Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 29 тақырып: Толықтауыш болатын сөз табы. «Қызыл мия тамыры» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушылар Сәбитбекова М.М., Ербатыр Б.Ө.,

Абдуллина Л.Н., оқытушы Утаргалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

ТАҚЫРЫБЫ: Толықтауыш болатын сөз табы. «Қызыл мия тамыры» мәтіні.

МАҚСАТЫ: Толықтауыштың қай сөз табынан болатынын сызба арқылы меңгерту. Жаттығу жұмыстарын орындау барысында бекіту.

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ (МӘСЕЛЕЛЕРІ) СҰРАҚТАРЫ:

1. Толықтауыштың жасалуы.

2. Мысал келтіріңіз.

Толықтауыш зат есім мен есімдіктен атау мен іліктен басқа септік тұлғаларының бірінде тұрып заттанған өзге де сөз таптарынан (сан есім, сын есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері), негізгі сөздің туралы, жайында, жөнінде деген шылаулармен тіркесінен болады. Мысалы: Тәңірберген жаз бойы теңіз жағасын торуылдап кетті.

Сөз табы

Шарты

Мысалдар

Зат есім

кез келген

з.е.

Әлияның балалық шағы жақсылыққа толы (Х. Досп.).

Қолында өнері бардың аузында өлеңі бар (мақал).

Есімдік

Зат есім орнына қолданылатын

Оған аздап көмектесуге болады. Сен мұны аналарға сездірген жоқсың ба? (С. Сарғ.).

Сын есім

Заттану

Білімдіге дүние жарық. (Мақал)

Сан есім

- «» -

Он – екіге бөлінеді.

Етістіктің есімше, тұйық түрі

- «» -

Білгенге жол бос. (Абай).

Толық мағыналы сөз туралы, жөнінде, жайында шылаулары

- «» -

Сөз арасында «КС-3» комбайны жайында сұрап қалдым. (С. Сарғ.). Бақыт туралы әркім әр түрлі түсінеді. (С. Бақ.).

1 – жаттығу. Тиісті сұрау қою арқылы толықтауышты тауып, астын сызыңдар, олардың қай септікте тұрғанын анықтаңдар.

1. Мектептің алдында құжынап көрінген балалардан көз тұнғандай. 2. Асқақтата шырқалған ән құлаққа саңқылдап анық естіледі. 3. Сәлкен де қартпен қатты қол қысысып амандасты. 4. Сөзіңіздің адал ниетпен айтылып тұрғанын ұғамын. 5. Сәлкен, мен саған бір шаруамен келіп тұрмын. 6. Шаруаңызды айтыңыз. 7. Мені сиыр фермасына жіберші. Сиыр бағуға қиналмаймын. 8. Тілегіңізді қабыл алдым. 9. Жылқы күзетіне басқа біреуді қоямыз. 10. Мен енді көшудің қамына кірісейін. (А. Байт.).

2 – жаттығу. «Қызыл мия тамыры» мәтіні бойынша кездесетін төмендегі жаңа сөздерді жаттап алыңыз.

қызыл мия тамыры – корни солодки

жиынтық – сбор

ықпал ету – влиять, помогать

астам – более

бойын сергітетін – тонизирующий

кез келген – любой

қақырық түсіретін – отхаркивающий

асқыну – осложнение

несеп жүргізетін – мочегонный

ұзақ жасау – долголетие

дертті бөсеңдететін – болеутоляющий

зиянды заттар – шлак

тыныс жолдары – дыхательные пути

ісік – опухоль

қуық – мочевой пузырь

сусамыр – диабет

тік ішек – прямая кишка

3 – жаттығу. Берілген мәтінді оқып шығыңыз, толықтауыштарды табыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]