Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пән: қазақ тілі

Кафедра: тілдер

Курс І

43 тақырып: Қайталау

Құрастырушы: аға оқытушылар Абдуллина Л.Н., Сәбитбекова М.М., Ербатыр Б.Ө., оқытушы Утаргалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Қайталау.

МАҚСАТЫ: Тапсырмалар арқылы өткен материалдарды пысықтау.

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ (МӘСЕЛЕЛЕРІ) СҰРАҚТАРЫ: диалог, мәтін құрастыру, түсіндіру, талдау.

1 –тапсырма. «Тыныс органдарының аурулары» диалогін толықтырыңыз.

- Сіздің қай жеріңіз ауырады?

- Жөтелем, кеудем шаншиды.

- ... ?

- Ауырғаныма бір ай болды.

- ... ?

- Ауруханада өкпенің қабынуын емдеді.

-... ?

- Жалпы жағдайым жақсарғаннан кейін үйге шығарды.

- ... ?

- Денемнің қызуы көтеріледі, кеш мезгілінде тоңып, қалтыраймын. Құрғақ, ұстамалы жөтел мазалайды және ентігемін.

- ... ?

- Қазір денемнің қызуы біраз төмендеді, демалуым жеңілдеді, қақырық түседі.

- ... ?

- Иә, қақырықтың сасық иісі бар.

    1. - Тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.

Ауру кірді, әлек кірді.

Ауруды елемеген өледі, дауды елемеген төлейді.

Сырқат – тән жарасы, қайғы – жан жарасы.

Тер шықпаған кісіден дерт шықпайды.

3 – тапсырма. Мәтіндегі сөздерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

Дастарханға қойылатын көкөністі жақсылап жуу керек. Арыңды жасыңнан сақта. Тағамның қайнауын қадағалаңыз. Бүгінгі істейтін шаруаны ертеңге қалдырмаңыз. Талабы таудай. Достарыңды қадірлей біл.

4 - тапсырма. Тірек сөздерді қолдана отырып, «Адам ағзасы» тақырыбына мәтін құрастырыңыз.

Күрделі, мүшелер, кеуде қуысы, жүйелер, ас қорыту жүйесі, тыныс алу жүйесі, оттегін сіңіреді, қаңқа мен бұлшық ет, қан айналымы, қос бүйрек, жұп мүше, жүрек қақпақшалары.

ҚОЛДАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе,

2005. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Сөз тіркесі.

2. Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.

3. Сөйлем мүшелері.

4. Жай сөйлемдердің сөйлем мүшелеріне қарай бөлінуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]