Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пән: қазақ тілі

Кафедра: тілдер

Курс І

54 тақырып: Жалғаулықсыз салалас. «Шала туған бала» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушылар Абдуллина Л.Н.,

Ербатыр Б.Ө., оқытушы Утаргалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«____»___________ 200_ж.

№ __ хаттамасы

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Жалғаулықсыз салалас. «Шала туған бала» мәтіні.

Мақсаты: Салалас құрмаластың жалғаулықсыз түрін жаттығу жұмыстарын орындау арқылы меңгерту.

Өткізілу түрі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тіл дамыту

Салалас құрмалас сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жағынан жіктелген екінші түрі – жалғаулықсыз салалас сөйлемдер. Салаластың бұл түрін жалғаулықты салаластың жалғаулықтарын алып тастаған қалпы ретінде қарауға болады. Жалғаулықсыз салалас сөйлем мағыналық жағынан ыңғайлас салалас, себеп-салдар салалас, қарсылықты салалас, түсіндірмелі салалас болып келеді. Мысалдар: 1. Білмеген сен де айыпты емессің, білдірмеген мен де айыпты емеспін. (Ә. Әб.) ыңғайлас салалас сөйлем. 2. Түсіндірмей-ақ қой, білсең болар. (М. И.) себеп-салдар салалас. 3. Екі бай сүзісе беріңдер, - араңа түсіп шыбын болар біз жоқ. (Ғ. М.) қарсылықты салалас. 4. Білікті ұстаз бар білгенін жайып салды: жинақтаған әдебиеттерін көрсетті, біраз қолжазбаларын да шығарды.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1-тапсырма. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді бөліп көшіріңіз.

Тоғызқұмалақ» - қазақтың ұлттық ойыны, оны қырғыз, қарақалпақтар да ойнайды. «Тоғызқұмалақты» кейде «қойшының алгебрасы» дейді. Оның мәні бар. Өйткені бұл ойынды тұңғыш тапқан – қойшы.

Бұл ойын – нағыз есеп ойыны. Мұнда есепке жүйрік адам ғана жеңеді. Тоғызқұмалақ та, шахмат сияқты тапқырлықты, қиялдауды керек етеді, өйткені позицияны не бір-екі жүрістен кейін қандай позиция болатынын есте сақтау, бағдарлау тек шебер, тәжірибелі, ауыз есепке жүйрік адамның ғана қолынан келеді.

2-тапсырма. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыз, түрлерін айырыңыз.

1. Шаң-шұң шапқан ағаштардың даусы естіледі және күнге шағылысқан балталардың жарқылдары көрінеді. 2. Өзіміздің балалар ғой, сондықтан бұлар ешкімге айтпас. 3. Әркім әр түрлі топшылады, бірақ Жүністің сырын ешкім аша алмады. 4. Оның төбесінен біресе сыр етіп үйректер өтті, біресе биікте тізбектеліп қаздар өтті.

3-тапсырма. Орыс тіліне аударып, мазмұныны айтыңыз.

ШАЛА ТУҒАН БАЛА

Күніне жетпей, бойы 45 сантиметрден аспай туған бала – шала туған бала. Әдетте мұндай балалар әлсіз, арық, терісі үлбіреп, беті шалбарланып тұрады. Дем алысы жиі соғып, тоңғыш келеді. Емшекті жөнді еме алмайды, іші жиі өтеді. Бала өте жақсы күтімді қажет етеді. Шала туған баланы аман сақтау үшін жылы жерге ұстап, жөргекке денесін қыспай орап, жиі аударып отырған жөн. Шала туған бала нәзік болғандықтан, өздігінен еме алмауы мүмкін, ондай жағдайда сүтті аузына түтікпен тамызу керек. Мұндай бала ауырғыш келеді. Сондықтан дәрігерлермен кеңесіп отырған дұрыс.

Сөздік – словарь

күтім – уход күніне жетпей – недоношенный

бойы – рост шалбарланып – морщится

аспай – не более көбі – большинство

жөргек – пеленка іші жиі өтеді – часто поносит

түтік – трубка дем алыс – дыхание

әдетте – обычно ауырғыш – болезненный, слабый (часто болеет)

Әдебиеттер:

1. С.М.Исаев «Қазақ тілі», Алматы, университет «Қайнар», 1993 ж.

2. Б.Ж.Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, Алматы, «Қайнар», 2002 ж

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

1. Жалғаулықсыз салаластың неше түрі бар?

2. Жалғаулықсыз салалас құрмаластың түрлеріне мысалдар келтіріңіз.

3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

4. Шала туған баланың күтімі туралы айтыңыз.

5. Қазақ халық медицинасында шала туған баланы күту туралы не білесіз?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]