Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Geodezia_D_1241_ris_7.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
476.67 Кб
Скачать

Картадағы нүктелердің координаталарын анықтау

Топографиялык картадағы нүктенің географиялық координаталарын анықтау, негізінде мынадай жолмен жасалады. А нуктесінің (20-сурет) ендігін (φ) табу үшін осы нүктеден солтүстікке және оңтүстікке қарай параллельдер жургізеді, яғни минут рамкасының тиісті минуттық немесе он секундтык ара-лықтардың аттас ұштары түзу сызықтармен қосылады. Осы сызықтардың ендіктерін φ1 және φ2 әріптерімен белгілейік. А нуктесінен параллель ендігі ф1-ге перпендикуляр түсіріп, оның ұзындығын φ градуспен белгілеп, А нуктесінің ендігін мына теңдіктен табамыз:

(19)

шамасын жанама әдіспен анықтау қолайлырақ. Ол үшін А нуктесі арқылы еркін бұрышпен және параллельдерімен С және D нүктелерінде қиылысқанша сызық жүргіземіз, мұндағы СА = а және СD=b болсын, 20-суреттен

(20)

Сонымен, шамасын анықтау а және b кесінділерін жеткілікті дәлдікпен миллиметрлік сызғыш арқылы өлшеуге келіп саяды.

Осыған ұқсас А нуктесінің λ бойлығын анықтау үшін және меридиан кесінділерін қолдануға болады.

С нүктесінің (21-сурет) тікбұрышты координаталарын анықтау үшін километрлік тордың цифрларын қолдана отырып, берілген нүкте орналасқан оңтүстік-батыс бұрыштың ( ) координаталарын табады. Содан кейін С нүктесінен квадраттық қабырғаларына СС1 және СС2 перпендикулярларын түсіреді де карта масштабын ескере отырып, олардың ұзындығын табады: және C . Сонда С нүктесінің тікбұрышты координаталары мынаған тең:

Л.Н.Гумилева атындағы Еураазиялық ұлттық университеті

Күні: _______ 201.

Басылым: Екінші

ДӘРІС

ЕҰУС

11тен 3 бет

(21)

Қарастырылып отырған мысалда:

хс =500+42,1 = 542,1 м; =300+54,5=354,5 м.

Осы С нүктесінің тікбұрышты координаталарын мынадай жолмен анықтауға болады: С нүктесі аркылы кез келген бұрышпен километрлік тордың ординаталарымен А және В нүктелерінде қиылысқанша түзу жүргізіледі. Содан кейін а және b кесінділерін өлшейді. Сонда С нүктесінің абсциссасы мына фор-мула бойынша анықталады

Осыған ұқсас теңдіктен С нүктесінің ординатасын анықтайды. Екі жағдайда да а және b кесінділерін көлденең масштабтың көмегімен өлшеген жөн.

Картада шын және магниттік азимуттарды, бағыттың дирекциондық бұрышын анықтау

Берілген сызықтың дирекциондық бұрышын (α) өлшеу үшін оның бастапқы нүктесі арқылы абсцисса осіне параллель түзу жүргізіледі. 0°-тан 180°-қа дейінгі дирекциондык бұрышты өл- шегенде транспортирдің нөлдік градусы километрлік тордың солтүстік вертикаль бағытымен сәйкестендіріледі (22-сурет).

Л.Н.Гумилева атындағы Еураазиялық ұлттық университеті

Күні: _______ 201.

Басылым: Екінші

ДӘРІС

ЕҰУС

11 тен 4 бет

Ал 180°-тан артық болса, онда оңтүстік бағытпен сәйкестендіріледі де, бұл кезде алынған санға 180°-ты косады.

Картада өлшенген дирекциондық бұрыштың мәнін біле отырып шын азимутты (А) есептеп шығару үшін мына формула пайдаланылады:

мұндағы α — бағыттың дирекциондық бұрышының табылған мәні, градус; γ — берілген карта бетіне меридиандар жақындасуының орташа мәні, ол картаның оңтүстік рамкасының астында схема түрінде берілген, градус.

Сызықтың магниттік азимутын анықтау үшін магниттік бұрылу шамасын, яғни шын меридиан мен магниттік меридиан арасындағы бұрышты білу қажет. Магнит тілінің бұрылуы шығыстык және батыстық болуы мүмкін. Магниттік азимут немесе . .мұндағы δ — магнит тілінің бұрылуы, оның мәні картаның оңтүстік рамкасының астындағы схемада көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]