Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Geodezia_D_1241_ris_1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
180.22 Кб
Скачать

Халық шаруашылығын дамытудағы геодезияның ролі

Геодезияның халық шаруашылығының турлі-түрлі салалары үшін практикалық үлкен маңызы бар. Мәселен, геодезиялық елшеулер жолдар, каналдар, жер асты кұрылыстары (метро, кабельдер, құбырлар), әуе желілері (электрлік беріліс, байланыс желілер) трассаларын белгілеу кезінде, пайдалы кен орындарын барлау және пайдалану кездерінде кең қолданылып келеді. Геодезия колхоздар мен совхоздарды орналастыруда, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта әскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, жауынгерлік операцияларға талдау жасау және т. б. үшін пайдаланылған.

Геодезия біршама ғылыми пәндерге, яғни математика, фи-зика, астрономия, автоматика, телемеханика, радиотехника, география, геология, геоморфология, гравиметрия және геофизика жетістіктеріне сүйенеді. Сондықтан геодезияның осы ғылымдармен тығыз байланыстылығы күмән туғызбайды.

Математика геодезияны әр түрлі геодезиялық есептік аналитикалық түсіндірмелерінің тәсілдерімен, сондай-ақ өлшеулердің нәтижелерін өндеудің талдауларымен, әдістерімен қаруландырады. Физика геодезияны электроникамен және электро-техникамен қатар оптикалық, оптикалық-механикалық және электронды-оптикалық аспаптар мен жүйелердің жобалау есептерінің негіздерімен толықтырады. Астрономия геодезияны геодезиялық тірек жүйелерін дамыту үшін бастапқы мәліметтермен қамтамасыз етеді. Автоматика, телемеханика және радио-электроника салаларындағы ғылым мен техника жетістіктерінің негізінде аса жаңа геодезиялық аспаптар кұрастырылады. Географияны білу жер бедерін кұрайтын

ландшафт элементтерін, жер бетінің табиғи жамылғыларын және адам қызметінің нәтижелерін дұрыс түсіндіруді қамтамасыз етеді. Жер бедерінің пішіндерін және олардын өзгеру заңдылықтарын танып білуде геология мен геоморфология көмекке келеді. Жердің фигурасын зерттеу оның сыртқы гравитациялық өрісіне зерттеулер жүргізумен байланысты. Ал гравиметрияның заңдары мен аспаптарын пайдаланбай, мұндай зерттеулер жүргізу мүмкін емес. Пландар мен карталарда графикалық сапалы безендіру топографиялық сызу тәсілдерін білуді қажет етеді.

Л.Н.Гумилева атындағы Еураазиялық ұлттық университеті

Күні: _______ 201.

Басылым: Екінші

Дәріс

ЕҰУС

5 тен 3 бет

Геодезияның дамуының қысқаша тарихы

Геодезия өте ерте заманда жер бетін шаруашылық мақсаттары үшін зерттеу қажеттігі туған кезде пайда болды. Әсіресе, \ Ежелгі Египетте геодезияның пайда болуы мен дамуына ерекше қолайлы жағдайлар туды. Онда Ніл өзені алқабындағы егін шаруашылығы өте ерте заманда-ақ пайда болып, кең дамыған еді. Астық өнімінін мол болуы құнарлы тұнбалардың шөгуімен байланысты болатын. Ол кезде әр жыл сайын. Ніл өзенінің су тасқыны, жер танаптарын шайып кетіп отырды. Египеттіктерге бұл жерлерді қайта-қайта калпына келтіріп отыруға тура келді. Әрине, бүл жағдай жер танаптарын межелеп бөлу, жерге өлшеулер жүргізу кезінде тәжірибе жинақтауға алып келеді, сөйтіп «жерді өлшеу» (геометрия) және «жерді бөлу» (геодезия) саласындағы теориялық білімнің тез дамуыиа септігін тигізді. Біздің заманымызға дейінгі XIV—XII ғасырларда Қытайда «бүкіл жерді» зерттеу мақсатында геодезиялық жұмыстар жүргізілді: бұл жұмыстар жер танаптарын өлшеуіш тізбектер мен өлшеу шеберліктерінің болғандығын көрсетті.

Геодезия атам заманғы (антикалық) Грецияда жоғары дамыған болатын, онда геодезия теориялық жағынан негізделді. Оған бізге жеткен Александриялық Геронның «Диоптрия туралы» және «Ауданды өлшеу» атты кітаптары дәлел бола алады. Бұл кітаптарда геодезиялық жұмыстар мен геодезиялық құралдардың сипаттамалары келтірілген. Грек ғалымы Эратосфен(б. з. д. 274—194 жылдар) Египетте жердің көлемін анықтады. Ол жер шарының радиусы шамамен алты мың километр екенін анықтап берді.

