Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 49 тақырып: Құрмалас сөйлем. «Туберкулезден сақтану және алдын алу шаралары» мәтіні

Құрастырушы аға оқытушылар Абдуллина Л.Н., Сәбитбекова М.М.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Құрмалас сөйлем. «Туберкулезден сақтану және алдын алу шаралары» мәтіні

Мақсаты: Құрмалас сөйлем туралы түсінік.

ТАҚЫРЫПТЫҢ Негізгі (МӘСЕЛЕЛЕРІ) сұрақтары:

  1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  2. Байланысу жолдары қандай?

Екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.

  1. Интонация арқылы іргелес байланысады. Мысалы: Байжанның оны көруі бірінші рет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша, сарғылт өңділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт еді.

  2. Жалғаулық шылаулар (кейде септеулік шылаулар) арқылы байланысады. Мысалы: Сырбай қонақтарын сол далаға онша көңілді қалыппен басқарып апара жатқан жоқ, себебі биылғы егін шығымы әлсіздеу.

  3. Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің (көбіне алғашқысының) баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, құрмаласа байланысады. Мысалы: Құрымбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен.

1 – жаттығу. «Туберкулезден сақтану және алдын алу шаралары» мәтіні бойынша төмендегі сөздерді жаттап алыңыз.

алаңдату – тревожить мұқият – тщательно

дымқыл – влажный желдеткіш – форточка

қайнату – кипятить көрпетыс – пододеяльник

жастықтыс – наволочка ақжайма – простыня

сауығу – выздороветь байқалған – замеченный

2 – жаттығу. «Туберкулезден сақтану және алдын алу шаралары» мәтіні бойынша кездесетін сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Аурулардың ішінде, көп аурулардың ішінде, туберкулездің таралуы, бүкіл қоғам, эпидемиологиялық жағдай, дүние жүзі бойынша, ауруы анықталған адам, санитарлық алдын алу, емдік алдын алу, мұқият орындау, шүберекпен сүрту, артық зат, науқастың ыдысы, науқастың ыдысын араластырмау, орамалын бөлек ұстау, ауруханаға жатқызу, туберкулезден сақтану.

3 – жаттығу. Мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз. Құрмалас сөйлемді табыңыз.

Туберкулезден сақтану және алдын алу шаралары

Қазіргі кезде көп аурулардың ішінде туберкулездің кең таралуы бүкіл елімізді қатты алаңдатып отыр.

Туберкулез ауруы анықталған адам ең басты екі мәселені – санитарлық және емдік алдын алу (профилактикалық) шараларын мұқият орындап отыруы керек.

Санитарлық алдын алу шараларына тазалық, жеке бастың гигиенасын сақтау жатады. Науқас жататын бөлменің еденін хлорамин ерітіндісі қосылған сумен жуып, шаңын дымқыл шүберекпен сүртіп тұру керек. Терезенің желдеткішін жиі-жиі ашып, ауасын тазартып, бөлмеде шаң-тозаң болмауына көңіл аударған жөн. Ауру жататын бөлмеге артық зат, бұйымдар, кілем ілудің қажеті жоқ. Науқастың ыдысын отбасындағылардың ыдысымен араластырмай, бөлек ұстап, қайнатып тұрған дұрыс. Оның төсек-орны, киім-кешегі, орамалы бөлек ұсталып, жеке жуылуы тиіс. Науқастың көрпе-жастығының тысын, ақжаймасын жуған кезде біраз уақыт хлорлы ерітінді араласқан суға салып қою керек.

Емдік алдын алу шаралары аурудың сауығуын қамтамасыз етеді. Науқастың жазылып кетуі және басқаларға жұқтырмауы үшін жүргізілетін шаралардың маңызы зор. Науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, оған туберкулезге қарсы қолданылатын арнайы дәрі-дәрмектермен ем жүргізіледі.

Тамақтану мәселесіне үлкен мән беру қажет: уақытысында құнарлы, витаминдерге бай азық-түліктерді пайдалану керек, ұйқы мен серуендеу, зиянды әдеттер – ішімдік пен темекі пайдаланбау арқылы тәннің сырқатқа қарсыласу күшін нығайтуға болады.

Туберкулезден сақтанып, оның алдын алу әрекеттерінің тағы бір түрі – иммунопрофилактика. Бұл туберкулезге қарсы егу болып табылады. Бұл шара туберкулезбен ауыратындарға, туберкулин реакциясы бірден байқалған балалар мен жасөспірімдерге, жастарға қолданылады. Сонымен бірге туберкулездің ашық түрімен сырқаттанған адаммен тығыз қарым-қатынаста болғандарға, туберкулезден емделген адамдарға жүргізіледі.

Оқыту Әдістері: проблемалық әдіс, түсіндіру.

Қолданылатын Әдебиеттер:

1. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

  1. Құрмалас сөйлем қандай ойды білдіреді?

  2. Мысал келтіріңіз.

  3. Мәтіннен емдік алдын алу шаралары туралы абзацты тауып алып, сөйлемдердің құрылымын өзгертіп, өз сөзіңізбен жеке-жеке анықтап көрсетіңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]