Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРС (Казакстан когамдагы орта тап).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
95.74 Кб
Скачать

2.5 Әлеуметтік жаңғырту: мақсаты, міндеттері, қағидаттары.

Жолдау-2012 әлеуметтік саладағы жаңғырту үдерістеріне қуатты серпін берді. Алайда, іс жүзінде әзірше проблематикалардың ең үстіңгі «қабаты» ғана «ашылды». Осы себепті, олар одан әрі шешуді қажет етеді. Сондықтан, әлеуметтік жаңғыртудың барлық мемлекеттік органдар басшылыққа алуы тиісті барлық үдерістерін түсінудің біртұтас пішінін айқындау маңызды. Және бұл түсінік барша халыққа қолжетімді болуы тиіс. Мен өзімнің болашақты қалай көретініммен бөлісейін. Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүргені көкейге қонымды: 1. білім беру мекемелерін оңтайландыру; 2. оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; 3. білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Оңтайландыру аясында білім берудің үздік¬сіз көлбеуін нығайту қажет. «Жасқа қарайғы» білім берудің тұтас лифт сияқты мектепке дейінгі, бастауыш, орта, кәсіптік, жоғары және жоо-дан кейінгі барлық түрлерінің өзара қисынды байланысын қалпына келтіру маңызды. Бұл орайда жеке және мемлекеттік білім беру мекемелері ұсынатын білім беру қызметтерінің арасындағы елеулі алшақтыққа жол беруге болмайды. Білім беру жүйесі жалпыұлттық күйінде қалуға тиіс. Біріншіден, орта білім беру жүйесінде директорлар корпусының сапасын жақсарту жөнінде шаралар атқару қажет. Екіншіден, мемлекеттік білім беру үлгі-қалыптарының жеке мектептерде, колледждер мен жоо-ларда, соның ішінде халықаралық жоо-ларда да сақталуына бақылауды жолға қою қажет. Үшіншіден, жоо-ларды оңтайландыру үдері¬сін жүргізу маңызды.

Қазақстанда 146 жоғары оқу орны бар. Олардың талайы маман тәрбиелеп шы¬ғарудың қажетті сапасын қамтамасыз ете алмайды. Үкімет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе отырып, қазақстандық еңбек нарығын Бесжылдық Жалпыұлттық Болжауды талдап-жасауды және жариялауды тәжі¬рибеге енгізуге тиіс. Мұндай құжат маман¬дық таңдауда қазақстандық мектеп бітірушілер үшін жол көрсеткіш болады. Сондай-ақ қазір жұмыс істеп тұрған барлық жоо-ларды тексерістен өткізіп, қорытындысы бойынша олардың санын біріктіру немесе жекелеген мекемелерді тарату жолымен оңтайландыру керек. Төртіншіден, дуальды кәсіби білім беруді дамыту маңызды. Жаппай мамандықтар кадр¬лары¬ның жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін осы заманғы қолданбалы біліктілік орталықтары қажет. 1. ҚР Үкіметі жоо-лардың санын оңтайландыру және кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз етпейтін білім беру мекемелерінің лицензияларын қайтарып алу жөніндегі жұмысты жалғастырсын. 2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Білім және ғылым минис¬трлігімен бірлесе отырып, 2014 жылдан бастап еңбек нарығын дамытудың бес жылдық болжауларын талдап-жасауды қамтамасыз етсін. Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінде оқу үдерісінің практикалық жағына жеткілікті көңіл бөлінбейді, оқушылардың жеке ерекшеліктері нашар ескеріледі. Балалардың, жасөспірімдер мен жастарды олардың есеюі мен табысты әлеуметтенуінің дара міндеттерін шешуге бағыттайтын рухани-парасаттылық тәрбиесінің тәсілдері жеткіліксіздігі жөніндегі мәселе күн тәртібінде өткір тұр. Іс жүзінде бүкіл оқу-тәрбие үдерісі ескірген әдістемелерге негізделген. Оқу-тәрбие үдерісінің тарихи білім сынды маңызды ісі жеке тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуы міндеттерін шешуге атымен бейімделмеген. Нақтылық мынада, оқушылар Қазақстан тарихы пәнін «зеріктірерлік», «қызықсыз», «бытысқан» пән деп санайды. 2012 жылы «Алтын белгі» медалін алуға үміткерлердің талайы нақ осы отандық тарих жөніндегі «өкінішті» сұрақтардан «омақасқаны» көп жайды аңғартады. Мектеп курстарында көбіне көп кеңестік білім беру жүйесінің сарқыншақтары сынды әскери дайындық, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері бағдарламалары бар. Сонымен бірге, оқушыларға қазірдің өзінде қажетті инновациялық курстар жоқ. Мысалы, өте көкейкесті болып табылатын «Қазақстан құқығы» (оның болмауы жас¬тардың құқықтық нигилизмі мен сауат¬сыз¬дығына соқ¬ты¬рады), «Өлкетану» (туған жерге махаббат отан¬шылдықтың негізі ғой), жеке табысқа жетудің, жеке тұлғаның әлеуметтенуінің әдістемесі сынды «Акмеология» сияқты пәндер қайда? Олардың жоқтығы жастардың едәуір бөлігінің әлеуметтік инфантилизміне, ересек өмірге бейімделе алмауына, басқа да келеңсіздіктерге ұрындырады. Жастардың бір бөлігі діни секталардың, экстремистердің, есірткіге құмар және қылмыстық топтардың «оңай олжасына» айналады. Мұның бәрінің басты себебі – әлеуметтік инфантилизм, өзінің өмірі мен өз отбасының әл-ауқаты үшін өзі жауап бере алатын ересек әрі кемел азамат болуға шамасы жетпеушілік. Сондықтан бүгінгі таңда оқу-тәрбие үдерісін түбірінен өзгерту маңызды. Білім беру қызметтерінің қолжетімділігі мәселесі көкейкесті күйінде қалуда. Бұл орайда қосымша білім берудің интерактивті түрлерін дамыту қажет. Алайда, менің интерактивті білім беруді дамыту жөніндегі алға қойған міндетім, өкінішке орай, тар мағынада түсініліп, солай жүзеге асырылуда. Интерактивті тақталарды пайдаланумен интерактивті білім беруге қол жеткізе салмаймыз.

