Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DKBZh_shpor.docx
Скачиваний:
270
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
2.48 Mб
Скачать

1.4.2 Файлдық жүйелердің логикалық құрылымы және файлдардың атауы

Барлық заманауи файлдық жүйелерде сыртқы жады буманың болуы есебінен – арнайы құрылымы бар қосымша файл есебінен файлдардың көпдеңгейлі атауы қамтамасыз етіледі. Әрбір бума берілген бумада сақталатын бума немесе файл атауларынан тұрады. Демек, файлдың толық атауы құрамында берілген файл бар бума атауы мен бумадағы файл атауының тізімдерінен тұрады.

Файл атауының көпдеңгейлі сұлбасын қолдауы бірнеше жетістіктерді қамтамасыз етеді, олардың негізгісі файл классификациясының логикалық қарапайым және ыңғайлы сұлбасы мен олардың атауының генерациясы.

Бума немесе қолданушылар мен бумалар тізімін бөлімше, жоба және т.б. қатарластыруға болады және сол бумадағы файлдар мен бумаларды баса файл немесе бума атауларымен колллизияға түсетініне қорықпайтындай қалыптастыру керек.

Әр түрлі файлдық жүйеде файлға атау беру тәсілдерінің арасындағы айырмашылық атау тізбегінің неден басталатынына байланысты. Кез-келген жағдайда бірінші атау файлдық жүйенің түпкі бумасына сәйкес келу керек. Мұндағы сұрағымыз, осы атауға қалай түпкі буманы қоюға болады – оны қайдан іздейміз? Осыған байланысты екі радикалды әр түрлі қадам бар.

Көптеген файлдарды басқару жүйелерінде әрбір файл архиві (толық бума бұтағы) толығымен бір дисктік пакетте немесе логикалық дискте – операциялық жүйе құралдарының көмегімен жеке диск түрінде логикалық көрсетілетін физикалық дисктік пакет бөлімінде орналасады.

Бұл жағдайда файлдың толық атауы сәйкес диск орнатылған дискілі құрылғы атауынан басталады. Атау берудің мұндай тәсілі IBM және DEC компанияларының файлдық жүйелерінде қолданылды; Microsoft компаниясының Windows операциялық жүйелерінде өңделген файлдық жүйелер бұған жақындау. Мұндай ұйымды оқшауланған файлдық жүйелердің қолдауы деп айтуға болады.

Басқа нұсқасы Multics операциялық жүйесінің файлдық жүйелерінде жүзеге асты [3.2]. Бұл жүйе жеке тақырыпты талап етеді, онда бірқатар идеялар қатары жүзеге асты, бірақ біз тек қана файл архивін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне ғана тоқталамыз. Multics файлдық жүйесінде қолданушыларға біртұтас бұтақ түрінде файлдар мен бумалар жиынтығын көрсету мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Файлдың толық атауы түпкі бума атауынан басталды, және қолданушы қандай да бір дисктің диск құрылғыларында орнатылуына жауапты емес. Жүйенің өзі атауы бойынша файлды іздегенде оператордан қажетті дисктердің орнатылуын сұраған. Мұндай файлдық жүйені орталықтанған деп атауға болады.

Әрине, көп жағдайда орталықтанған файл жүйесі оқщауланғандардан ыңғайлы: файлдарды басқару жүйесі көптеген жұмыстарды атқарады. Көп жағдайда файлдық жүйе администраторы орнату қажет диск пакеттерінің қажеттіліктері туралы автоматты түрде хабарлайды; жүйе өзіне танымал диск томдарына жадыны біркелкі бөлуді қамтамасыз етеді; сирек қолданылатын файлдардың ақырын жұмыс істейтін сыртқы жады тасымалдаушыларына автоматты ауысуды ұйымдастыруы мүмкін; резервті көшіруге байланысты көптеген жұмыстар азаяды.

Бірақ, мұндай жүйелерде файлдық жүйелердің ішкі бұтағын басқа есептеу құрылғысына ауыстыру керек болса, кейбір мәселелер туындайды. Кез-келген логикалық ішкі бұтақтың файлдары мен бумалары түрлі дисктік пакеттер мен магниттік ленталарда физикалық түрде шашыраңқы орналасуы мүмкін, мұндай орын ауыстыру үшін арнайы утилиқажет болады, ол орталық файл жүйесінің штатты құрылғыларының құрамына кірмейтін, талап етілген ішкі бұтақтың объектілерін бір сыртқы тасымалдаушыда жинайды. Әрине, мұндай утилит болғанда да физикалық жинау процедурасының орындалуына арнайы уақыт керек.

ОС UNIX файлдық жүйесінде қолданылатын шешімдер келісімді болу керек [3.1]. Бұл файлдық жүйелердің базалық деңгейінде файл архивтері қолдау көрсетеді. Бұл операциялық жүйенің генерациясы негізінде орындалады және жүктелгеннен кейін операциялық жүйе қандай дисктік құрылғыда (физикалық немесе логикалық) түптік файлдық жүйенің орналасқанын біледі. Жүйені іске қосқаннан кейін түптік файл жүйесін және оқшаулаған файлдық жүйелер қатарын үлкен бірфайлдық жүйеге «жөндеуге» болады. Техникалық жағынан бұл түптік файл жүйесінде арнайы бос бумаларды жүзеге асады.

Арнайы mount ОС UNIX жүйелік шақыртуы көрсетілген файл архивінің тптік бумасында бос бумалардың біріне қосылуға мүмкіндік береді. Мұндай әрекеттің орындалуы жөнделетін файлдық жүйенің түптік бумасына орналасуға алып келеді; түптік бума монтаждау нүктесіндегі бума атауына ие болады. Жалпы файлдық жүйе монтаждалғаннан кейін файлдарға атауберу басынан орталықтанғандай болып орындалады. Егер, әдетте файлдық жүйені монтаждау жүйені айналдырған кезде (командалық файл орындалған кезде) жүзеге асатынын ескерсек, онда UNIX ОЖ қолданушылары ереже бойынша жалпы файлдық жүйенің пайда болуы туралы ойланбайды.

Бұдан басқа, unmount жүйелік шақыртуына қолдау көрсетіледі, ол жөндеуден өткен файл жүйесін жалпы иерархиядан бөледі. Әрине, файлдық жүйе бөліктерінің басқа құрылғыларға ауысуын едәуір жеңілдетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]