- •1. Деректер қорын басқару жүйесінің архитектурасы 2
- •Тұрақты сақтау ортасы бойынша классификациясы
- •Құрамы бойынша классификациясы
- •Тарату деңгейі бойынша классификациясы Орталықтандырылған немесе бір компьютерде толық қолдау көрсетілетін нақты дқ (англ.Centralized database):
- •Дқ басқа түрлері
- •1.2 Ақпараттық қатынастар және деректердің өзара байланысы
- •1.3 Ақпаратты сақтау және сыртқы жадының құрылғысы
- •1.3.1. Деректер
- •1.3.2 Ақпарат
- •1.3.3 Сыртқы жады құрылғылары
- •1.3.4 Технология дәуірі және деректерді сақтаудың архитектурасы
- •1.4 Файл және файлдық жүйелер.
- •1.4.1. Файл құрылымы
- •1.4.2 Файлдық жүйелердің логикалық құрылымы және файлдардың атауы
- •1.4.3 Файлдарға енуді авторизациялау
- •1.4.4 Көпқолданушылық қатынасты синхрондау
- •1.4.5 Файлдарды разумно қолдану аймағы
- •1.5. Ақпараттық жүйелердің қажеттілігі
- •1.6 Үлкен эем-гі деректер қоры (Орталықтанған архитектура)
- •1.7. Дербес компьютерлер дәуірі. Желілік және файлдық сервер технолгиясы ("файл-сервер" архитектурасы)
- •Дәріс 2. Деректер қорын басқару жүйесінің негізгі түсінігі
- •2.1. Файлдық жүйелердің кемшіліктері
- •2.2 Деректер қоры және деректер қорының басқару жүйесі
- •2.3 Sql сұраныс тілі
- •2.4 Реляционды sql-бағытталған дқбж ішкі ұйымдастыру принципі
- •System r жалпы ұйымдастырылуы мен мақсаты, негізгі түсініктер
- •Дәріс 3. Дқбж архитектурасі
- •3.1 Дқбж архитектурасі.
- •3.2 Sql-бағытталған дқбж сіртқі сақтанішқа деректерлерді ұімдастру жалпі принциптер.
- •3.3 Деректер қорда сұраныстарді өңдеу.
- •4.2 Деректер қорын жобалаудың негізгі сатылары Сур. 4.3. Жобалаудың жалпы сұлбасы
- •4.3 Пәндік аймақтың сипаты. Мысал.
- •Дәріс 5. Деректердің семантикалық моделі
- •5.1 Деректерді модельдеудің негізгі жақындаулары. Чена моделі: «негіз-байланыс»
- •Питер Чен нотациялары
- •Басқа да нотациялар
- •Er-модельдерді құратын құралдар
- •5.2 Er-диаграмма түрінде пәндік аймақтың концептуалды моделін құру
- •Дәріс 6. Деректерді концептуалды жобалаудың негізгі түсініктері
- •6.1 Атрибуттар, мұрагерлік, қатынастар, қатынастар.
- •6.2 Негіздер классификациясы.
- •Дәріс 7. Концептуалды деректер жобалау мысалы
- •7.1 Құрылудың негізгі сатылары
- •7.2. Жергілікті көрсетілімдерді модельдеу
- •7.3 Жергілікті мдельдерді біріктіру
- •7.4. Концептуалды деректер моделінің құрылу мысалы
- •3. Деректер моделі Дәріс 8. Деректер қорының теориялық модельдері
- •8.1 Деректер моделінің классификациясы. Деректер қорын ұйымдастыру үшін жақындаулар.
- •8.2 Деректердің желілік моделі
- •8.3 Деректердің иерархиялық моделі
- •8.4 Деректердің көпөлшемді моделі
- •8.5 Концептуалды модельдің автоматтандырылған жобалау жүйесі
- •8.6 Деректер типі
- •8.7. Деректердегі негізгі операциялар
- •8.8 . Деректер моделін таңдау
- •Дәріс 9. Деректердің реляциялық моделі
- •9.1 Реляционды деректер қорының базалық түініктері
- •9.2 Қалыптасқан қатынас сипаты және қатынас сұлбасы
- •9.3 Дқбж негізгі терезесі және деректер қорымен жұмыс жасау үшін басқару элементтері
- •Дәріс 10 Деректер қорының біртұтастығы
- •10.1. Біртұтастық шектеулері
- •10.2. Реляционды модельдің бүртұтастық бөлігі. Қазіргі дқбж деректер біртұтастығының жүзеге асу шарттары.
- •Дәріс 11. Деректер қорына қатынау технологиялары.
- •11.1 Деректер қорына қатынау технологияларына шолу.
- •11.2 Odbc технологиясы (Open Database Connectivity).
- •11. 3 Ole db - Object Linking and Embedding Database технологиясы. Ole db негіздері.
- •ToleContainer объектісі.
- •Ole қосымша мысалы.
- •Деректер қорында ole объектіні сақтау.
