Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандық: жалпы медицина, стоматология

Пән: қазақ тілі

Кафедра: тілдер

Курс І

18 тақырып: Күрделі бастауыш болатын сөз таптары. «Қызылмай» мәтіні.

Құрастырушы:

аға оқытушы Сәбитбекова М.М.

Ақтөбе 2010 ж.

Тақырыбы: Күрделі бастауыш болатын сөз таптары. «Қызылмай» мәтіні.

Мақсаты: Күрделі бастауыштарды тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы бекіту.

Тақырыптың негізгі (мәселелері) сұрақтары:

Күрделі бастауыштың құрамында екі я одан да көп сөздер болады. Күрделі бастауыштың жасалу жолдары:

1. Сөз тіркесінен болады: Кеншілер сарайы адамға лық толы (Қ. Қамб.) Дүниенің сырын білу өзіңді білуден басталады (Ж. Кәрм.)

2. Негізгі сөз бен көмекші есімнің байланысуынан болады: Ырыс алды – ынтымақ. Еңбек түбі – береке. (мақал)

3. Заттанған күрделі сын есім, сан есім және етістіктің есімше, тұйық түрінен болады. Мысалы: Таң рауанынан атқа мінген үш салт атты жігіт суыт жүріп келеді. (С.Б.) Жиырма бес маған тағы қайтып келді. (Ж.Ж.) Сенің айтып тұрғаның – нағыз шындық. (Х.Ес). Осы келе жатқан – Шәкен ақсақал емес пе? (Ә.Кешім)

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1 - тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Мағынасына қарай бөліктерге бөліп, тақырыпша қойыңыз.

Қызылмай

Қызылмай - дәрілік шөптердің: шайқұрайдың, тікенжиденің, итмұрынның, қалақайдың, тасшөптің гүлінен, жемісінен, тамырынан алынған май.

Қызылмайдың түрлі бактерияларға қарсы, қабынуға қарсы, жарақаттарды тез жазуға бейімдейтін қасиеттері және витаминдері бар.

Тыныс жолдары ауырғанда, асқазан, бауыр, гинекология ауруларында, теріде болатын әр түрлі ауруларда (экзема, псариаз), күйіктерде, операциядан кейінгі жараның тез жазылуы үшін қолдануға болады. Сондай-ақ, құрамындағы витаминдердің молдығы косметика саласында да көп нәтиже береді.

Пайдалану әдісі:

Тұмау кезінде күніне 3-4 рет мұрынға 4-5 тамшыдан тамызу керек.

Қатты жөтелде жарты қасық майды ішу керек.

Гастрит, асқазан жарасы, бүйрек ауруларында 2-3 рет тамақ алдында 1 шай қасықтан ішу керек

Күйікте, тері ауруларында, операциядан кейінгі тері зақымданған жерді майға малынған дәкемен байлап, күн сайын ауыстыру керек.

Пайдалану алдында шайқау керек. Қараңғы жерде сақтаған дұрыс.

2 - тапсырма. Төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

1. Қызылмай неден жасалған май?

2. Қызылмайдың қандай қасиеттері бар?

3. Қандай ауруларда қолданады?

3 - тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыз.

1. Қызылмай - ... шөптерден жасалады. 2. Дәрілік шөптердің гүлінен, тамырынан, жемісінен ... . 3 . Қызылмайды бактерияларға ... қолдануға болады. 4. Қызылмай жарақаттарды ... жазуға көмектеседі. 5. Оны тері ... пайдалануға болады. 6. Операциядан ... жараны тез жазуға көмектеседі. 7. Оның құрамында ... өте көп. 8. Косметика ... пайдаланған дұрыс. 9. Пайдаланар ... шайқау керек.

4-тапсырма. «Қызылмай» мәтінінен күрделі бастауыштарды тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

Оқыту әдісі: мәтінмен жұмыс, тіл дамыту.

Әдебиеттер:

1. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

  1. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

  2. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

1. Берілген сөз тіркестері мен күрделі сөздерді бастауыш етіп, сөйлем құраңыз:

өзеннің суы, жайықтың жағасы, бала дәрігері, Темір ауданы, Қопа ауылы, он шақты адам, жиырма екі.

2. «Қызылмай» мәтіні бойынша тірек сөздерді жазыңыз.

3. Мәтіннің мазмұнын баяндап беріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]