Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 21 тақырып: Баяндауыш болатын сөз таптары. «Тұз» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушылар Сәбитбекова М.М., Ербатыр Б.Ө.,

Абдуллина Л.Н., оқытушы Утаргалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Баяндауыш болатын сөз таптары. «Тұз» мәтіні.

Мақсаты: Баяндауыш болатын сөз таптары туралы мәліметтер бере отырып, оларды жаттығулар орындау барысында пысықтау.

Тақырыптың негізгі (мӘселелері) сұрақтары:

1. Баяндауыш болатын сөз таптары.

2. Етістіктен болатын баяндауыштар.

3. Есім сөзден болатын баяндауыштар.

Баяндауыш болатын сөз таптары:

1. Баяндауыш көбінесе етістіктен болады. Шопандар қалашығында электр шамы жарқырайды. (Б. Дәул.) Біз ұшқыш болуға уәделесіп қойғанбыз. (Қ. Тол.) Жәке, тоқтай тұрыңыз. ( Ғ. М.) Жаңа техникамен өнімді еңбек етуге болады. Оқушылардың ең басты міндеті – жақсы оқу.

2. Баяндауыш есім сөздерден де болады:

Зат есім. Дәрігер – ардақты мамандық. (З. Иманб.)

Сын есім. Біздің қатарымыз болаттай берік. Күн шайдай ашық. Тау жақтан

ескен самалдың лебі салқын. (Қ. Тол.)

Сан есім. Бұлар он бес. (С. Сарғ.)

Есімдік. Біздің қақпан әне. Нағыз теңіз романтикасы деген осы.

Қызылшаның биылғы бабы қалай? («Тербеледі тың дала»)

Әр тарап сөздер. Ол кезде қазіргідей шеберхана жоқ-ты. (С. Сарғ.). Қазір ол үйде кітапхана бар. (С. Шайм.).

1 - жаттығу. Көшіріп жазып, тұрлаулы мүшелердің астын сызыңыз да, баяндауыш қай сөз табынан екендігін тиісті сұрақ қоя отырып айтыңыз.

Ауыл әлі ұйқыда. Бір-екі әйел сиыр, уақ малдарын өріске ұзатып барады. Тау өзенінің сарқырама шуылы құлаққа анық жетіп тұр. Таудан ескен таңғы жел ызғарлы-ақ. Алыстан мотор үні талып естіледі. Дала тіршілігі енді-енді басталғалы тұр. (Ө. Күмісбаев)

2 - жаттығу. Берілген мақал-мәтелдердің баяндауыштарын өздерің ойлап табыңдар да, қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңдер.

1. Ердің сыншысы - ... . 2. Ерді намыс ... . 3. Палуанға оң-терісі ... . 4. Көп - ... терең - ... . 5. Өнерді өрге ... . 6. Өнерлінің өрісі ... . 7. Көп сөз - ... , аз сөз - ... . 8. Жердің сәні - ... .

3 - жаттығу. 5 сөйлем құрып, баяндауыштардың қай сөз табынан екенін көрсетіңіз.

4 – жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтыңыз.

Тұз

Тұзды еліміз ерте кезден-ақ емдік қасиетке пайдаланып келді. Сәбиді «шыр» етіп дүние есігін ашқаннан бастап күн аралатып, бір жасқа толғанша тұзды суға түсіретіні тегіннен-тегін дейсіз бе?! Халқымыз тұздың денені ширатып, жарақаттардың тез бітуіне септігін тигізетінін таланымен танып білген.

Тәттіні көп пайдаланғаннан болатын шілдеқотыр (диатез) ауруына ас тұзы мен қаратікен тұздың қайнатпасы - мың да бір ем. Қосынды қайнатпаны күніне бір-екі рет денеге жағып, өсімдік майымен майлаған жөн.

Дәріден асқынып, аллергияға шалдыққан адамның тұзды суға түскені құба-құп. Тұзды су ет пен терінің арасындағы желқұзды сорып алады. Терінің сыртындағы бөртпе түріндегі аллергияға да тұзды суды пайдаланудың еш зияны жоқ. Сырқат суға түсуге шыдамаса, денесін ерітіндімен сүртіп, артынан өсімдік майымен сылама жасауы керек.

Тұз аяқтың шуашына дәру болады. Тұзды суға аяқты ең кемі бір сағат малған тиімді. Теріні күйдіреді дегеннен қорықпау керек. Маусымның бір айында немесе әр айдың бір аптасында осы емді қайталаған орынды.

Адамның терісін түрлендіріп, қол-аяққа түсетін күсқұрт ауруына шалдыққандарға да осы тұзды су пайдалы. Әйелдерде кездесетін түрлі сырқаттарға тұз кенінен шығатын су көздері шипа болмақ. Тұздыққа маусым, шілде айында ғана түсу керек. Мұндай тәуіптік тұздықтарға жеті күн шомылса, жетіп жатыр. Тұздан кейін сәскелік немесе күн еңейген мезгілде үш күн 15-20 минуттан құмбұлау қабылдауға болады.

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: түсіндіру, сұрақ-жауап, проблемалық әдіс.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН Әдебиеттер:

1. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

1. Баяндауыш қандай сөз таптарынан болады?

2. Етістіктен болатын баяндауыштарға мысал келтіріңіз.

3. Есім сөздерден болатын баяндауыштарға мысал келтіріңіз.

4. «Тұз» мәтінінен баяндауыштарды тауып, қай сөз табынан екенін анықтаңыз.

5. «Тұз» мәтінінің соңғы екі абзацын орыс тіліне аударыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]