- •Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университеті
- •III Қорытынды
- •IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- •2.1.Орта тап көрсеткіші ресми есеп бойынша.
- •2.2 Н.Ә.Назарбаевтің бағалауындағы орта тап қандай?
- •2.3 Орта тап өкілдері кімдер?
- •2.4 Жаңғырту үдерістерінде тәуекел бар ма?
- •2.5 Әлеуметтік жаңғырту: мақсаты, міндеттері, қағидаттары.
2.1.Орта тап көрсеткіші ресми есеп бойынша.
Бүгінде әлеуметтік жаңғыртудың мақсаттары мен мәні қоғамды жаңа индустриялық-инновациялық экономика жағдайындағы өмірге дайындаудан, Қазақстанның үдемелі экономикалық дамуы мен қоғамдық игіліктермен кең көлемді қамтамасыз ету арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табудан, құқық пен әділеттілік қағидаттарына негізделген әлеуметтік қатынастарды бекітуден тұрады. Жаңғырту үдерістері шеңберінде қандай маңызды міндеттерді шешу қажет? Бұл тізім құрғақ және ұзақ-сонар көрінуі мүмкін, бірақ оны атап айтқан жөн. ● Жанжалды жағдайларды ескертудің, реттеу мен шешудің әділетті заңдары мен нақты құқықтық нормаларын, сондай-ақ әлеуметтік қатынастардың барлық жүйесінің қызметін қабылдап, іске қосқан ұтымды. ● Қазақстандықтардың сапалы әлеуметтік үлгі-қалыптары мен кәсіби біліктілігі жүйесін, әсіресе экономикалық белсенді тұрғындардың арасында жасап енгізу міндеті тұр. ● Негізінде мемлекеттің, жеке сектор мен кәсіби бірлестіктердің әріптестік механизмдері болатын әлеуметтік-еңбек қарым-қатынасының тиімді моделінқұру маңызды. ● Қазақстандықтардың өмірінде өзін өзі ұйымдастыру, оның ішінде жергілікті өзін өзі басқару органдары бастауын дамытып, азаматтардың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруда нақты тетік болуы тиісті азаматтық қоғам институттарын «заманалыққа айналдыру» керек. ● Қазақстан қоғамы өмірінің ақпараттық құрамдасын біршама жоғарылатып, Интернет-технологияның мүмкіндіктерін азаматтарды ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекет пен тұрғындардың тұрақты «кері байланысын» нығайту мәселелерінде де кеңейту міндеті тұр. ● Орта таптың үздіксіз өсуіне, инновациялық экономиканың басты қозғаушы күші -креативті таптың пайда болуы мен дамуына жағдай жасау маңызды. ● Масылдық пен әлеуметтік инфантилизм секілді құбылыстарды еңсеріп, жеке адам мен бизнестің жоғары жауапкершілігіне, барлық еңбек субъектілерінің мемлекетке қатысты әріптестік өзара қарым-қатынасына негізделген еңбек қызметі мен игілікке жаңа тартымдылық енгізу қажет. ● Жаңғыртудың маңызды аспектісі - Қазақстанда биліктің барлық деңгейіндегі сарапшылар мен менеджерлердің кәсіби корпусымен «тігінен» және «көлденеңінен» құрылған әлеуметтік үдерістердегі тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құру. Міне, барлық мемлекеттік органдар осы міндеттерді шешуге бағдарлануы тиіс. Қазақстандағы орта таптың пайыздық көрсеткіші ресми және ресми емес жіктеуге байланысты құбылып отырады. Президент Назарбаев Қазақстанда мықты орта тап қалыптастырдық дейді.
2.2 Н.Ә.Назарбаевтің бағалауындағы орта тап қандай?
