Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 33 тақырып: Пысықтауыш. «Ауыз су» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушылар Сәбитбекова М.М., Ербатыр Б.Ө.,

Абдуллина Л.Н., оқытушы Утаргалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

ТАҚЫРЫБЫ: Пысықтауыш. «Ауыз су» мәтіні.

МАҚСАТЫ: Пысықтауыштың жасалу жолдарын түсіндіру.

ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ: Пысықтауыш туралы жалпы мәлімет. Сөздікпен жұмыс арқылы сөздік қорын толықтыру.

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ (МӘСЕЛЕЛЕРІ) СҰРАҚТАРЫ:

  1. Пысықтауыш дегеніміз не?

  2. Пысықтауыштың сұрақтары қандай?

  3. Пысықтауыштың жасалу жолдары.

Пысықтауыш – сөйлемде іс-оқиғаны мекен, мезгіл, сын-қимыл, мақсат жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше.

Негізгі сұрақтары: қайда? қашан? қашаннан бері? қалай? қайтіп? қалайша? неліктен? неге? не үшін?

ПЫСЫҚТАУЫШТЫҢ ТҮРЛЕРІ СҰРАҚТАРЫ

Мекен пысықтауыш қайда? қайдан? қалай қарай?

Мезгіл пысықтуыш қашан? қашаннан бері? қашанға шейін?

Қимыл-сын пысықтауыш қалай? қалайша? қайтіп?

Мақсат пысықтауыш не үшін? не мақсатпен? неге бола?

Себеп пысықтауыш неліктен? не себепті? неге?

ПЫСЫҚТАУЫШТЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ:

  1. Сөйлемде пысықтауыштың қызметін көбінесе үстеу атқарады. Мысалы: Біз ілгері жүріп кеттік.

  2. Барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөздер мекен, бет алыс, бағыт, мезгіл, сын-қимыл мағыналарын білдіріп, пысықтауыш болады. Мысалы: Қырман басынан (мекен) электр жарығы жымыңдайды.

  3. Мезгіл мәнді зат есімдер ыңғайына қарай пысықтауыш болады. Мысалы: Сол күні Тілеуқабыл түні бойы дөңбекшіп, әлденеден ұйықтай алмады.

  4. Септеулік шылаулы есім сөздер пысықтауыш болады. Мысалы: Күні бүгінге шейін бұл елдің жаз жайлауы – Қарақұм да, қыс қыстауы – Сыр бойы. (С.Шайм.) Абай халық үшін, халық Абай үшін алысады (М.Ә)

  5. Пысықтауыш етістіктің көсемше түрінен болады. Мысалы: Шешесі баласының бетінен мейірлене сипады.

  6. Еліктеуіш сөзден болады. Мысалы: Бұл сөзіме Шаймерден кеңк-кеңк күлді. (С.Сарғ.)

  7. Сын есімнен болады. Мысалы: Айнала жұрт сөзге қатты (қалай?) сүйсінді. (М.Ә)

  8. Кейде сан есімнен болады. Мысалы: Жанбота туды екі (қанша?) алды. (Ғ.М.)

  9. Есімдіктен болады. Мысалы: Шай әлдеқашан (Қашан?) жиналған. (С.Сарғ.)

1–жаттығу. «Ауыз су» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыз.

ақиқат – истина тараған – распространенный

жарамсыз – негодный; непригодный жетіспеу – нехватка; недостаток

қауіп – опасность ауырлық – трудность

астам – более соншалықты – настолько

өкілдері – представители тұщы су – пресная вода

зардап шегу – страдать тамшы – капель

есептеу – рассчитать кеме – пороход

көршілес – соседний сапа – качество

шөлмек – бутылка тіршілік – жизнь; существование

2–жаттығу. Пысықтауыштарды қатыстырып төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз. Оларға сұрақ қойыңыз.

Теңіздер мен мұхиттарды, ұлт өкілдері, жер шарында, судың тамшысы, бағалары әр түрлі, тірі ағза.

3–жаттығу. Көп нүктенің орнына пысықтауыш қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

Қар ... еріді. Бұл хабарды ... естідім. Ақсақалдар ... отыр. Ол мектепті ... бітірді. Әкем ... ашуланды. Бағдат ... сөйлеп отыр. Жолаушылар ... жүрді.

4–жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді пысықтауышпен толықтырыңыз.

Әділет есікті жапты. Асқар жоғары оқу орнына түсті. Қыс басталды. Мақсат қалаға келіпті. Мәжіліс төрағасы сөз сөйледі. Біз таныспыз. Аулада гүл өсіп тұр.

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: Сөздікпен жұмыс, сұрақ-жауап, проблемалық әдіс, баяндау.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004ж. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005ж. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003ж, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003ж.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Пысықтауыштың сұрақтары қандай?

  2. Пысықтауыштың жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

  3. Сөйлемдерді көшіріп жазып, пысықтауышты табыңыз.

Су – табиғатта ең көп тараған зат. Бірақ жер бетіндегі теңіздер мен мұхиттардың суы пайдалануға жарамсыз. Қазіргі кезде ауыз суының жетіспеу қаупі бар. Бұл жағдайдың ауырлығы соншалықты ЮНЕСКО жанынан құрамына 100-ден астам елдердің өкілдері кіретін су проблемасымен айналысатын арнайы комиссия құрылған.

  1. Суға байланысты төмендегі мақалдардың мағынасын түсіндіріп беріңіз.

        1. Қайғысыз қара суға семіреді

        2. Сыйлап берген су тәтті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]