Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 41 тақырып: Жалаң және жайылма сөйлемдер. «Бронхит» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушы Сәбитбекова М.М.,

оқытушы Утарғалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер. «Бронхит» мәтіні.

Мақсаты: Жай сөйлемнің түрлері туралы мағлұмат беріп, олардың жасалуын меңгерту, жаттығулармен жұмыс жасау арқылы бекіту.

ТАҚЫРЫПТЫҢ Негізгі (МӘСЕЛЕЛЕРІ) сұрақтары:

Жай сөйлемнің жалаң және жайылма болуы тұрлаусыз мүшелердің қатысуы-қатыспауына байланысты.

Кейбір жай сөйлемдердің құрамында тұрлаусыз мүшелер болмайды. Мысалы: Үй іші тым-тырыс. Аман сенбісің? Бұлар жүріп кетті (Ә.Ш.).

Тұрлаусыз мүшелер қатыспаған жай сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Жалаң сөйлем құрылысына қарай жақты да, жақсыз да сөйлем болуы мүмкін. Мысалы: Біз екеу едік. Кіруге бола ма?

Жайылма сөйлем тұрлаусыз мүшелердің қатысы арқылы жасалады. Мысалы: Бүгін аспан бұлтсыз.

Тұрлаусыз мүше қатысқан жай сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Жайылма сөйлемдер де құрылысына қарай жақты не жақсыз бола береді. Мысалы: Асқардың Айнұрға соққысы келеді.

1 – жаттығу. Берілген сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырыңыз.

Әкем келді. Біз барамыз. Дәрігер қабылдады. Әсия сатып алды. Біз қуандық.

2– жаттығу. Жалаң және жайылма сөйлемдерді екі бағанға бөліп жазыңыз.

Қартқожа сөйлеп тұр. Қартқожа көгалда отырған ақсақалдарға бұрылды. Ардақ ешуақытта мұндай қуанған емес. Ол әжесін көптен көрмеген еді. Дәрігер қабылдап жатыр.

3– жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.

бронхтардың қабынуы, тыныс жүйелері, құрғақ жөтел, іріңді қақырық, ыстығы көтерілу, кейбір факторлар.

4 – жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз.

Емдеу шаралары:

1. Қабыну процесін антибиотиктермен, сульфаниламидтермен емдеу керек.

2. Бронх өткізгіштігін жақсартатын, оларды кеңейтетін, сол сияқты қақырықты сұйылтқыш дәрі-дәрмектер берілуі тиіс (термопсис, алтей, әр түрлі бронхолитиктер).

3. Әр түрлі физиотерапевтік емдеу (қышадан бастап).

  1. Егер асқынған жағдайда, олардан басқа да қосымша емдеу қабылдануы тиіс.

  2. Әр түрлі физиотерапевтік емдеу (қышадан бастап).

  3. Егер асқынған жағдайда, олардан басқа да қосымша емдеу қабылдануы тиіс.

Оқыту Әдістері: проблемалық әдіс, түсіндіру, жаттығулармен жұмыс.

Қолданылатын Әдебиеттер:

1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004ж. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005ж. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003ж, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003ж.

Бақылау сұрақтары:

Диктант.

Бронхтардың қабынуы, созылмалы, тыныс жүйелері, құрғақ жөтел, іріңді қақырық, әсер ету, салқын тию, шаршап-шалдығу, темекі тарту, ішімдік ішу, созылуы мүмкін, өкпе ұлпасы, ентігу, тыныс алу, байқау, ерні кезеру, сырыл естіледі, емдеу нәтижесі, сауығып кетеді, емдеу шаралары, қабыну процесі, қақырықты сұйылтқыш, дәрі-дәрмектер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]