Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 42 тақырып: Қайталау.

Құрастырушы: аға оқытушылар Сәбитбекова М.М., Ербатыр Б.Ө.,

Абдуллина Л.Н., оқытушы Утарғалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Қайталау.

МАҚСАТЫ: Жаттығулар орындау арқылы өткен материалдарды еске түсіріп, пысықтау

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ (МӘСЕЛЕЛЕРІ) СҰРАҚТАРЫ:

1. Сөз тіркесі.

2. Сөз тіркесінің түрлері.

3. Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.

4. Сөйлем мүшелері

5. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш пен баяндауыш арасына қайылатын сызықша .

6. Тұрлаусыз мүшелер.

7. Толықтауыш.

8. Анықтауыш

9. Пысықтауыш

10. Жай сөйлемдердің сөйлем мүшелеріне қарай бөлінуі .

11. Жақты сөйлем

12. Жақсыз сөйлем.

13. Толымды сөйлем.

14. Толымсыз сөйлем

1 – жаттығу. Берілген сөз тіркестерімен жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін құрыңыз.

Талапты жас, жиырма бірінші ғасыр, сабақты жақсарту, хат жазу, ақырын жүру, қой көзді, ақталған сенім.

2 - жаттығу. Көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Әр мүшенің астын тиісті шартты белгісімен сызып отырыңыз.

Вагон іші жылы, жарық екен. Темір пеш жанып тұр. Аккумулятордың қуаты білте шамнан әлдеқайда жарығырақ көрінді. Салт аттылардың үстеріндегі қарды қағуға жігіттер көмектесіп жатыр. Жақаң қара терге түсіпті. Шикіл сары жүзі қызарып кеткен. Жігіттер вагон ішінде қаз-қатар түрегеп тұр. Араларында аспазшы екі қыз бар екен. (З.Иманб.)

3 - жаттығу. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне 4 мысал келтіріңіз.

4 - жаттығу. Өткен мәтіндерді еске түсіре отырып, берілген сөйлемдерді толықтырып, көшіріп жазыңыз.

Әрбір .... белгілі қызмет атқарады. Адамның кеуде .... өкпе, жүрек орналасқан. .... қуысында зәр шығару, көбею мүшелері орналасқан. Қаңқа әртүрлі сүйектерден құралған ... . Сүйектерге .... бекиді. Зәр шығару жүйесіне бүйрек, несепағар, .... жатады. Жүйке жүйесі мүшелердің .... реттейді. Тыныс алу жүйесінде оттегін сіңіру және көмірқышқыл газын бөлу процесі ... . Ас .... арқылы өңешке, асқазанға барады.

5 - жаттығу. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз, орыс тіліндегі фразеологиялық баламасын табыңыз.

1) Екі өкпесін қолына алу; 2) табанын жалтырату; 3) төбе шашы тік тұру; 4) екі езуі екі құлағына жету, 5) мойны жар бермеу; 6) көзді ашып жұмғанша.

ҚОЛДАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004ж. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005ж. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003ж, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003ж.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Сөз тіркесі.

2. Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.

3. Сөйлем мүшелері.

4. Жай сөйлемдердің сөйлем мүшелеріне қарай бөлінуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]