Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 35 тақырып: Қимыл-сын, себеп пысықтауыш. «Пародонтит» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушы Сәбитбекова М.М.

Ақтөбе 2010 ж

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

ТАҚЫРЫБЫ: Қимыл-сын, себеп пысықтауыш. «Пародонтит» мәтіні.

МАҚСАТЫ: Қимыл-сын, себеп пысықтауыш туралы жалпы түсінік, сұрақтарымен таныстыру.

ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ: Студент пысықтауыш түрлерін қатыстырып сөйлем құрай алуға тиіс.

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ (МІСЕЛЕЛЕРІ) СҰРАҚТАРЫ:

  1. Қимыл-сын пысықтауыш қалай жасалады?

  2. Себеп пысықтауыш туралы не білеміз?

Қимыл-сын пысықтауыш дегеніміз – істің, қимылдың қалай болғанын-болмағанын, сынын, мөлшерін білдіретін сөйлем мүшесі.

Қимыл-сын пысықтауыштың сұраулары: қалай? қайтіп? қалайша? кім арқылы? не арқылы? қанша? қанша рет? неше? неше рет? т.б.

Себеп пысықтауыш дегеніміз – қимыл, іс-әрекет процесінің болу себебін көрсететін сөйлем мүшесі. Себеп пысықтауыштың сұраулары: неліктен? неге? не себепті?

1 – жаттығу. «Пародонтит» мәтіні бойынша кездесетін төмендегі сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

Қоршаған – окружающий шайнау – жевать

Жарақат – повреждение; рана; травма босау – расшататься

Тіс шөгінділері – зубные отложение қақтар – налеты

Сауығу – выздоровление (поправиться) дер кезінде – во время

Тері асты – подкожно бұлшық ет – мышщы

Егу – прививка асқыну – обострение

Қадағалау – следить жіп - нитка

2 – жаттығу. Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Тіндердің қабынуы, 40 жастан асу, 40 жастан асқан адамдарда, жиі кездесу, тамақ шайнау, тамақты дұрыс шайнамау, ауыз қуысы тазалығы, ауыз қуысы тазалығын сақтамау, тістің түбі ашылу, тісі босау, қызыл иегі қызару, қалташық пайда болу, дер кезінде, тез сауығу, дәрілер қолдану, физиотерапиялық емдер қолдану, тамақтан соң тазарту, ас қалдықтарын қалдырмау.

3-жаттығу. Төмендегі сөз тіркестерін қатыстырып, қимыл-сын, себеп пысықтауыштары бар сөйлемдер құрастырыңыз.

Тамақтан соң тазарту, тісі босау, ауыз қуысы, дұрыс шайнамау, қызыл иегі қызару.

4-жаттығу. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген мақалдың мағынасын түсіндіріп беріңіз. «Ауырмайтын жол» дегенді қалай түсіндіресіз? Тамақтану туралы тағы қандай мақалдар білесіз?

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: жалпы таныстыру, жеке студенттермен жұмыс, проблемалық оқыту әдісі, тіл дамыту.

Әдебиеттер:

1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Қимыл-сын пысықтауышқа мысал келтіріңіз.

  2. Себеп пысықтауышқа мысал келтіріңіз.

  3. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен есіңізде қалғандарын жатқа жазыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]