Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандық : жалпы медицина, стоматология

Пән: қазақ тілі

Кафедра: тілдер

Курс І

24 тақырып: Бірыңғай баяндауыштар. «Дәрі және оның түрлері» мәтіні.

Құрастырушы:

аға оқытушы Сәбитбекова М.М.

Ақтөбе 2010 ж.

Тақырыбы: Бірыңғай баяндауыштар. «Дәрі және оның түрлері» мәтіні.

Мақсаты: Бірыңғай баяндауыштар туралы мәлімет бере отырып, оны жаттығулар орындау барысында пысықтау.

Бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет атқарып, бір ғана мүшемен байланысатын екі я одан көп мүшелерді бірыңғай мүшелер дейді. Бірыңғай мүшелер көбінесе тұлғалас болып келеді де, өзара салалас, бірде жалғаулықтар арқылы, бірде жалғаулықсыз дауыс ырғағымен байланысып, бір ғана мүшеге қатысты болады. Сөйлемнің барлық мүшесі де: бастауыш та, баяндауыш та, пысықтауыш та, анықтауыш та, толықтауыш та бірыңғай мүше бола алады. Мысалы: Ақылбек әбден алқынды, аласұрды, жұлқынды, әлі құруға таянды.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1-тапсырма. Бірыңғай баяндауыштарды табыңыз.

«Шұғыла» бригадасындағылар шетінен өнерлі жастар екен. Ысмағұлова Рақима - әрі әнші, әрі биші, әрі домбырашы. Қарабасов Қайыр – боксшы, суретші, әнші, ақын. Ерлік – бүгінгі өмір талабы. Қыздардың алғашқы ерлігі күзеттен басталады. Түн не қойыңды, не өзіңді жұтып қоятын сияқты. Біз осындай үрейді жеңдік. Өз бойыңдағы үрейді, сенімсіздікті жеңе білу – ең үлкен ерлік екен. («Дала дауылпаздары»).

2-тапсырма. «Дәрі және оның түрлері» мәтіні бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

        1. Дәрі деген не?

        2. Дәрі қашаннан бері белгілі?

        3. Дәрілер қашаннан белгілі?

        4. Фармокология ғылымы қашан дамыды?

        5. Дәрілер жасалуына қарай неше топқа бөлінеді?

        6. Дәрілер қолданылуына қарай қалай бөлінеді ?

        7. Дәрілер қай жерде жасалады, қайда сақталады?

3-тапсырма. Оң бағандағы етістіктер мен сол жақтағы керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін құраңыз.

Фармакология сақтандыру (неден?)

Дәрілер жазылған (қайда?)

Жетіге шығарылу (нелер?)

Тоңазытқышта бөліну (нешеге?)

Аурудан жасау (неден?)

Тірі ағзадан даму (не?)

Гален еңбектерінде сақтау (қайда?)

4-тапсырма. Дәрі тақырыбына байланысты бірыңғай баяндауышты үш сөйлем құраңыз.

Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тіл дамыту.

Әдебиеттер:

1. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

  1. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

  2. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

1. Бірыңғай баяндауыштарға мысал келтіріңіз.

2. Жаңа сөздерді жатқа жазыңыз.

3. «Дәрі және оның түрлері» мәтіні бойынша жұптасып сұхбат құрыңыз.

4. Дәрі туралы өз пікіріңізді айтыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]