Геодезиялық жұмыстардың Ресейде ғылыми жолға қойылуы 1 Петрдің дәуірінде жүзеге асырылды. Осы кезеңде өнеркәсіптің, теңізде жүзудің, әскери істің және сауданың кең дамуы геодезиялық елшеулер мен карта жасауға жаңа талаптар қойды. Осы мақсатпен мемлекеттің аз зерттелген аудандарында түсіру жумыстарын жасау үшін арнайы экспедициялар жіберілді. Осының арқасында Донда, Ертісте, Камчаткада және Куриль аралдарында алғашқы топографиялық түсірулер жасалынды.XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдегі геодезиялық жұмыстардың ғылыми жағынаи жоғары қойылуына көп еңбек сіңірген атақты орыс астрономы және геодезисі, Полков астро- номиялық обсерваториясының негізін салушы және бірінші ди- ректоры В. Я. Струве болды.Геодезиялық қызмет Кеңес өкіметі жылдарында қарқындап дами бастады. Осы кезеңде негізгі геодезиялық жұмыстар мен топографиялық түсірулер жүргізу үшін орталық және жергілікті геодезиялық ұжымдар құрылды. Сол уақыттан бастап геодезияның негізгі міндеті одақтың өндіргіш күштерін зерттеу мен дамытуға жәрдемдесу болды. Бүгінгі таңда геодезия жоғары ғылыми денгейде, аса жаңа техникалық базада дамып, халық шаруашылығының барлық саласының мұқтаждарын қанағаттандыруда. 1925 жылдан бастап бұрынғы одақта мемлекеттік карталар жасау үшін жер бетін әуеден суретке түсіру қолданылды, ал ол бүгінгі күндері жердің бетін картаға түсірудің ең негізгі әдісі болып табылады.

Л.Н.Гумилева атындағы Еураазиялық ұлттық университеті

Күні: _______ 201.

Басылым: Екінші

Дәріс

ЕҰУС

5 тен 4 бет

Ал геодезия жұмыстары үшіи авиацияны қолдану қысқа мерзімде (1945 жылға дейін) бұрынғы ТМД территориясының 1 : 1000000 масштабтағы топографиялық карталарын жасауға мүмкіндік берді. Соғыстан кейінгі кезеңдегі геодезиялық қызметтің елеулі жетістігі 1954 жылға қарай 1 : 100000 масштабтағы карталар жасау болды. Қазіргі кезеңде 1 :25000 ірі масштабтағы карталарды жасаумен сипатталады.

Топографиялық-геодезиялық жұмыстардың және картография өндірісінің мұнан ары алға қарай дамуы ғарыш техникасын қолданумен тікелей байланысты болып отыр.

Келешекте халық шаруашылығының шұғыл өсіп отыратын қажеттерін ғарыштан суретке түсірмей жүзеге асыру мүмкін емес. Қазіргі кезіңде жасалған ғарыштық, борттық, аппаратуралардың мүмкіндіктері, сондай-ақ орбитадан қабылданған бейне-ақпаратық кезде қойылған міндеттерді шешуге қабілеттілігі жағынан белгіленген масштабтағы карталардың көпшілігін жасауға мүмкіндік береді, демек олар кең диапазонды масштабтағы карталарды тікелей даярлауға жағдай туғызып отыр деуге болады.

1974 жылдан бастап шельфті жалпы мемлекеттік картаға түсіру одан әрі дамыды, теңіз түбінін беті координаталар мен биіктіктердің бірыңғай жүйесінде кескінделді. Теніз түбін түсіру үшін жер бетін әуеден суретке түсірген сияқты теңіз түбінін сурет карталары мен планын алуға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалық құралдар жасалды. Бірыңғай мемлекеттік координаталар жүйесінін теориясын талдап жасау және оны практикаға ендіру саласында Ресей ғылым академиясының корреспондент мүшелері. Н. Г. Келль және Ф. Н. Красовский зор жұмыстар істеді. Геодезия және картография саласындағы аса көрнекті зерттеулер осы ғалымдардың және профессорлар А. А. Михайлов, А. А. Изотов, А. С. Чеботарев, М. С. Молоденский, Н. А. Урмаев, В. В. Данилов, В. В. Попов және т. б. еншісіне тиеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]