Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Geodezia_D_1241_ris_1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
180.22 Кб
Скачать

Л.Н.Гумилева атындағы Еураазиялық ұлттық университеті

Күні: _______ 201.

Басылым: Екінші

Дәріс

ЕҰУС

5 тен 1 бет

Дәріс 1

Геодезия және топография туралы жалпы мәліметтер Геодезия пәні және оның міндеттері

Геодезия — жер туралы ғылымдардың бірі. Адамзаттың бағзы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан заңдылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде келуіне негіз болды. Грек тілінен аударғанда «геодезия» сөзі «жерді бөлу» деген мағынаны білдіреді.

Геодезия—жердің немесе оның жекелеген бөліктерінің пішіні мен көлемін, жерді карталар мен пландарға түсіру және адамның инженерлік қызметтің әртүрлі міндеттерін атқару мақсатында жер бетін өлшеу әдістерін зерттейтін ғылым.

Адамзат қоғамының дамуына және ғылым мен техниканың есуіне байланысты, геодезия бірнеше дербес ғылыми және ғылыми-техникалық пәндерге бөлінеді:

1. Жоғаргы геодезия-жердің және планеталардың фигура- лары мен келемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негізгі тірек жүйелерін қүру женіндегі міндеттерді шешеді. Жоғарғы геодезия міндеттерін шешу әдістерін зерттеу бойынша жеке пәндер болып геодезиялық астрономия, гео- дезиялық гравиметрия және ғарыш геодезиясы бөлінеді.

Геодезиялық астрономия — геодезиялық тірек жүйелері үшін аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталык бастапқы мәліметтерді анықтап беру мәселелерімен айналысады.

Геодезиялық гравиметрия — жер бетінің жекелеген нүктелерінің ауырлық күшін арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жердің фигурасын зерттеумен шұғылданады.

Ғарыш геодезиясы—Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жербеті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді.

  1. Геодезия немесе топография жер бетінің біршама шағын учаскелерін түсірумен байланысты мәселелерді зерттейді.

  2. Картография жер бетінің едәуір территорияларынын кескіндерін әр түрлі мақсаттағы карталар түрінде жасау әдістерімен процестерін, оларды жасау және көбейту технологиясын зерттейді.

  1. Аэрофототопография жердің карталары мен пландарын фотосуреттер және әуеден тусірген фотосуреттер бойынша жасаудың әдістерін талдаумен айналысады.

  2. Теңіз геодезиясы мұхиттар мен теңіздер тубінін табиғи корларын барлау мен картаға түсіруге байланысты арнайы өлшеу әдістерін талдау жасайды.

  3. Қолданбалы геодезия іздеулер, кұрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, жабдықтарды монтаждау, сонымен катар еліміздің табиғат байлықтарын пайдалану кезінде атқарылатын геодезиялық жұмыстардыц әдістерін зерттеумен айналысады. Қолдаибалы геодезия өзінің жұмыс барысында геодезия әдістерін кең пайдаланады, ал кейбір жағдайларда оиы өз тәсілдері мен кұралдары арқылы шешеді.

Л.Н.Гумилева атындағы Еураазиялық ұлттық университеті

Күні: _______ 201.

Басылым: Екінші

Дәріс

ЕҰУС

5 тен 2 бет

Геодезия мен топография пәнінін нстізгі ғылыми-техникалық міндеттеріне мына төмендегідей жұмыстар жатады:

а) жер бетіндегі жекелеген иүктелердің орындарын тандап алынған координаталар жүйесінде анықтау;

б) әр түрлі инженерлік ғимараттарды жобалау және салу кезінде сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірісіиде, жер бетінің және қойнауының табиғат байлықтарын пайдалануда қажет болатын түрі, сипаты, дәлдігі жағынан алуан түрлі өлшеулерді жер бетінде немесе жер астында атқару;

г) еліміздің қорғаныс қажеттілігін геодезиялық мәліметтермен қамтамасыз ету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]