Қорытынды

Ұлттық байлықтың жан басына шаққандағы көлемі жөнінен біз көптеген елден әлі тым артта келеміз. Мысалы, осы көрсеткіш дамыған ел - Сингапурда 30 мың доллар шамасында болса, алдыңғы қатарлы елдерге жақын Венгрияда 14 мың доллардан асады. Яғни біздің адам басына шаққандағы табысымыз осы елдерден бес-он есе төмен. Батыс елдерінің ауылында бір жұмыскердің істейтін жұмысын біздің бес адамымыз істейді, олардың бір сиырдан сауатын сүтін біздің үш сиырымыз әрең береді. Израильдің сиырлары жылына орташа есеппен 7 мың литр сүт береді. Ал біздің сиырларымыз жылына 2,5-3 мың литр сүт берсе, соған шүкіршілік етеміз. Дамыған елдерде бір гектардан алынатын астық бізден үш-бес есе артық. Міне, осы ретте Қазақстан жаңа технология мен инновацияға негізделген өндірісті дамытып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды мықтап қолға алуы керек, Қазақстан Республикасы қоғамдағы орта тапты дамытуы керек. Бүгін мен өз сөзімді барлық қазақстандықтарға арнаймын. Біз әлемдік дағдарыстың қиыншылықтары арқылы ХХІ ғасырға жаңа – жалпыға ортақ еңбек қоғамы трендінің қалай біртіндеп еніп келе жатқанын айқын көріп отырмыз. Либералдық бағыттағы да, сол сияқты социалистік бағыттағы да қиялшыл идеялар өткен ғасырдың еншісінде қалуда. Әлеуметтік реализм іс жүзіндегі векторға айналуда. Сондықтан біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға бағытталуы тиіс. Шындықты мойындайық: болашақта ХХІ ғасырда тек еңбек қана барлық қазақстандықтардың және жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алады. Мен қазақстандықтардың әлеуметтік жаңғырту саясатына қолдау көрсететініне, оның сыртында оны жүзеге асыруға барынша тікелей және мүдделі түрде атсалысатынына мейлінше сенімдімін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Кенжеғали Сағадиев/Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты/;

  2. Интернет желісі;

  3. «Егемен Қазақстан» газеті/Қайта өрлеу кезеңі/2012ж, тамыз айы/

  4. Жолымбет Мәкішев/ «Абай-ақпарат»/

  5. «Егемен Қазақстан» газеті/ Талғат Есмаганбетов/»Қазақстан қоғамдағы орта» мақаласы/

  6. Н.Ә.Назарбаев/Жолдау-2012ж/