Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандық: жалпы медицина, стоматология

Пән: қазақ тілі

Кафедра: тілдер

Курс І

32 тақырып: Анықтауыштың анықтайтын мүшемен байланысы. «Гигиена» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушы Ербатыр Б.Ө.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Анықтауыштың анықтайтын мүшемен байланысы. «Гигиена» мәтіні.

Мақсаты: Анықтауыштың анықтайтын мүшемен байланысын түсіндіру. Тіл дамыту.

Оқыту міндеттері: Анықтауышты жаттығулар арқылы меңгеру.

Анықтауыштың байланысу түрі:

  • Анықтауыш ілік септік түлғасында ашық я жасырын (түсіп қалып) түрінде келіп анықталатын сөзбен матаса байланысады;

  • Анықтауыш ешбір жалғаусыз айтылса, орын тәртібі арқылы анықталатын сөзбен қабыса байланысады;

Анықтауыш негізгі, туынды сын есімдерден, сан есімнен, есімдіктен, түбір тұлғалы зат есімнен, етістіктің есімше түрінен ілік септікті зат есімдер мен заттанған сөздерден болады.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

  1. Анықтауыш анықтайтын мүшемен матаса байланысуына мысал келтіру.

  2. Қабыса байланысу дегеніміз не?

1 – тапсырма. Анықтауыштың байланысын түсіндіріңіз. Төмендегі мақалдардың мағынасын ашыңыз.

  1. Ананың сүті бал, Баланың тілі бал.

  2. Баланың бас ұстазы – ата-ана.

  3. Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

2 – тапсырма. Берілген мәтінді орыс тіліне аударыңыз. Анықтауыштың байланысын түсіндіріңіз.

Гигиена

Гигиена ғылымы - өте ертеден келе жатқан ғылымдардың бірі. Гигиена (грек тілінде «дені сау») – денсаулық сақтау жөніндегі ғылым.

Ол адам ағзасына сыртқы ортаның әсері және аурулардан сақтану шараларын зерттейтін медицина ғылымының бір саласы. Гигиена мен санитария тығыз байланысты. Санитария өз жұмысын гигиена негізінде жүргізеді.

Адам көп уақытын көпшілік орындарда өткізеді. Сондықтан денсаулыққа ағзаны қоршаған орта жағдайлары әсер етпей қоймайды. Мұндай әсерлердің адам денсаулығы үшін пайдалы, пайдасыз жақтары болады.

Ішкі, сыртқы киімдерді ауыстырып таза ұстау, тісті, теріні күту, күнделікті тамақтың құрамына жеміс-көкөніс тағамдарын көбірек пайдалану жөнінде мағлұматтар тіпті ежелгі үнді заңында жазылған. Біздің заманымыздан бұрын 1500 жылдар шамасында Египетте, Хорезмде тазалық сақтау шаралары қолданылған. Санитария жағынан жақсы жабдықталған қалалар сол кездің өзінде болған. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ адам денсаулығын нығайтатын негізгі жағдайлар таза ауа және су екендігін сол кездің өзінде-ақ атап көрсеткен.

Қазір гигиена өмір талабына сай жеке гигиенасы, еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, әлеуметтік гигиена, тұрмыс гигиенасы болып бірнеше салаға бөлінеді.

Еліміздің ірі қалаларындағы медициналық университеттердің, академиялар мен институттардың арнайы кафедралары мен санитария және гигиена факультеттері бар.

3 – тапсырма. «Гигиена» мәтіні бойынша кездесетін төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Гигиена қандай ғылым?

  2. Санитария мен гигиенаның байланысы қандай?

  3. Адам көп уақытын қайда өткізеді?

  4. Қоршаған ортаның адамға әсері қандай?

  5. Ежелгі Үнді заңында не жазылған?

  6. Египетте, Хорезмде қашан, қандай шаралар қолданылған?

  7. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ нені атап көрсетті?

  8. Қазір гигиена қандай салаларға бөлінген?

4 – тапсырма. Оң жақтағы етістіктер мен сол бағандағы керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін жасаңыз.

жиі өткізу (нені?)

бірнеше салаға зерттеу (нені?)

сол кезде ауыстыру (қалай?)

сақтандыру шараларын бөліну (нешеге?)

уақытын жазылған (қайда?)

үнді заңында болған (қашан?)

Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Үлестірме материалдар:

Мәтін, тапсырмалар.

Бақылау сұрақтары:

  1. Анықтауыш дегеніміз не?

2. Төмендегі мақалдардың мағынасын ашыңыз:

Ананың сүті бал, Баланың тілі бал.

Баланың бас ұстазы – ата-ана.

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

3. Орыс тіліне аударыңыз:

Гигиена ғылымы - өте ертеден келе жатқан ғылымдардың бірі. Гигиена (грек тілінде «дені сау») – денсаулық сақтау жөніндегі ғылым.

Ол адам ағзасына сыртқы ортаның әсері және аурулардан сақтану шараларын зерттейтін медицина ғылымының бір саласы. Гигиена мен санитария тығыз байланысты. Санитария өз жұмысын гигиена негізінде жүргізеді.

Адам көп уақытын көпшілік орындарда өткізеді. Сондықтан денсаулыққа ағзаны қоршаған орта жағдайлары әсер етпей қоймайды. Мұндай әсерлердің адам денсаулығы үшін пайдалы, пайдасыз жақтары болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]