Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 19 тақырып: Баяндауыш туралы түсінік. «Тұмау індетінің алдын алу және одан сақтану» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушылар Сәбитбекова М.М., Ербатыр Б.Ө.,

Абдуллина Л.Н., оқытушы Утаргалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010 ж.

Тақырыбы: Баяндауыш туралы түсінік. «Тұмау індетінің алдын алу және одан сақтану» мәтіні.

Мақсаты: Баяндауыш туралы мағлұматтар беру арқылы тіл үйренушілердің сауаттылығын арттыру.

Тақырыптың негізгі (мәселелері) сұрақтары:

1. Баяндауыш дегеніміз не?

2. Баяндауыштың сұрақтары.

3. Негізгі белгілері.

Бастауыштың іс-әрекетін, жай күйін басқа сапасын көрсететін сөйлемнің тұрлаулы мүшесін баяндауыш дейміз.

Баяндауыш болатын сөздер мағынасына қарай оларға қойылған сұрақтар да әр түрлі. Не істеді? Не қылды? Не етеді? Қайтеді? Кім? Не? Кімнің? Кімбіз? Кімсің? Кімсіңдер? Кімің? Нең? Кімі? Несі? Қандай? Қалай? Қайтіп? Қанша? т.б. Мысалы: Жолдасын тастаған жолда қалар (мақал). Ер жолдасы – тәуекел (мақал). Шәкірттер өсіп қанат қақты (Ғ.М.) Ауыл кешке өзгеше жанданғандай (М.Ә.) Бұл сөйлемдегі баяндауыштар: жолдасын тастаған не істер? қайтер? Ер жолдасы не? Шәкірттер қайтті? не істеді? Ауыл қандай?

Баяндауыштың негізгі белгілері:

1. бастауыштың ісін, жай-күйін білдіреді;

2. іс-оқиғаның қай шақта болғанын көрсетеді;

3. жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады;

  1. сөйлемді тиянақтап тұрады;

  2. кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады;

  3. өзіне тән, арнаулы сұрағы жоқ. Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрауына жауап береді.

Мысалы: Далаға шықтым – Қайттім? Сұлуқиядан тік асып, ай қалықтап барады – Қайтеді? Сансыз жұлдыздар жымыңдайды – Қайтеді? Төңірегім – шырылдаған шегіртке үні – Не? Түн жұмбақ сырға толы – Қандай?(С. Шайм.)

1 - жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден баяндауыштардың сұрағын көрсетіңіз.

1. Ақбалаға берген мінездемесі түсініксіз. (Т.Ес.). 2. Бөбік жотасының астынан ән шығады. 3. Әнді бұл тани кетті. 4. Сержан! О, мен атыңды көп естігем. 5. Енді нақты сөйлесейік (Ө. Күмісбаев).

2 - жаттығу. Берілген мәтінді оқып шығып, баяндауыштарды табыңыз.

Тұмау індетінің алдын алу және одан сақтану

Тұмау – денсаулық сақтау саласының басты проблемаларының бірі. Ол халыққа ауру таратып қоймай, экономикалық зиян да келтіреді.

Жыл сайын дүние жүзінде 500 млн. адам, яғни халықтың 5-15 пайызы осы аурумен ауырып, оның екі млн. тікелей осы ауру зардабынан қайтыс болады. Тұмаудан шетінеу, әсіресе, бір жастағы балалар мен 65-тен асқан қарттар арасында жиі кездеседі.

Тұмаудан кейін көптеген созылмалы аурулар асқынады. Созылмалы аурулар тұмау басталғаннан кейін бір-екі апта ішінде асқынады.

Тұмаудан сақтану үшін төмендегідей дәрі-дәрмектерді пайдалануға болады: дибазол, рибомунил, иммунал, интерферон, оксалин майы, витаминдер, фитопрепараттар (сарымсақ, итмұрын, эхинацея, т.б.), гомеопатиялық заттар (афлубин, сандра, т.б.). Бірақ бұлардың барлығы ағзаның жалпы жағдайын жақсартқанмен, вирустің өзіне тікелей әсер етпейді. Арнаулы алдын алу, сақтандыру шараларын жүзеге асыру үшін вирусқа қарсы препараттар – ремантадин мен амантадин пайдаланылады.

Ғалымдар осы препараттарды ауырар алдында немесе ауырған кезде пайдаланса, тұмаудың жылдам және зиянсыз өтетінін клиникалық зерттеулер арқылы анықтады.

Дүние жүзінің көптеген ғалымдары тұмаумен күресудің негізгі жолы алдын ала егу деп есептейді. Адамдарды алдын ала егу ауруды бірнеше есе (75-90 пайызға дейін) азайтады, ауырған күнде де залалсыз болады. Вакцинация жасау, әсіресе балаларға, қарт адамдарға өте қажет. Қауіпті топқа олардан басқа мұғалімдер, медицина қызметкерлері, әскери және халыққа қызмет көрсететін топтағы адамдар жатады.

Тұмауға қарсы егуді індет басталмай тұрғанда жүргізу керек. Иммунитет вакцинадан кейін 2 аптада пайда болады. Вакцинаны індет кезінде де жасауға болады. Ол кезде қосымша алдын алу шараларын қолдану керек. Тұмаудан кейін асқыну болмау үшін инфлювак вакцинасымен қатар мұрынға ИРС 19 вакцинасын тамызу шарт.

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: түсіндіру, проблемалық әдіс, сұрақ-жауап

ҚОЛДАНЫЛАТЫН Әдебиеттер:

1. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

1. Тұрлаулы мүшелер.

2. Баяндауыш деген не? Мысал келтіріңіз.

  1. Баяндауыштың сұрақтары, мысалдармен дәлелдеңіз.

  2. Баяндауыштың белгілері.

  3. «Тұмау індетінің алдын алу және одан сақтану» мәтіні бойынша сұрақтар дайындаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]