Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Жүректің құрылысы

Жүрек кеуде қуысының сол жағына жақын орналасады. Ересек адамның жүрегінің салмағы 250-300 г. Жүрек бірнеше қабаттан тұрады. Бірінші қабаты өте жұқа қабықша эпикард деп аталады. Екінші қабаты бұлшық еттерден тұрады. Мұны миокард деп атайды. Үшінші қабаты жүректің ішкі жағы, оны эндокард деп атайды. Бұл қабаттың астында өте көп жүйке талшықтары орналасқан.

Адамның жүрегі төрт бөліктен тұрады: екі құлақша, екі қарынша. Құлақшалар мен қарыншалар қақпақшалар арқылы байланысады. Қақпақшалар тек қарынша жаққа ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды, сондықтан ол кері қарап ақпайды, үнемі алға қарай ағады.

Жүректің жұмысы өте күрделі. Жүрек жұмысы үш кезеңнен тұрады: құлақшаның жиырылуы, босаңсуы және үзіліс. Жүрек жиырылғанда өзінен қанды айдайды. Босансу және үзіліс кездерінде жүрекке қан келіп, оның құлақшалары қанға толады және жүрек тынығады.

Ересек адамның жүрегі минутына 70-75 рет жиырылып босаңсиды. Мұны жүректің жұмысы немесе соғуы дейді. Егер жүрек жылдам соқса, онда қан жылдам айналады. Жүректің соғуы адамның денсаулығына, еңбек етуіне, айналадағы жағдайларға және тағы басқа әсерлерге байланысты. Адам ұйықтағанда жүрегі баяу соғады, ал дене еңбегі кезінде жылдам соғады. Жүректі кардиология ғылымы зерттейді.

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: түсіндіру, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, талдау.

Әдебиеттер:

1. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жай сөз тіркесі дегеніміз не? Мысал келтір.

  2. Күрделі сөз тіркесі дегеніміз не? Мысал келтір.

  3. Жүректің құрылысы туралы толық баяндаңыз.

  4. Мәтіннен үзіндіні орыс т іліне аударыңыз.

Ересек адамның жүрегі минутына 70-75 рет жиырылып босаңсиды. Мұны жүректің жұмысы немесе соғуы дейді. Егер жүрек жылдам соқса, онда қан жылдам айналады. Жүректің соғуы адамның денсаулығына, еңбек етуіне, айналадағы жағдайларға және тағы басқа әсерлерге байланысты. Адам ұйықтағанда жүрегі баяу соғады, ал дене еңбегі кезінде жылдам соғады. Жүректі кардиология ғылымы зерттейді.

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандық: жалпы медицина, стоматология

Пән: қазақ тілі

Кафедра: тілдер

Курс І

4 тақырып: Тұрақты сөз тіркесі. «Жүректің құрылысы» мәтіні.

Құрастырушылар: аға оқытушылар Ербатыр Б.Ө.,

Сәбитбекова М.М.,

Абдуллина Л.Н., оқытушы Утаргалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010 ж.

Тақырыбы: Тұрақты сөз тіркесі. «Жүректің құрылысы» мәтіні.

Мақсаты: Тұрақты сөз тіркесі (фразеологиялық тіркестер) туралы түсінік бере отырып практикалық жұмыстар жүргізу арқылы бекіту.

ТақырыПтың негізгі сұрақтары:

  1. Тұрақты сөз тіркесі.

2. Тұрақты сөз тіркестерінің ерекшеліктері.

Тіл арқылы қатынас жасағанда, сөздер дара күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады. Тіркес екі түрде болады. Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен алмастыруғы бола беретін еркін тіркес. Мысалы: Үлгілі бала дегеннің орнына үлгілі қыз деуге болады. 2. Мағынасы бір тұтас, құрамын өзгертуге, басқа сөззбен алмастыруға болмайтын, бір сөздің орнына ғана жұмсалатын да тіркестер бар. Мысалы: қой аузынан шөп алмас, жұмған аузын ашпау деуге болады.