- •11.4 Ado - ActiveX Data Objects технологиясы.
- •4. Нормализация әдіспен деректер қорын жобалау Дәріс 12. Деректер қорының нормализациясы
- •12.1 Минималды функционалды тәуелділіктер және екінші нормаль форма
- •12.1 Сурет. Қызметшілер_жобалар_тапсырмалар қатынасының
- •12.2 Сурет. Қызметшілер_жобалар_тапсырмалар қатынасының мүмкін болатын айнымалы мәні
- •12.2 Минимал емес функционалды тәуелділіктердің болуынан пайда болатын жаңару аномалиясы
- •12.3 Мүмкін болатын декомпозиция
- •12.3 Сурет. Қызм және қызм_жоба_тапс қатынастарының айнымалыларындағы
- •12.4 Сурет. Айнылы қатынас мәндері Дәріс 13. Қалыпты формалар
- •13.1Транзитивті емес функционалды тәуелділіктер және үшінші қалыпты форма
- •13.2 Мүмкін болатын жабу кілттері және Бойс-Коддқалыпты формасы
- •Дәріс 14. Нормализацияны қолдану арқылы реляционды деректер қорын жобалау
- •14.1 Көпмәнді тәуелділіктер және төртінші қалыпты форма
- •14.2 Жобалау/бірігу тәуелділіктері және бесінші қалыпты форма
- •5.Таратылған деректерді өңдеу Дәріс 15. Таратылған ақпараттық жүйелер және деректер қоры
- •15.1 Таратылған дерктер қоры
5.Таратылған деректерді өңдеу Дәріс 15. Таратылған ақпараттық жүйелер және деректер қоры
Деректер қорының технологиясындағы «клиент—сервер» модельдері. Құрылымданғпн сұраныстар тілі.
15.1 Таратылған дерктер қоры
Таратылған (Distributed DataBase - DDB) деп әдетте түрлі ДҚБЖ басқарылатын, компьютердің түрлі торап желілрінде орналасқан бірнеше деректер қорының фрагменттерінен тұратын деректер қоры аталады. Таратылған деректер қоры қолданушылардың көзқарасынан және қолданбалы бағдарламалар тұрғысынан қарағанда әдеттегідей жергілікті деректер қоры түрінде көрсетіледі. «Таратылған» сөзі бұл мағынада деректер қорын ұйымдастырудың тәсілін сипаттайды, бірақ оның сыртқы сипатын көрсетпейді.
Таратылған деректер қорының анықтамасын(DDB) Дэйт (C.J. Date) ұсынған. Ол идеалды DDB-ның 12 қасиеттерін немесе сапасын көрсетті:
Жергілікті автономия (local autonomy)
Желілер тәуелсіздігі (no reliance on central site)
Үздіксіз операциялар (continuous operation)
Орналасу тәуелсіздігі (location independence)
Фрагментация тәуелсіздігі (fragmentation independence)
Тәуелсіз тираждалу (replication independence)
Таратылған сұраныстарды өңдеу (distributed query processing)
Таратылған транзакцияларды өңдеу (distributed transaction processing)
Жабдықтардан тәуелсіздік (hardware independence)
Операциялық жүйелерден тәуелсіздік (operationg system independence)
Желінің тәуелсіздігі (network independence)
Деректер қорынан тәуелсіздік (database independence)
Жергілікті автономия. Бұл сапа деректерді басқару таратылған желі жүйесінен жергілікті орындалатынын білдіреді. Деректердің жалпы кеңістігінің фрагменті бола тұрып, ДҚ толық жергілікті деректер қоры функционирленеді, оны басқару басқа желі жүйелеріне тәуелсіз және жергілікті орындалады.
Орталық тораптан тәуелсіздігі. Идеалды жүйеде барлық тораптар өзара тең және тәуелсіз, ал оларға орналасқан деректер жалпы деректер кеңістігіне деректерді жеткізушілер өзара тең болады. Әр тораптардағы деректер қоры өзара жеткілікті – ол деректердің толық жеке сөздігінен тұрады және рұқсат берілмеген қатынастан толық қорғалған.
Үздіксіз операциялар. Бұл сапаны жергілікті желілерде орындалатын операциялардан және олардың орналасуынан тәуелсіз DDB шекарасында деректерге үздіксіз қатынасу мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады. Бұл сапаны «деректерге үнемі қатынасуға болады, ал оларға қолданылатын операциялар үздіксіз орындалады» деген атпен көрсетуге болады.
Орналасудың тәуелсіздігі. Бұл қасиет деректер орналасуының толық тәуелсіздігін көрсетеді. DDB-ден сұралатын қолданушы ақпараттық жүйе тораптарындағы деректердің нақты, физикалық орналасуына байланысты ештеңе білмейді. Деректердегі орындалатын барлық операциялар олардың орналасуы туралы ақпаратты тіркемеуді орындайды. Деректер қорына сұраныстардың транспортталуы орнатылған жүйелік құрылғылармен жүзеге асады.
