Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 13 тақырып: Есім бастауыштар. «Зәр шығару жүйесі» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушы Абдуллина Л.Н.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

ТАҚЫРЫБЫ: Есім бастауыштар. «Зәр шығару жүйесі» мәтіні.

МАҚСАТЫ: Сөйлемдегі есім бастауыштар туралы мағлұмат беріп, жаттығулар арқылы практикалық жолмен бекіту. Мәнерлеп оқу.

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ (МӘСЕЛЕЛЕРІ) СҰРАҚТАРЫ:

  1. Есім бастауыш қандай сөз таптарынан болады?

  2. Қай септікте тұрған басқа сөз таптары бастауыш қызметін атқарады?

Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады: Бәйге бригадаға беріледі. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз (Мұстафин).

Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз таптары да (сын есім, сан есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т.б.) бастауыш қызметін атқарады.

1- жаттығу. Жаңа сөздермен танысып жаттап алыңыз.

несепағар – мочеточник

қуық – мочевой пузырь

несеп шығаратын өзек – мочеиспускательный канал

қошқыл – темный

ені – ширина

сүзгіш – фильтр

улы – ядовитый

түзілу – образоваться

пішін – форма

2-жаттығу. Төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Зәр шығару жүйесі, жұп мүше, бұршақ пішінді, қошқыл қоңыр түсті, бел омыртқаның екі жағы, оң бүйрек, бүйректің ұзындығы, бүйректің ені, бүйректің салмағы, сүзгіш қызметін атқару, әр минут сайын, қолқа тамыр арқылы, зәр түзілу, тазартылған қан, көк тамырға қайтып келу, рефлексті түрде, орташа сыйымдылығы.

3- жаттығу. Төмендегі мүшелердің қай жүйеге жататынын көрсетіңіз:

Бауыр, өкпе, бүйрек, асқазан, тіс, несепағар, ішек, жүрек, қуық, қолқа, ми, көмей, саусақ, омыртқа, несеп шығаратын өзек, ұйқы безі, өт, қыл тамыр, жұлын.

4-жаттығу. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз. Бастауышын тауып, қай сөз табынан болғанын анықтаңыз.

Қолқа тамыр арқылы, тазартылған қан, орташа сыйымдылығы, бүйректің ұзындығы, бұршақ пішінді.

5-жаттығу. Көру диктанты.

Түзілу, несеп шығаратын өзек, тазартылған қан, бүйрек, несепағар, сүзгіш қызметін атқару, орташа сыйымдылығы, зәр түзілу, қошқыр қоңыр түсті.

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығулермен жұмыс. Мәнерлеп оқу.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

  1. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

  2. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

  3. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Бастауыш дегеніміз не?

  2. Есім бастауыштарға мысал келтіріңіз, қай сөз табы екенін атаңыз.

  3. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құраңыз, жазылуын есте сақтаңыз.

  4. Бастауыш қызметін атқаратын басқа сөз таптарына мысал келтіріңіз, қай сөз табы екенін атаңыз.

5. Оң жақтағы етістіктер мен сол жақтағы етістіктерден сөз тіркесін жасаңыз (сұрақ арқылы).

минералды тұздар орналасу (қайда?)

сыртқа орналасу (қалай?)

бел омыртқа шығару (нелер?)

өзгермелі шығарылу (қайда?)

зәр болу (қандай?)

жоғары түзілу (не?)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]