанның қызметі

Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Онсыз адам өмір сүре алмайды. Қан тамырымен бойлай ағып, көптеген қызмет атқарады. Ол оттегін өкпеден жасушаларға тасып, оның орнына көмір қышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді. Сөйтіп, тыныс алу қызметін атқарады. Ас қорыту мүшелеріндегі қоректік заттарды өзіне сіңіріп, денеге таратады. Бұл – қоректендіру қызметі. Жасушалардағы пайда болған, оның тіршілігіне қорексіз заттарды зәр шығару жүйесіне жеткізеді. Қан, сондай-ақ, су мен минералды заттардың көлемін және дене қызуының бір қалыпты болуын сақтайды. Қан денені жұқпалы аурулардан қорғайды, мүшелерді өзара байланыстырады. Ол 23 секунд ішіне денені бір рет айналып шығады. Осы уақытта өзінің барлық қызметін атқарып үлгереді. Қан мен қан айналымның адам өмірін сақтауда, оның әрекетінде де маңызы зор.

Қанның құрамы сұйық плазмадан және оның ішінде қалқып жүретін жасушалардан (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) тұрады. Ересек адамдарда 4,5 – 5л қан болады. Мұның 22 -60% -ы плазма және 40-45% -ы қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су, 8-10% минералды және органикалық заттар бар. Минералды заттардың ішіне 1% натрий, калий, кальций, магний, темір және хлор, күкірт, йод, фосфор аниондары болады.

4 - тапсырма. Мәтін бойынша қанның атқаратын қызметін жеке-жеке көрсетіп жазыңыз.

1. Қан оттегін өкпеден жасушаларға тасиды. 4. ......

2. ..... 5. ......

3. ..... 6. ......

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: проблемалық әдіс, баяндау, аударма.

Әдебиеттер:

  1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

  2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

  3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

  4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

  5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

  6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

  7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

1. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

2. 5 мысал келтіріңіз

3. Қанның қызметі туралы баяндаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]