Фрагментация тәуелсіздігі. Бұл қасиет деректердің таратылған орналасуды логикалық біртұтас ретінде қарауға мүмкіндік береді. Екі типтің фрагментациясы бар: көлденең және тігінен. Көлденеңі әртүрлі тораптарда бір кесте жолдарын сақтауға мүмкіндік береді (бір логикалық кесте жолдарының әртүрлі желілерде бірнеше физикалық кесте түрінде сақтайды). Тігінен фрагментациясы логикалық кесте бағандарын бірнеше тораптар бойынша орналасуын білдіреді.
Фрагментацияның екі типін де сипаттайтын мысал қарастырайық. Феникс торабында деректер қорында анықталған employee (emp_id, emp_name, phone) кестесі болсын делік. Денвер торабының деректер қорында анықталған сондай кесте болсын делік. Бұдан басқа Далластағы деректер қорында emp_salary (emp_id, salary) кестесі анықталған. Сонда «компания қызметшілері туралы» ақпаратты алу үшін сұраныс келесідей болады:
SELECT * FROM employee@phoenix, employee@denver ORDER BY emp_id
Сол кезде «компания қызметшілерінің жалақысы туралы» ақпаратты алу сұранысы келесідей:
SELECT employee.emp_id, emp_name, salary FROM employee@denver, employee@phoenix, emp_salary@dallas ORDER BY emp_id
Тәуелсіз тираждалу. Деректердің тираждалуы – бұл таратылған жүйенің басқа тораптарында орналасқан қордағы шығыс деректер қорының объектілерінің өзгеруінің алмасуының асинхронды үдерісі. Берілген контекстте тираждалу тәуелсіздігі таратылған жүйенің қолданушыына көрінбейтін деректер қорының арасындағы өзгерістің алмасу мүмкіндігін көрсетеді. Берілген қасиет тираждалудың мүмкін екендігін және ішкі жүйелік құралдарға жетуге болатынын көрсетеді.
Таратылған сұраныстарды өңдеу. DDB бұл қасиеті SQL тілінің қарапайым сұранысында қалыптасқан таратылған деректер қорының таңдау операцияларының таңдау мүмкіндігі ретінде көрсетіледі. Яғни, DDB-дан таңдау операцияларын жергілікті деректер қорына қолданылатын операцилар мен тілдік құралдардың көмегімен қалыптастыруға болады. Мысалы,
SELECT customer.name, customer.address, order.number, order.date FROM customer@london, order@paris WHERE customer.cust_number = order.cust_number
Таратылған транзакцияларды өңдеу. DDB бұл қасиетін деректердің үйлесімділігі мен тұтастығын бұзбайтын таратылған деректер қорының (INSERT, UPDATE, DELETE) жаңару операцияларын орындау мүмкіндігі ретінде қарастырады. Бұл мақсат таратылған транзакцияларды өңдеу стандарты болған транзакцияларды тіркеудің екі фазалы хаттамасын (two-phase commit protocol) қолданумен жетеді. Оны қолдану таратылған транзакция шегінде бірнеше тораптарда деректерді үйлесімді өзгертуге кепілдік береді.
Жабдықтардан тәуелсіздік. Бұл қасиет кез келген модель мен өндірушілердің – мэйнфреймдерден дербес компьютерлерге дейінгі таратылған жүйе сапасы ретінде қарастыруға болатынын көрсетеді.
Операциялық жүйелерден тәуелсіздік. Бұл сапа алдыңғысынан туындайды және таратылған жүйенің тораптарын басқаратын операциялық жүйелердің көптүрлілігін сипаттайды.
Желінің тәуелсіздігі. Кез келген деректер қорына қатынас желі бойынша жүзеге асады. Желілік хаттамалардың нақты ДҚБЖ қолданылатын спектрі таратылған деректер қорының шектеуі болмауы қажет. Берілген сапа максималды кең көлемде қалыптасады –
таратылған жүйеде кез келген желілік хаттамалар болуы мүмкін.
Деректер қорынан тәуелсіздік. Бұл сапа таратылған жүйеде әртүрлі өндірушілердің ДҚБЖ бола алады және әртүрлі модельдегі, форматтағы деректер қорының жаңаруы және іздеу операциялары болуы да мүмкін. Дэйт анықтамасына байланысты DDB тораптары жергілікті деректер қорын көрсететін бос байланысқан желілік құрылым ретінде қарастыруға болады. Жергілікті деректер қоры автономды, тәуелсіз және өзара анықталған; оларға қатынасты ДҚБЖ анықтайды. Тораптар арасындағы байланыстар – бұл тираждалатын деректер ағымы. DDB топологиясы кең диапазонда көрсетіледі – иерархия нұсқалары, «жұлдыз» типті құрылым болуы мүмкін. Жалпы DDB топологиясы ақпараттық жүйенің топологиясымен және деректерді тираждау ағымының бағытымен анықталады.