Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРС (Казакстан когамдагы орта тап).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
95.74 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университеті

Білімгердің

өзіндік жұмысы

Тақырыбы:Қазіргі Қазақстандық қоғамдағы орта тап

Орындаған: Жайдарбекова А.

Курс: ГиМУ, 2-курс

Қабылдаған:

Алматы – 2012

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

Қазақстан Руспубликасы қоғамындағы орта тап.

2.1 Орта тап көрсеткіші ресми есеп бойынша.

2.2 Н.Ә.Назарбаевтің бағалауындағы орта тап қандай?

2.3 Орта тап өкілдері кімдер?

2.4 Жаңғырту үдерістерінде тәуекел бар ма?

2.5 Әлеуметтік жаңғырту: мақсаты, міндеттері, қағидаттары.

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Қазақстан 20 жылдан астам шепті еңсерді. Еліміздің алдынан жаңа перспективалар ашылды. Алайда, бірнеше жылдан бері әлем мазасыз күй кешуде. Дағдарыс жаһандық деңгейде еңсерілген жоқ және әлемдік қоғамдастық қысымды турбулентті жағдайда тұр. Қазіргі әлем барлық плюстерімен және минустерімен төтенше деңгейде өзара байланысты болып отыр. Бұл - барлық елдер де есептесуге тиісті шындық. Оның үлкен, орташа және шағын елдердің бәріне де қатысы бар. Осының барлығы мемлекеттен кесімді әлеуметтік саясат жүргізуді талап етеді. Және маған әлеуметтік мәселелерді әркез бақылауымда ұстап, оларға тұрақты түрде қайта оралуыма тура келеді. Менің назарымдағы басты мәселе - әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету. Және бұл қажеттілік болып табылады, өйткені, әлеуметтік мәселелерді шешуге еліміздің барлық азаматтарының өмірі мен күн сайынғы өзін өзі сезінулері тәуелді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда әлеуметтік мемлекеттің берік іргетасы қаланды. Қазақстан объективті түрде орташа Еуропа елдерінің әлеуметтік даму сапасы деңгейіне нақты жақындады. Қазақстандықтардың өмір үлгі-қалыптары тұрақты жоғарылауда. Бірақ біздің азаматтарымыздың тұрақтылық пен игілік жемістерін қаншалықты тиімдіпайдаланып келе жатқаны маңызды мәселе болып табылады.Елбасы Н.Ә.Назарбаев Парламентте «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Қазақстанға экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету арасында тиімді тепе-теңдік табуының өмірлік маңызы бар. Мен әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін нақ осыдан көремін. Әлеуметтік мәселелерді «кейінге» қалдыруға болмайды. Ал бұл, өз кезегінде, жаһандық дауылдарға қарсы тұра алу үшін жаһандық тұрақсыздық жағдайында, жаңа ғасыр жағдайында, Қазақстан қоғамы қандай болуы керек деген сұрақтарға жауапты талап етеді. Біздің жүзеге асырылмаған резервтеріміз бен мүмкіндіктеріміз неде? Әлеуметтік саясат орнықты, жасампаз болуы үшін тағы не істеу керек? Бүгін өткен жүз жылдықтың 60-шы жылдарында кеңінен таралған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасының елесі айқын сезіледі. Тұтынудың бұл идеологиясы бүлдіруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік масылдықтуындатты және жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі болып табылады. Тек бүкіл әлемде ғана емес, сондай-ақ тіпті дамыған елдерде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табуға болады.

Және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы болып табылады. Бұл жерде ешқандай өзіндік идеология ойлап шығарылмайды. Ақыр аяғында, әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегімен жасалады.Сондықтан біздің әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбекті қоюға тиіспіз деп санаймын. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы көз жетпейтін көкжиекте ойлап табылмаған. Бұл - практикалық, прагматикалық идея. Ол маған тіпті етене жақын, өйткені, мен қазақстандықтар жақсы білетіндей, өзімнің кәсіби жолымды «ақ саусақтар» секілді кабинетте де, паркетте де емес, жұмысшы-металлург ретінде бастадым. Ал бұл, атап айтсам, нағыз кәсіп болып табылады! Қанша жыл өтсе де, бұл еңбек мектебін ұмыту мүмкін емес. Бүгінде еңбек - ХХІ ғасыр жағдайындағы шешуші ұлттық фактор ретінде, жаһандық бәсекелестік жағдайында, - алдыңғы кезекке ілгерілетілуі тиіс. Еңбек адамының беделін көтеру қажеттігі туралы осы идеяларды мен қазақстандықтардың хаттарынан, сондай-ақ әлеуметтік жаңғырту міндеттеріне екпін түсірілетін менің Жолдауым мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөздеріме Қазақстанның барлық бұрыштарынан келген үнқатулардан оқып жүрмін. Қазақстан қоғамындағы лайықты еңбек тақырыбы кең көлемді пікірталас пен қолдау туғызды десем, артық айтқандық емес.

Негізгі бөлім