Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Пародонтит

Пародонтит тісті қоршаған тіндердің қабынуы. Ол көбінесе 40 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Бұл тамақты дұрыс шайнамаудан болатын тіндердегі жарақаттар, ауыз қуысы тазалығын сақтамау және кейбір басқа да аурулар әсерінен пайда болады. Мұндай жағдайда тіс түбі ашылып, тіс босап, түсе бастайды. Қызыл иек қызарып қабынады, тіс айналасына «қалташықтар» пайда болады, сонымен қатар тіс беттерінде тас жиналады, тіс шөгінділері, қақтар пайда болады. Ауырған адам дер кезінде дәрігерге көрініп, емделсе, тез сауығып кетеді. Ол үшін тісті үнемі тазалатып, тіске жиналған тасты алдырту керек. Қызыл иекке дәрілер, физиотерапиялық емдер қолданылуы керек. Сондай-ақ осы ауруға себепкер болған басқа ауруларды да емдеу қажет. Мұндай кезде тері астына, бұлшық етке алой, В², В6, В12 витаминдерін егу пайдалы. Егер ауру асқынып кетсе, онда бұл босаған тісті жұлдыртып тастау керек.

Бұл аурудың алдын алу үшін тамақтан соң, тісті үнемі жақсылап тазартып, тіс арасында ас қалдықтарының қалмауын қадағалау қажет. Сондай-ақ мына әдісті де қолдануға болады: қызыл иекті тазартқан соң, тістердің арасынан таза жіңішке жіпті үнемі жүргізіп отыру керек. Алғашқы кезде қызыл иектен қан ағады, ал кейіннен қан ақпайтын және ауырмайтын болады.

2-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Пародонтит қандай ауру?

2. Бұл ауру кімдерде жиі кездеседі?

3. Бұл ауру неден пайда болады?

4. Аурудың белгілері қандай?

5. Науқас не істесе тез сауығады?

6. Қандай ем қолданылады?

7. Аурудың алдын алу үшін не істеу керек?

3-тапсырма. Пародонтитпен ауырған науқасқа дәрігер ретінде қандай ем тағайындайтыныңызды жазыңыз.

4-тапсырма. Диалогті толықтырыңыз.

- .......?

- Пародонтит тісті қоршаған тіндердің қабынуы.

- .......?

- Бұл тамақты дұрыс шайнамаудан болатын тіндердегі жарақаттар, ауыз қуысы тазалығын сақтамау және кейбір басқа да аурулар әсерінен пайда болады.

- .......?

- тіс түбі ашылып, тіс босап, түсе бастайды. Қызыл иек қызарып қабынады, тіс айналасына «қалташықтар» пайда болады, тіс беттерінде тас жиналады, тіс шөгінділері, қақтар пайда болады.

- .......?

- Ол үшін тісті үнемі тазалатып, тіске жиналған тасты алдырту керек.

- .......?

- Қызыл иекке дәрілер, физиотерапиялық емдер қолданылуы керек. Сондай-ақ осы ауруға себепкер болған басқа ауруларды да емдеу қажет. Мұндай кезде тері астына, бұлшық етке алой, В², В6, В12 витаминдерін егу пайдалы. Ауру асқынып кетсе, онда босаған тісті жұлдыртып тастау керек.

- .......?

- Бұл аурудың алдын алу үшін тамақтан соң, тісті үнемі жақсылап тазартып, тіс арасында ас қалдықтарының қалмауын қадағалау қажет. Сондай-ақ мына әдісті де қолдануға болады: қызыл иекті тазартқан соң, тістердің арасынан таза жіңішке жіпті үнемі жүргізіп отыру керек.

Әдебиеттер:

1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

1. Мезгіл пысықтауышқа мысал келтіріңіз.

2. Мекен пысықтауышқа мысал келтіріңіз.

3. «Пародонтит» мәтінінің мазмұнын өз сөзіңізбен айтып беріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]