Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 1 тақырып: Сөз тіркесі синтаксисі. «Адам ағзасы» мәтіні.

Құрастырушылар: аға оқытушылар Сәбитбекова М.М.,

Ербатыр Б.Ө., Абдуллина Л.Н.,

оқытушы Утарғалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Сөз тіркесі синтаксисі. «Адам ағзасы» мәтіні.

Мақсаты: Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік бере отырып, практикалық жаттығулар орындау барысында бекіту.

ТақырыПтың негізгі сұрақтары:

  1. Синтаксис деген не?

  2. Сөз тіркесі синтаксисі дегеніміз не?

Қазақ тілі синтаксисі – сөз тіркесін, сөйлем жүйесін, құрылысын зерттейтін грамматиканың бір саласы. Синтаксистің қарастыратын негізгі мәселелері: сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөз тіркесі және сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері болып табылады.

Сөз тіркесінен және сөйлемге тірек болатын – сөз. Сөз дара ұғымды, лексика-грамматикалық мағынаны білдіреді. Қарым-қатынас жасау үшін ойды басқа біреуге жеткізудің негізгі формасы – сөйлем, ал сөз – сөйлем құраудың материалы, ой құраудың арқауы. Сөз тіркесі мен сөйлем әр қайсысы бөлек-бөлек синтаксистік тұлғалар болумен қатар, өзара тығыз байланыста болады.

Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара әрі тұлғалық жағынан, әрі мағыналық жағынан байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Сөз тіркесі негізгі мағынаға ие болатын сөз басыңқы сыңар деп аталады. Басыңқы сыңарды айқындап тұрған сөз бағыныңқы сыңар деп аталады.

Сөз тіркесі синтаксисі сөздердің бір-бірімен тіркесу ережелерін анықтап, жеке сөздердің синтаксистік қасиеттерін ашады. Ол жалпы тілдік жүйеде лексика-морфологиялық деңгейден синтаксистік деңгейге ауысу кезеңін белгілейтін аралық саты.

1 – жаттығу. Төмендегі сөз тіркестері мен сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Ардақты ат. Кеуде қуысында өкпе, жүрек бар. Құрсақ қуысында бүйрек орналасқан. Ауыз қуысында тіс бар. Көз қайда орналасқан? Бауыр, көкбауыр қайда орналасқан? Қаңқа әр түрлі сүйектерден құралған. Адам жүреді. Адам жүгіреді. Адам жұмыс істейді. Ас жұтқыншаққа түседі. Ас асқазанға түседі. Мүшелерге оттегі жеткізеді. Мүшелерге қоректік заттар жеткізеді. Кеңірдек тарамдары тыныс алу жүйесіне жатады. Көмір қышқыл газын бөледі. Оттегін сіңіреді. Қуық зәр шығару жүйесіне жатады. Бүйректе несеп (зәр) түзіледі.

2 – жаттығу. Берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

«Адам ағзасы» мәтіні

Адам деген ардақты ат, қазақ халқы ежелден құрмет тұтып, оны ерекше “кім” деп сұрайды.

Адамның денесіндегі әрбір мүше белгілі қызмет атқарады.

Адамның кеуде қуысында тыныс алу мен қан айналымының ортақ мүшелері (өкпе, жүрек) орналасқан, ал құрсақ қуысында – ас қорыту, зәр шығару, көбею мүшелері бар. Бұлардан басқа адам ағзасында әртүрлі қызмет атқаратын: көз, құлақ, ауыз, бауыр, көкбауыр және т.б. мүшелер болады.

Тірек – қимыл жүйесі қаңқа мен бұлшық еттен тұрады. Қаңқа дегеніміз – денедегі әр түрлі сүйектерден құралған мықты тірек. Сүйектерге бұлшық еттер бекиді. Адам бұлшық еттің көмегімен жүреді, жүгіреді, дене еңбегі мен әр түрлі басқа да қимылдар жасайды.

Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Ас жұтқыншақ арқылы өңешке, одан асқазанға түсіп, ас қорыту бездерінің әсерінен ішек-қарын жолында қорытылады.

Қан айналу жүйесі денедегі барлық мүшелерге оттегі мен қоректік заттарды жеткізіп отырады.

Тыныс алу жүйесі мүшелеріне мұрын, көмей, кеңірдек, өкпе, бронхтар жатады. Ағзаның оттегін сіңіріп және көмір қышқыл газын бөліп отыруы – тыныс алу жүйесіне өтеді.

Зәр шығару жүйесі мүшелеріне қос бүйрек, несепағар, қуық жатады. Бүйректе қан тазартылып, несеп түзіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]