Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Geodezia_D_1241_ris_7.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
476.67 Кб
Скачать

Л.Н.Гумилева атындағы Еураазиялық ұлттық университеті

Күні: _______ 201.

Басылым: Екінші

ДӘРІС

ЕҰУС

11тен 1бет

Лекция 7

Карталардың километрлік және географиялық торлары

Топографиялық картаның беті солтүстік және оңтүстік жағынан параллельдермен, ал батыс және шығыс жағынан меридиандармен шектелген. Кескінделген заттар мен жергілікті жердің контурларының географиялық координаталарын анықтау мумкіндігі болу үшін картада градус рамкасы болады; ол карта бетінің ішкі және сыртқы рамкаларының аралығында орналас-қан. Градус рамкасы шығыс пен батыс қабырғаларындағы ендіктің минуты мен солтүстік пен оңтустік қабырғаларындағы бойлықтың минуты кезектесіп отыратын қара және ақ шашкалармен белгіленген. Әр ендік пен бойлықтың минуты (шашка) алты тең бөлікке бөлінген. Осы белгіленген нүктелердің ара қашықтығы 10"-ке тек. Градус рамкасының жол-жол сызықтарын пайдаланып карта бетінде градус торын жүргізуге болады; олар картада нүктелердің географиялық координаталарын анықтауға мүмкіндік береді.

Картаға градус торынан басқа тікбұрышты зональды координаталар схемасының квадратты координаталар торы салынады. Осы торлардың квадратының қабырғасы әдетте километрлердің толық санымен белгіленеді, сондықтан да оны километрлік деп атайды.

Оңтүстіктен солтүстікке қарай жүргізілген километрлік тордың сызықтары зонаның осьтік меридианына параллель (яғни, Ох осіне), ал батыстан шығысқа қарай жүргізілген сызықтар экватордың жазықтықтағы проекциясының кескініне параллель (яғни, Оу осіне) болады. Горизонталь сызықтардың жазуы экватордан километрмен берілген ара қашықтығына, ал вертикаль сызықтар олардың келтірілген ординаталарына (бірінші сан зонаның нөмірін көрсетеді, ал келесілері сызықтың ординатасына плюс 500 км-ге) сәйкес. Километрлік тордың көмегімен нүктелердің тікбұрышты координаталары (х, у) анықталады.

Карта бетінің градус рамкасының сыртында безендіру рамкасы сызылады. Осы рамканың сыртында орналасқан жазулар және графиктер шектік безендіруге жатады. Әрбір топография- лық картаның үстіңгі жағында беттің номенклатурасы көрсеті- леді. Рамканың төмеңгі жағында мыналар орналасады: 1) осы карта бетіне тән магнит тілінің орташа бұрылуы және меридиан- дардың жақындасуы туралы мәліметтер; 2) сандық және сы- зыктық масштабтары; 3) жер бедері қимасының биіктігі туралы мәліметтер (тұтас горизонтальдардың қанша метр сайын жүр- гізілгендігі туралы); 4) табан графигі; 5) түсірілген және жа- ңартылған жылы; мұның өзі картадағы кескіннің дұрыстығы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Шектік безендіруге тағы да көрші беттердің номенклатура- сының жазуы жатады; олар градус және безендіру рамкаларының үзілген әр қабырғасының ортасында жазылады, сонымен қатар жиынтықтағы беттердің орналасу схемасы және басқа датүсіндірме жазулар кіреді.

Л.Н.Гумилева атындағы Еураазиялық ұлттық университеті

Күні: _______ 201.

Басылым: Екінші

ДӘРІС

ЕҰУС

11тен 2бет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]