Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 51 тақырып: Салалас құрмалас сөйлем. «Терінің құрылысы және атқаратын қызметі» мәтіні

Құрастырушы: аға оқытушылар: Сәбитбекова М.М., Ербатыр Б.Ө.,

оқытушы Утарғалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем. «Терінің құрылысы және атқаратын қызметі» мәтіні

Мақсаты: Салалас құрмалас сөйлем туралы мәлімет беру. Оларды жаттығу жұмыстарын орындау арқылы бекіту.

ТАҚЫРЫПТЫҢ Негізгі (МӘСЕЛЕЛЕРІ) сұрақтары:

  1. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  2. Мысал келтіріңіз.

Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, өзара бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрін салалас құрмалас сөйлем дейміз. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен бағынбай, тең дәрежеде байланысып, баяндауыштары тиянақты тұлғада келетіндіктен, ол жай сөйлемдерді жеке-жеке де қолдануға болады. Мысалы: Көктем келді, күн жылынды. деген құрмаластың екі жай сөйлемін бөлек-бөлек айтуға болады: Көктем келді. Күн жылынды. Сөйлемді осылай аяқтауға болады, өйткені баяндауышы келді тиянақты тұлғада қолданылған. Салаластың екінші сыңары да өз алдына жеке сөйлем бола алады. Күн жылынды.

1 – жаттығу. «Теріні күту» мәтіні бойынша төмендегі сөздерді есіңізге сақтаңыз.

Күту – ухаживать; ждать сергек – бодро

Тітіркендіру – раздражать кермек су – жесткая вода

Жайлы – благоприятный; удобный әсер ету – оказывать влияние

Көпіру – пениться алдымен – сначала

Жою – уничтожить салу – положить

Жарайды – годится; ладно; хорошо пайдалы – полезно

Майсыздану – обезжирование жұқару – утончиться

Құрғау – высыхать; черстветь төзімділік – выносливость

Сыртқы – верхний; наружный; внешний кему –уменьшаться

Алмастыру – заменить; сменить шомылу – купаться

Түтікше –сосуд еріту – растворить

2 – жаттығу. Берілген мәтінді оқыңыз. Мағынасына қарай бөліп, тақырыпша қойыңыз. Салалас құрмаласты табыңыз.

Терінің құрылысы және атқаратын қызметі

Адам күн сайын жуынып, апта сайын моншаға барып, дене терісін таза ұстаса, үнемі сергек жүреді.

Теріні күтуде судың сапасының үлкен маңызы бар. Су сапасына қарай екі түрлі болады. Біріншісі – құрамында теріні тітіркендіретін заттары жоқ су. Мұндай су жұмсақ, теріге жайлы әсер етеді. Жаңбырдың және қардың суларын да осының қатарына жатқызады. Екіншісі – құрамында кальций тұздары бар кермек су. Мұндай суда сабын көпірмейді, іриді, әрі онымен жуыну теріге зиян келтіреді. Сондықтан жуынарда алдымен ас содасын салады. Оның мөлшері бір стакан суға бір шай қасықтың төрттен біріндей болса жарайды. Кермек суды мұқият қайнатып та пайдалануға болады.

Сабынмен жиі жуынса, тері майсызданып, құрғап кетеді. Тері құрғаған сайын, оның сыртқы қабығы жұқарып, төзімділігі кемиді. Жуынғанда немесе шомылғанда судың температурасына да көңіл бөлу қажет. Салқын су теріні және тәнді шынықтырып, олардың төзімділігін арттырады. Ал тері майлы болса, ыстықтау суға жуынған дұрыс. Өйткені ол тері түтікшелерін кеңейтіп, майлы заттарды ерітіп, кірін жақсы кетіреді. Денені көбінесе салқын су мен жылы суды алмастыра жуған пайдалы. Жуынып болған соң денені әбден құрғатып сүртінген теріге жақсы ықпал етеді.

Дененің тері бездері орналасқан жерлерін – қолтықтың астын, шапты, табанды күн сайын жуған жөн.

3 – жаттығу. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Адам сергек жүруі үшін не істеу керек?

  2. Теріні күтуде ненің маңызы бар?

  3. Қандай су теріге жайлы әсер етеді?

  4. Қандай суда сабын көпірмейді?

  5. Суды жұмсарту үшін не істеу керек?

  6. Сабынмен жиі жуынса тері қалай өзгереді?

Оқыту Әдістері: проблемалық әдіс, сұрақ-жауап.

Қолданылатын Әдебиеттер:

1. С.М.Исаев «Қазақ тілі», Алматы, университет «Қайнар», 1993 ж, 142-143 беттер.

2. Б.Ж.Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, Алматы, «Қайнар», 2002 ж, 226-227 бб.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе,

2005. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік) Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы. З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

1. Салалас құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары қандай болады?

2. 3 мысал келтіріңіз.

3. Терінің атқаратын басты қызметі қандай? Өз сөзіңізбен баяндап беріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]