Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРС (Казакстан когамдагы орта тап).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
95.74 Кб
Скачать

2.3 Орта тап өкілдері кімдер?

Социолог Тимур Айсауытовтың айтуынша, ресми стандарт негізінде анықталған орта тапқа Қазақстанда орта буын мамандары, кәсіби жұмысшы тап, коммерциялық құрылымдағылар, бюджет саласындағы менеджменттің орта буыны кіреді. Бұл ретте бюджеттік саладағы топ-менеджмент жоғарғы тапқа өтіп кететіндігін айта кету керек. Бірақ оның да белгілі бір себептері бар дейді социолог. Оның пікірінше, бюджеттен қаржыландырылатын ортанқол мекемелердің басшыларының ресми алатын айлығын ғана есептейтін Ресми емес стандарт бойынша есептелген орта тапқа Қазақстандағы топ-менеджмент қана ілігіп, орта буын мамандары мен кәсіби жұмысшы табы кедейлер қатарына түсіп қалып отыр.болсақ, онда олар орта тапқа іліге де алмай қалады. Сол секілді бюджеттен қаржыландырылатын ірі мекемелердің басшыларының айлық табысын ресми жалақының мөлшерімен теңестіретін болсақ, мұндай жағдайда жоғары тап санатына еніп отырған олардың қоғамдағы мәртебесі төмендеп, орта тапқа шақталып қалады екен. Бірақ бұл жерде коррупция факторын ескермеуге болмайды дейді социолог. Оның айтуынша, сыбайласқан жемқорлық қолдағы қартаны танымастай етіп өзгертіп жібереді. Алайда ол бюджет саласындағы менеджмент өкілдерінің бәрі осы фактордың әсерінде деп айтуға болмайтындығын ескертеді, бірақ оны толықтай ешкім жоққа шығара алмайтындығын мойындайды. Сонымен ресми емес стандарт бойынша есептелген орта тапқа Қазақстандағы топ-менеджмент қана ілігіп отыр. Коррупциядан түскен «пайданы» кері шегеріп алып тастағанда оның қатарын бюджет саласының топ-менеджменті толықтыратындығын айтып өттік. Есесіне, бұл ортадан орта буын мамандары мен кәсіби жұмысшы табы қол үзіп, мүлде төменгі тапқа – кедейлер қатарына түсіп қалып отыр. Ал тәуелсіз социолог қоғамда төменгі топ - кедейлердің үлесі 80 пайызға жуықтайды дегенді алға тартады. Азаттық радиосының орта тап деңгейіне коррупция факторын қоса есептеп жүргізген зерттеуінің нәтижесі тіпті басқаша болып шықты. «Демократиялық құндылықтарды, заң билігін, транспаренттілікті, толеранттылықты және сауда еркіндігін ұстанудың арқасында біз тұрақты мемлекет құрып, мықты әрі білімді орта тап қалыптастырдық» деп жазды президент Назарбаев.Тимур Айсауытов, «Damu» маркетингтік және социологиялық зерттеулер агенттігінің директоры. Алматы, 1 қазан 2009 жыл. Қазақстандық социологтар елдегі орта таптың үлесін 65 пайыздан бастап 20 пайызға дейінгі аралықта қарастырады. Мамандар осы аралықтағы меженің бірін орта тап көрсеткіші деп анықтау үшін өзінің әртүрлі критерийлерін ұсынып келеді. Олардың қайсысы қоғамның объективті көрінісі екендігін дөп басып айту оңай емес. Бірақ осы есептеулердің өзінің бір заңдылығы бар екен. «Damu» маркетингтік және социологиялық зерттеулер агенттігінің директоры Тимур Айсауытовтың пікірінше, «Қазақстанда орта тапты бағалаудың критерийлерін анықтау ісінде қос стандарт қалыптасқан: біріншісі – ресми биліктің мүддесін көздейді; екіншісі – оған балама болатын нұсқа. Яғни, біздің орта тапқа қатысты зерттеуіміз де осы екі стандарттардың ара қатынасына құралады.