Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 44 тақырып: Бақылау жұмысы

Құрастырушы: аға оқытушылар Сәбитбекова М.М., Ербатыр Б.Ө.,

Абдуллина Л.Н., оқытушы Утарғалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Бақылау жұмысы

Мақсаты: Бақылау жұмысын жасату арқылы студенттердің өткен материалдарды меңгеру деңгейін анықтау.

Тақырыптың БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1 нұсқа.

1. а) Етістікті тіркестерге төрт сөйлем құраңыз.

ә) Сөйлем мүшелеріне талдап, бастауыш қай сөз табынан екендігін анықтаңыз.

2. а) Толықтауыштың сұрақтары қандай?

ә) Сөйлем құрып, толықтауышқа сұрақ қойып, қай сөз табынан екенін анықтаңыз.

3. Адам білімнің көмегімен табиғат күшін өзіне қызмет еткізеді.

а) Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.

ә) Сөйлемнің жақты не жақсыз екенін анықтаңыз.

4. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша жағдайына 3 мысал келтіріңіз.

5. Күрделі анықтауышқа үш сөйлем жазыңыз.

6. «Қалақай жапырақтары» мәтініне байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жатқа жазыңыз. (15 сөз бен сөз тіркесі)

2 нұсқа.

1. а) Есімді тіркестерге төрт сөйлем құрыңыз.

ә) Сөйлем мүшелеріне талдап, бастауыш қай сөз табынан екендігін анықтаңыз.

2. а) Анықтауыш деген не?

ә) Сөйлем құрып, анықтауышқа сұрақ қойып, қай сөз табынан екенін анықтаңыз.

3. а) Сөйлем құрып, сөйлем мүшелеріне талдаңыз.

ә) Сөйлемнің жақты не жақсыз екенін анықтаңыз.

4. Тура толықтауыш пен жанама толықтауышқа 2 сөйлем құрыңыз.

5. Жақсыз сөйлемге мысал келтіріңіз.

6. «Адам қаңқасы» мәтініне байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жатқа жазыңыз. (15 сөз бен сөз тіркесі)

3 нұсқа.

1. а) Еркін тіркеске төрт сөйлем құраңыз.

ә) Сөйлем мүшелеріне талдап, пысықтауыштың қай сөз табынан екендігін анықтаңыз.

2. а) Баяндауыш деген не?

ә) Сөйлем құрып, баяндауышқа сұрақ қойып, қай сөз табынан екенін анықтаңыз.

3. Бүгін табиғат қорғаушылар қала бағына ағаштар отырғызды.

а) Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.

ә) Сұраулы сөйлемге айналдырыңыз.

4. Жақты сөйлемге мысал келтіріңіз.

5. Тура толықтауышқа үш мысал жазыңыз.

6. «Қызыл мия» мәтінінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жатқа жазыңыз. (15 сөз бен сөз тіркесі)

ҚОЛДАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]