Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандық: жалпы медицина, стоматология

Пән: қазақ тілі

Кафедра: тілдер

Курс І

14 тақырып: Дара бастауыш болатын сөз таптары. «Зәр шығару жүйесі» мәтіні.

Құрастырушы:

аға оқытушы Ербатыр Б.Ө.

Ақтөбе 2010 ж.

Тақырыбы: Дара бастауыш болатын сөз таптары. «Зәр шығару жүйесі» мәтіні.

Мақсаты: Дара бастауыш болатын сөз таптарын тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы бекіту.

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ:

Бастауыш бола алмайтын сөз табы жоқ. Белгілі жағдайда сөз құрау үшін жұмсалатын жеке дыбыстар да сөйлемде бастауыштық қызметте жұмсалу фактілері кездесіп қалады. Мысалы: Ә - дауысты дыбыс.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1 – тапсырма. Сөйлемнің бастауышын тауып, қай сөз табынан болғанын ажыратыңдар.

1. Адам ең алдымен, жерді сағынады. 2. Жерді анаға теңеу содан шыққан. 3. Сендер әлі жассыңдар, не білесіңдер? 4. Туған жердің топырағына аунау кісіні бір жасартады. (С.М.) 5. Әсіресе шаттана күліп, жүрек сырын шерте сөйлеген – Дәмеш. (З.Ш.)6. Бұл - халық арасына көп тараған Сәкен Сейфуллиннің өлеңі. (А.Ж.) 7. Жастар әнге салып, қосылып айтатын. 8. Мынау – жеке дауыс. (А.Ж.) 9. Бақыт деген қуаныш шағы. 10. Оқушылар әр қилы: әйел, еркек, үлкен, кіші, бала – бәрі аралас. 11. Оқыған білер әр сөзді.(Абай)..

2 – тапсырма. Мәтінді оқып шығыңыз. Оқу жылдамдығына, ерекше дыбыстардың айтылуына назар аударыңыз. Есім бастауышты табыңыз.

ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ

Зәр шығару жүйесіне бүйрек, несепағар, қуық және несеп шығаратын өзек жатады.

Бүйрек – жұп мүше, бұршақ пішінді, қошқыл қоңыр түсті. Бүйректер бел омыртқаның екі жағына орналасқан. Оң жақ бүйрек сол жақ бүйректен 2-3 см төменірек тұрады. Ересек адам бүйрегінің ұзындығы 10-12 см, ені 5-6 см, салмағы 120-200 грамм шамасында. Бүйрек биологиялық сүзгіш қызметін атқарады. Әр минут сайын бүйрек арқылы ағзадағы қанның 1/5 бөлігі өтеді. Бүйрекке қан қолқа тамыр арқылы келеді. Ағзаның тіршілігіне қажетсіз зиянды немесе улы заттар, артық су, минералды тұздар қанның құрамынан шығарылып, бүйрек арқылы сүзіледі. Тазартылған қан төменгі көк тамырға қайтып келеді. Сонымен, бүйректе зәр түзіледі де, несепағар арқылы қуыққа ағады.

Несепағар қуықпен жалғасады. Оның ұзындығы 30 см-ге жуық түтік. Диаметрі 4-7 мм. Тәулігіне ересек адамда 1,5 л зәр түзіледі.

Қуықта несеп жиналып, ол рефлексті жолмен несеп шығаратын өзек арқылы сыртқа шығарылады. Қуықтың пішіні толуына қарай өзгермелі болады. Оның орташа сыйымдылығы - 500-700 мл.

3 – тапсырма. Мәтін бойынша түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.

4 – тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Бастауышты табыңыз.

1. Зәр шығару жүйесіне нелер жатады?

2. Бүйрек қандай мүше?

3. Бүйрек қай жерде, қалай орналасқан?

4. Бүйрек қандай қызмет атқарады?

5. Бүйректе не түзіледі?

6. Несепағардың ұзындығы, диаметрі қанша?

7. Қуықтың пішіні, сыйымдылығы қандай?

Оқыту әдісі: түсіндіру, тапсырмалармен жұмыс, сұрақ-жауап, аударма.

Әдебиеттер:

  1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

  2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

  3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

  4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

  5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

  6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

  7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

1. Бастауыш дегеніміз не?

2. Бастауыштың қандай түрлері болады?

3. Дара бастауышқа мысал келтіріңіз. Қандай сөз таптарынан екенін анықтаңыз.

4. Мәтіннің соңғы екі абзацын орыс тіліне аударыңыз.

5. Мәтіннен медициналық терминдерді теріп жазыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]