Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандық: жалпы медицина, стоматология

Пән: қазақ тілі

Кафедра: тілдер

Курс І

36 тақырып: Мезгіл, мекен пысықтауыш. «Пародонтит» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушы Сәбитбекова М.М.,

оқытушы Утарғалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Мезгіл, мекен пысықтауыш. «Пародонтит» мәтіні.

Мақсаты: Мезгіл және мекен пысықтауыштар туралы жалпы түсінік.

Оқытудың мақсаты мен міндеттері: Студент осы тақырыпты меңгеру мақсатында сөйлем мүшелерінің қызметін білуі тиіс.

Өткізілу түрі: баяндау, бекіту жаттығулары, сұрақ-жауап.

Төмендегі ережелерді студенттерге оқытып, талдау және мезгіл, мекен пысықтауыш болатын үстеулерге сөйлем мен мысал келтіру.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

Сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің болу мезгілін, іске асу уақытын көрсететін пысықтауыш мезгіл пысықтауыш деп аталады. Мезгіл пысықтауыштың сұраулары: Қашан? Қай кезде? Қай уақытта? Қашаннан бері? Қашанға дейін? т.б.

Мезгіл пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер мезгіл үстеулері, зат есім, сын есім сөздер және бұрын, соң, кейін, әрі, бері, шейін, былай, бойы, т.б. шылаулар арқылы меңгерілген сөз тіркестері мен қашан? деген сұрауға жауап беретін басқа да сөз тіркестері сөйлемде күрделі мезгіл пысықтауыш қызметінде қолданылады. Мысалы: Сәл уақыттан кейін бұлар Қанаттың үйінде болмақ. Әбіш белгіленген мезгілден бұрын жүретін болды. (М.Ә.)

Мезгіл пысықтауыш болып, жиі жұмсалатын сөздерге: таңертең, әнеугүні, бүрсігүні, алдыңғы күні, әлдеқашан, кешқұрым, о бастан, ендігәрі, ешқашан, бірсыпыра, бірталай, әрқашан сияқты біріккен сөздер мен ертеңді-кеш, әлсін-әлсін, күндіз-түні, қысы-жазы, анда-санда, оқта-текте, кей-кейде, апақ-сапақта, жылма-жыл, күннен-күнге секілді қосарланған үстеулер де енеді.

Мекен пысықтауыш дегеніміз – қимылдың іс-әрекеттің бет алысын, шығу, жасалу орындарын білдіретін сөйлем мүшесі.

Мекен пысықтауыштың сұраулары: Қайда? Қай жерде? Қайдан? Қалай қарай? Қай жерге дейін? т.б. Мекен пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер, негізінде, мекендік үстеулер: жоғары, төмен, ілгері, кейін, соң (соңғы үш сөз шақтық мағынада да қолданылады), әрі, әрмен, бері, бермен, кері, ішкері, тысқары, сыртқары, алда, артта, соңында, бұлай, олай, тұс-тұстан, алды-арты, ерсілі-қарсылы, әрі-бері, жоғары-төмен, ілгері-кейін, жан-жақты, т.б.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1 – тапсырма. Берілген мәтінді оқып шығыңыз. Орыс тіліне аударыңыз. Ерекше дыбыстарға назар аударыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]