Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандық: жалпы медицина, стоматология

Пән: қазақ тілі

Кафедра: тілдер

Курс І

38 тақырып: Жақты, жақсыз сөйлемдер. «Тіс тасы» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушы Сәбитбекова М.М.,

оқытушы Утарғалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Жақты және жақсыз сөйлемдер. «Тіс тасы» мәтіні.

Мақсаты: Жай сөйлемдердің сөйлем мүшелеріне қарай бөлінуін түсіндіру. Жақты және жақсыз сөйлемдер туралы мағлұмат беру.

Өткізілу түрі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тіл дамыту.

Бастауышы бар, ол кейде айтылмай тұрса да, баяндауышы арқылы тауып алуға болатын сөйлемді жақты сөйлем дейміз. Мысалы: Арыңды жасыңнан сақта. Бұл жерден аман-есен өттік.

Бастауышы жоқ белгісіз жақты сөйлемдердің баяндауыштары әдетте жекеше 2,3 жақтарда тұрғанымен, нақты сол жақтарды білдірмейді де, сондықтан бастауыштары да болмайды.

Атау тұлғада тұрған бастауышы жоқ және оны баяндауышы арқылы тауып алуға болмайтын сөйлемде жақсыз сөйлем дейміз. Мысалы: Оған таңдануға болмайды. Сабаққа кешігуге болмайды.

Жақсыз сөйлемнің бір ғана тұрлаулы мүшесі яғни баяндауышы ғана болады.

Жақты сөйлем

        1. Бастауышы бар жақты сөйлем:

Біз экскурсияға бардық

Бастауыш баяндауыш

Біз бардық

Кім?

Қайда? – экскурсияға

        1. Бастауышы түсіп қалып айтылған жақты сөйлем:

Бұл көпірден аман-есен өттік.

Қалай? – аман-есен Қайдан? – көпірден

Қай? - бұл

Жақсыз сөйлемдер

Мысалы

Баяндауыш формалы

Жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келер

Жұрт мақтарлық атақты таққым келеді.

а) тәуелдік жалғаулы қалай рай және кел етістігі

Бірлесіп кітап оқуымыз керек.

Бұл жерде суға түсуге жарамайды

ә) тұйық етістік (атау, барыс септік) бол, жара, керек, тиіс, лайық, мүмкін, жөн, сөздері.

Саған аздап досыңның желігін басуға тура келер.

б) тұйық етістік (барыс септік) тура келеді (келер, келді)

Қолым тимейді. Ымырт жабылды.

в) идиомалық сөйлемдер.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1 –тапсырма. Көшіріп жазып, жақты, жақсыз сөйлемдерді айырыңыз.

Атам көкөніс өсіреді. Қарбыздар тәтті болды. Білмегенді сұраудан арланбау керек. Сіз қайда тұрасыз? Лекция болып жатыр. Амал не, көнуге тура келеді. Қорқудың керегі жоқ.

2 – тапсырма. Жақты сөйлемдер жасаңыз.

Сіздер, әркім, бұл, өзім, екеуміз, аспан, Нұргүл, келгендер.

3 – тапсырма. Атаулы, жақты, жақсыз сөйлемнің түрлеріне айырыңыз.

1. Жай басып Төлеп келеді (Ерубаев). 2. Тоғай. Егін. Шалғын. (Ғ.Мұст.). 3. Тамыз айы. 4. Есіл өзенінің бойы. 5. Еңбек ет те, міндет ет (Мақал). 6. Ексең егін, ішерсің тегін. 7. Мінін көріп безгенше, мінін алып түзе (Ғ.Мұст.). 8. Болмас іске болат бол. 9. Айтпасқа тағы болмайды. 10. Айтуға болмайды. 11. Қуанышты жасыруға болмайды.

4-тапсырма. Болашақ тіс дәрігері ретінде пациентіңізге тіс тасының пайда болу себептерін айтып беріңіз.

5-тапсырма. Төменде орыс тілінде берілген мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Некоторые думают, что врачи, снимая зубной камень, может повредить зуб.

Наоборот, оставляя зубной камень, мы наносим большой вред десне и ткань. На зубном камне задерживается слизь, зубной налет, насыщенный микробами.

Если в полости рта зубного камня немного, то не возникает никаких болевых ощущений. Но в дальнейшем, когда над десной уже можно видеть отложение зубного камня появляется зуд, кровоточивость, неприятный запах изо рта, углубляются десневые карманы, нарушается кровоснабжение ткани вокруг корня и десен. Здоровые зубы начинают расшатываться.

Помните, что удаление зубного камня может устранить только врач-стоматолог.

Әдебиеттер:

1. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

1. Бастауышы бар жақты сөйлем туралы айтып, мысал келтіріңіз.

2. Бастауышы түсіп қалып айтылған жақты сөйлем туралы мысал келтіріңіз.

3. Жақсыз сөйлемнің баяндауыш формаларына мысалдар келтіріңіз.

4. «Тіс тасы» мәтіні бойынша түсінгеніңізді қысқаша дәптерге жазыңыз.

5. Қазақ тілінде «тіс» сөзіне қатысты «сары тіс» деген фразеологиялық тіркес бар. Ол жасы келген, егде деген мағына береді және ер адамға қатысты айтылады. Осы тіркеспен сөйлем құрыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]