Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Geodezia_D_1241_ris_1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
180.22 Кб
Скачать

Геодезиялың жұмыстарды жүргізу процестері мен геодезиялың қызметтердің ұйымдастырылуы.

Геодезиялық жұмыстар далалық және ғылыми өңдеу жұмыстары болып бөлінеді. Далалық жұмыстардың ең басты мазмұны өлшеу процесі болып табылады, ал ғылыми өңдеу жұмыстары есептеу және графикалық процестерден тұрады.

Өлшеу процесіне пландар мен карталар жасау үшін немесе арнайы мақсаттар, мысалы, трассалар жүргізу, барлау траншеялары мен құрылыстарын бөлу үшін жүргізілетін жер бетіндегі өлшеулер жатады.

Топографиялық-геодезиялық өлшеулер мынадай элементтерді қамтиды: горизонталь және вертикаль бұрыштар, еңкіш горизонталь және вертикаль қашықтықтар.

Л.Н.Гумилева атындағы Еураазиялық ұлттық университеті

Күні: _______ 201.

Басылым: Екінші

Дәріс

ЕҰУС

5тен 5 бет

Осыларды өлшеу үшін әр түрлі геодезиялық аспаптар қолданылады. Оларға мыналар жатады: а) қашықтықтарды өлшеуге арналған аспаптар — өлшеуіш ленталар, сым, рулеткалар, оптикалық қашықтық өлшеуіштер, жарық кашықтық өлшеуіштері және т. б.; ә) бұрыш өлшеуіш аспаптары: теодолиттер, буссольдар, гониометрлер және т. б.; б) вертикаль биіктіктерді өлшеуге арналған аспаптар: нивелирлер, рейкалар, және т. б. Геодезиялық өлшеулер нәтижелері тиісті журналдарға енгізіледі және дала жағдайында түсірілетін объектінің схемалық сызбалары жасалады, ол абрис (сұлба) деп аталады.

Есептеу процесі өлшеулердің сандық нәтижелерін жүйеге келтіру мен өндеуден және оларды пайдалануға неғұрлым жарамды түрге келтіруден тұрады. Есептеуді жеңілдету, керектігі нәтижелерді тез табу және есептеу жұмыстарының дұрыстығын дер кезінде тексеріп отыру үшін барлық есептеулер белгілі бір схемалар бойынша жүргізіледі, ал бұл схемалар есептеулердің әрбір түріне арнайы талдау жасалады. Есептеу жұмыстарын жеңілдету үшін әр түрлі косымша құралдар: кестеде, графикте, номограммаларда, электрондық есептеуіш машиналарында және т. с. с. қолданылады.

Графикалық процесс өлшеу және есептеу нәтижелерін белгіленген шартты белгілерді сақтай отырып, мәліметтерді сызба; түрінде келтіруден тұрады. Геодезияда сызбалар топографиялық! жұмыстардың түпкі өнімі болып табылады. Одан арғы есептеу; мен жобалау солардың негізінде жүргізіледі. Сондықтан сызба.; тексерілген әрі дәл мәліметтер нәтижесінде жасалынуы керек және графикалық жағынан салынуының сапасы жоғары болуы тиіс.

Қазақстанда топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметті. Геодезия" және картография бас басқармасы басқарады. Бұл басқарманың негізгі өндірістік міндеттері мынадай:

  1. Республика территориясында геодезиялық тірек жүйесін дамыту және карталар жасауда қажетті топографиялық түсірулер жасау жөнінде жоғары дәлдіктегі жұмыстарды ұйымдастыру.

  2. Алуан тектегі және түрлі мақсаттағы карталарды, пландар мен атластарды жасау және оларды басып шығару.

  3. Әр түрлі мекемелер жасаған геодезиялық және топографиялық жұмыстарды үйлестіріп, мемлекеттік бақылау жасап отыру.

Геодезия және картография бас басқармасы жанында республикада атқарылған картографиялық және геодезиялық жұмыстардың бәрі жиналған Орталық картографиялық қор және Мемлекеттік геодезиялық қадағалау басқармасы бар. Бұл мемлекеттік басқарма топографиялык және геодезиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат береді, олардың орындалу сапасын бақылайды, әрі келешектегі геодезиялық жұмыстар үшін бастапқы мәліметтер қызметін атқаратын материалдарды бір жүйеге келтіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]