Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 37 тақырып: Жай сөйлемдердің сөйлем мүшелеріне қарай бөлінуі. Атаулы сөйлем. «Тіс тасы» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушы Ербатыр Б.Ө.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

ТАҚЫРЫБЫ: Жай сөйлемдердің сөйлем мүшелеріне қарай бөлінуі. Атаулы сөйлем. «Тіс тасы» мәтіні.

МАҚСАТЫ: Жай сөйлемдердің сөйлем мүшелеріне қарай бөлінуін түсіндіру. Атаулы сөйлем туралы мағлұмат беру.

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ (МӘСЕЛЕЛЕРІ) СҰРАҚТАРЫ:

  1. Жай сөйлем сөйлем мүшелеріне қарай нешеге бөлінеді?

  2. Атаулы сөйлем туралы айтыңыз. Мысал келтіріңіз.

Жай сөйлемдер сөйлем мүшелеріне қарай атаулы, жақты, жақсыз, толымды, толымсыз, жалаң және жайылма болып бөлінеді.

Атаулы сөйлем – ойды білдірмейтін, іс-оқиға жайында баяндамайтын, тек соған байланысты жағдайдағы (мезгіл, мекен, зат-құбылыс т. б.) атап көрсететін жай сөйлем. Атаулы сөйлем негізінен зат есімнен болады. Мысалы: Күз. Сіркіреп жаңбыр жауып тұр. (Н. Ғабд.)

  • Құрамы жағынан атаулы сөйлем жеке бір сөзден де, екі немесе одан да көп сөздердің

  • тіркесінен де бола береді. Мысалы: Жазық дала. Ызғырық жел бар. (Н. Ғабд.)

  • Мағынасы жағынан атаулы сөйлем мезгілді, мекенді, жағдайды және басқа да әр түрлі

  • заттың атын білдіреді. Мысалы: Ақтөбе. 2008 жыл. Оспанов атындағы Батыс

  • Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы.

  • Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді.

1 – жаттығу. Көшіріп жазып атаулы сөйлемдердің құрамын (қанша сөзден құралғанын) анықтап, астын сызыңыз.

1. Түн. Аспан – бұлт. 2. Дала. Бұлтты аспан. Сонау бел астыңда жаңа шахта құрылысы жатыр. 3. Аурухана. Алыстан машина келе жатыр. (С. Ер.). 4. Шаңқай түс. Жайлаудағы ауыл.

2 – жаттығу. Мәтіннен атаулы сөйлемдерді тауып көшіріңіз.

1. Таң атып келе жатыр. Шапақтаған таң сәулесі. 2. Хатшының кабинетінде техникалық мәжіліс. Хатшы арық орақ мұрынды қара жігіт, мәжілісті басқарып отыр. 3. Арқамыз – тау, алдымыз – теңіз, су жағасында біз отырмыз. Мен, Рақмет, Сейтен, Валентин. Ортамызда Төлеңгіт жыршы. 4. Отанның көмір алыбы жаңадан жасала бастаған шақ еді. Жаңа салынып жатқан көп үйлер. Бұл – қала. 5. Таң. Аспан – бұлт. 6. Түн. Бұл жатақхана. Бір бөлмеде алты төсек.

3–жаттығу. «Тіс тасы» мәтіні бойынша кездесетін төмендегі сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

Айналасы – вокруг ығыстыру – теснить, вытеснение

Бара- бара – со временем қысу – теснить, давить

Қатаю – затвердеть өзгеріске ұшырау – изменение (трансформация)

Түзілу – образование тығыз – плотно

Күлгін – фиолетовый тереңге бойлау – углубляться

Тітіркендіру – раздражать жасуша – клетка

4–жаттығу. Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Тісті үнемі тазарту, тісті үнемі щеткамен тазарту, тамақтанған соң, ауыз қуысын шаю, дұрыс орналасу, дұрыс орналаспау, пломба дұрыс қойылу, пломба дұрыс қойылмау, тамақ құрамы, тамақ құрамының дұрыс болмауы, әр түрлі дәрежеде, қызыл иек үстінде, қызыл иек астында, қабынуға әкелу, тістің босауы, тістің түсуі, эпителий жасушалары, бүкіл ағза, бүкіл ағзаны уландыру, бүкіл ағзаны зақымдау.

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: Проблемалық әдіс, түсіндіру, жаттығумен жұмыс.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004ж. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005ж. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003ж, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003ж.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Жай сөйлем сөйлем мүшелеріне қарай нешеге бөлінеді? Атап беріңіз.

  2. Атаулы сөйлем туралы айтыңыз. Мысал келтіріңіз.

  3. 3. Атаулы сөйлем негізінен қай сөз табынан болады? Мысал келтіріңіз.

4. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.

Ауыз қуысын шаю, тамақ құрамының дұрыс болмауы, қабынуға әкелу, бүкіл ағза, тістің түсуі, тамақ құрамы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]