Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DKBZh_shpor.docx
Скачиваний:
270
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
2.48 Mб
Скачать

12.1 Минималды функционалды тәуелділіктер және екінші нормаль форма

ҚЫЗМЕТШІЛЕР_ЖОБАЛАР_ТАПСЫРМАЛАР {ҚЫЗМ_НОМ, ҚЫЗМ_ДӘР, ҚЫЗМ_ЖАЛАҚ, ЖОБА_НОМ, ҚЫЗМ_ТАПСЫР} қатынасының айнымалылары болсын делік. ҚЫЗМ_ДӘР және ҚЫЗМ_ТАПСЫР жаңа атрибуттары сәйкесінше берілген жобада қызметші орындайтын қызметші дәрежесі және тапсырмасы туралы деректерден тұрады. Қызметші дәрежесі оныі жалақысының өлшемін анықтайды деп есептейік, әр қызметші бірнеше жобаларда қатыса алады, бірақ әрбір жобада ол тек қана бір тапсырманы орындайды. Сонда ҚЫЗМЕТШІЛЕР_ЖОБАЛАР_ТАПСЫРМАЛАР қатынасының бір ғана мүмкін болатын кілті {ҚЫЗМ_НОМ, ЖОБА_НОМ} құрамдас атрибуты болып табылады. FD минимал жиынының диаграммасы 12.1 суретте қатынас мәнінің мүмкін болатын денесі 12.2 суретте көрсетілген.

12.1 Сурет. Қызметшілер_жобалар_тапсырмалар қатынасының

FDжиындар диаграммасы

12.2 Сурет. Қызметшілер_жобалар_тапсырмалар қатынасының мүмкін болатын айнымалы мәні

12.2 Минимал емес функционалды тәуелділіктердің болуынан пайда болатын жаңару аномалиясы

ҚЫЗМЕТШІЛЕР_ЖОБАЛАР_ТАПСЫРМАЛАР қатынасының FD жиындарына көптеген FD кіреді, оларда қатынастың мүмкін емес кілті детерминантты болады (диаграммадағы сәйкес бағдарлар {ҚЫЗМ_НОМ, ЖОБА_НОМ} басталмайды,мүмкін кілттерден атрибуттардың кейбір функционалды тәуелділіктері минималды болмайды). Бұл жаңару аномалияларына алып келеді. Жаңару аномалиясы дегеніміз (INSERT) қатынасына кортеждерді қосу операциясын орындау, (DELETE) кортеждерін жою, (UPDATE) кортеждерін модификациялау кезінде кездесетін қиындықтар болып табылады. FD ҚЫЗМ_НОМҚЫЗМ_ДӘР болуымен шақыртылатын жаңару аномалияларын қарастырайық (бұл аномалиялар әр кортежде ҚЫЗМ_ДӘР и ҚЫЗМ_ЖАЛАҚ атрибут мәндерін сақтаудың артықшылығымен байланысты, қызметші тапсырмасыкейбір жобада сипатталады).

  • Кортеждерді қосу. Біз дәл қазіргі уақытта ешбір жобада жоқ қызметшілер туралы деректермен ҚЫЗМЕТШІЛЕР_ЖОБАЛАР_ТАПСЫРМАЛАР қатынасын толықтыра алмаймыз (ЖОБА_НОМ бастапқы кілттің бөлігі болып табылады және белгісіз мәндерден тұрмайды). Алдымен қызметшіні жұмысқа алады, оған дәреже мен жалақы тағайындайды, тек содан кейін оған жоба тағайындалады.

  • Кортеждерді жою. ҚЫЗМЕТШІЛЕР_ЖОБАЛАР_ТАПСЫРМАЛАР қатынасында өзінің соңғы жобасында қатысуы аяқталған қызметшілер туралы деректерді сақтай алмаймыз. ( ЖОБА_НОМ атрибут мәні сол қызметші үшін белгісіз болады). Біраң жобалар арасындағы жұмысшылардың шығып қалуына жол бермейтін үзілістер пайда болатын сипат тән.

  • Кортеждер модификациясы. Қызметші дәрежесін өзгерту үшін ҚЫЗМ_НОМ атрибутының сәйкес мәніне барлық кортеждерді модификациялауға мәжбүр болады. Кері жағдайда ҚЫЗМ_НОМҚЫЗМ_ДӘР атрибутының FD бұзылады (бір қызметшісін тек бір ғана дәрежесі бар).

12.3 Мүмкін болатын декомпозиция

Осы қиындықтарды жеңу үшін ҚЫЗМЕТШІЛЕР_ЖОБАЛАР_ТАПСЫРМАЛАР айнымалы қатынасының декомпозициясын – ҚЫЗМ {ҚЫЗМ_НОМ, ҚЫЗМ_ДӘР, ҚЫЗМ_ЖАЛАҚ} және ҚЫЗМ_ЖОБА_ТАПС {ҚЫЗМ_НОМ, ЖОБА_НОМ, ҚЫЗМ_ТАПС} екі айнымалы қатынастары арқылы жүзеге асыруға болады. Хит теоремасының негізінде бұл декомпозиция бастапқы қатынаста FD {ҚЫЗМ_НОМ, ЖОБА_НОМ}ҚЫЗМ_ТАПС болғандықтан шығынсыз болмайды. 12.3 суретте осы қатынастардың FD жиындар диаграммасы, ал 12.4 суретте олардың мәні көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]