Еркін сөз тіркесі мен тұрақты тіркесін салыстырып көрейік.

Сөз тіркесі

Тұрақты тіркес

1. Таза дәптер, таза киім, әдемі дәптер, әдемі өйлек.

2. Әдепті оқушы, әдепті кісі, баланың ісі, үлкеннің ісі

Тайға таңба басқандай (анық), біреудің ала жібін аттамау (ұрламау).

Жүрек жұтқан (батыр), қоян жүрек (қорқақ).

Неше сөзден құралса да, тұрақты тіркес бір ғана ұғымды білдіреді. Сөйлем ішінде бір ғана мүшенің қызметін атқарады. Мысалы: көзі ашық.

Орын жағынан әбден қалыптасқан, құрамы өзгертуге келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданылатын тіркесті тұрақты тіркес дейміз. Тұрақты тіркестер ғылым тілінде фразеологизм деп аталады.

ТҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1 – тапсырма. Мына тұрақты тіркестерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

Тайға таңба басқандай, көзге түртсе көргісіз, қас пен көздің арасында, қас қарайды, ат төбеліндей, қырғи қабақ, төбесі көкке жету, күлін көкке ұшыру, қуанышы қойнына сыймау.

2 –тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз. Тіркестерді табыңыз.

1. Сердце расположено в грудной полости. 2. Его масса у взрослого человека составляет 250-300 г. 3. Строение сердца соответствует его функции. 4. Сердце у человека состоит из двух предсердий и двух желудочков. 5. Из желудочков кровь выталкивается в сосуды. 6. Сокращение желудочков продолжается приблизительно 0,3 с. 7. Каждый удар пульса соответствует одному сердечному сокращению.

3–тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен 3 (үш) сөйлем құрыңыз.

Менің жүрегім, денсаулығыңыз, жұмысы.

4–тапсырма. Төмендегі жүрек сөзіне қатысты сөздер мен сөз тіркестерін есіңізге сақтаңыз және сол сөздермен сөйлем құрыңыз.

жүректі – батыл, батыр, күшті

жүрексіз – 1. қайырымсыз (бессердечный), 2. қорқақ (трусливый)

жүрексіну – қорқу (робеть)

жүрегі жарыла қуану – қатты қуану

ақ жүрек – қайырымды (доброжелательный)

қара үрек – зұлым, қайрымсыз (жестокий) деген мағынаны білдіреді

5 – тапсырма. Төменде берілген М.Мақатаевтың «Жүректің арызы» өлеңін мәнерлеп оқып шығып, қалай түсінгеніңізді айтып беріңіз.

  • Оу, ием менің!

Өзіңнен бұрын жаралғам,

Алдымен - менмін,

Содан соң – сенсің жаралған.

Басың мен миың, ақылың, есің, қимылың,

Аяқ пен қолың - барлығы менен нәр алған.

Келеді сенің кей-кейде мені мұз еткің,

Бәріне көндім, қателігімді түзеттім.

Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңа

Айнымай соқтым, аялап сені күзеттім.

Жалындым саған жақыны бол деп баршаның,

Жан ием, Сенің жақсылығыңды аңсадым,

Өткіздім сені қаншама қауіп-қатерден

Ал енді, маған демалыс берші, шаршадым!..

  • Қақың жоқ сенің дем алуға, соқпауға,

Қарсы барамыз оқтарға, әлі оттарға

Қақым жоқ менің демалыс саған беруге,

Қақың жоқ сенің қалдырып мені тоқтауға!!!

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: проблемалық әдіс, баяндау, аударма.

Әдебиеттер:

  1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

  2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

  3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

  4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

  5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

  6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

  7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

1. Тұрақты сөз тіркесі деген не?

2. 5 мысал келтіріңіз.

3. Берілген сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құраңыз.

Жүректің құрылысы, құлақша, қарынша, жүректің жиырылуы, журек соғысы, кеуде қуысы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]