Биыл 8 қыркүйекте американдық «Вашингтон Таймс» газеті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Демократия өскінінің әлеуеті» атты мақаласын жариялады. Мақала авторы елдегі демократиялық дамуды тілге тиек ете отырып, Қазақстандағы орта тапқа қатысты пікірін де бір сөйлеммен білдіріп өтіпті. «Демократиялық құндылықтарды, заң билігін, транспаренттілікті, толеранттылықты және сауда еркіндігін ұстанудың арқасында біз тұрақты мемлекет құрып, мықты әрі білімді орта тап қалыптастырдық» деп жазды президент Назарбаев.Тимур Айсауытов, «Damu» маркетингтік және социологиялық зерттеулер агенттігінің директоры. Алматы, 1 қазан 2009 жыл. Қазақстандық социологтар елдегі орта таптың үлесін 65 пайыздан бастап 20 пайызға дейінгі аралықта қарастырады. Мамандар осы аралықтағы меженің бірін орта тап көрсеткіші деп анықтау үшін өзінің әртүрлі критерийлерін ұсынып келеді. Олардың қайсысы қоғамның объективті көрінісі екендігін дөп басып айту оңай емес. Бірақ осы есептеулердің өзінің бір заңдылығы бар екен. «Damu» маркетингтік және социологиялық зерттеулер агенттігінің директоры Тимур Айсауытовтың пікірінше, «Қазақстанда орта тапты бағалаудың критерийлерін анықтау ісінде қос стандарт қалыптасқан: біріншісі – ресми биліктің мүддесін көздейді; екіншісі – оған балама болатын нұсқа. Яғни, біздің орта тапқа қатысты зерттеуіміз де осы екі стандарттардың ара қатынасына құралады. Орта тап көрсеткіші ресми есеп бойынша: Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы «Файнэншл Таймс» газетіне берген бір сұхбатында орта тапқа ерекше ден қойғандығын былайша сипаттапты: «Біз қазір жоғарыда 10-15 пайыз байлар, төменде, мүмкін, 10-15 пайыз кедейлер, мына жерінде (ортасы) орта тап (60-70 пайыз) болатын қоғам құрғымыз келеді». Ресми стандарт президент Назарбаевтың жоғарыда айтып өткен жоспарындағы көрсеткіштерді дәлме-дәл қайталайды (1 диаграмманы қараңыз). Социолог Тимур Айсауытовтың айтуынша, Қазақстанда ресми стандарт бойынша орта тап мынадай критериймен анықталады: тамақ, киім-кешек, жеке меншік үй немесе пәтер, көлік, сондай-ақ білім дәрежесі, медициналық қызмет. Яғни, ресми стандартқа сай келетін орта таптың осы қажеттіліктерді кез-келген уақытта шешуге мүмкіндігі бар болуы керек. Айсауытовтың есептеуі бойынша, Қазақстанда осындай қажеттілікті өтей алатын бір Қазақстандық өлшем бойынша айлық табысы бір адамға шаққанда 1000 доллардың шамасындағылар орта таптан жоғары тапқа қарай аяқ басушылар болып есептеледі.адамның айлық табысы 500 доллардан кем болмауы тиіс. Егер сіз отбасын асырап отырсаңыз, онда сіздің айлық табысыңыз отбасының әрбір мүшесіне бөлінгенде, әрқайсысына кем дегенде 500 доллардан жетуі тиіс деген сөз. Қазақстандық өлшем бойынша айлық табысы бір адамға шаққанда 1000 доллардың шамасындағылар орта таптан жоғары тапқа қарай аяқ басушылар болып есептеледі екен. Мысалы, үш баласы бар отбасының жиынтық айлық табысы 5000 доллардан кем болмауы тиіс. Социологтың айтуынша, мұндай айлық табыстың негізінде құралған орта тап тұрғындардың басқа да көптеген қажеттіліктерін шеше алмайды. Өйткені, оның тапқан табысының ауқымды бөлігі тамақ пен тұрмысқа қажетті ұзақ мерзімдік тауарларға жұмсалады – шамамен 75 пайыз (2 диаграмманы қараңыз). 2 диаграмма. Айсауытовтың пікірінше, дәл осындай есепке құралған орта тап өкілін АҚШ-қа көшіріп апаратын болсақ, ол елде бұл кедейдің деңгейіне түсіп қалады. Өйткені аталған екі ел арасындағы сатып алу паритетінің деңгейі, сондай-ақ оны бағалау критерийлері де әртүрлі болып келеді. Сол секілді АҚШ-тың орта тап өкілін Қазақстанға көшіріп алып келетін болсақ, ол өзіне қажетті нәрсені бұл елден тіпті таппай қалуы мүмкін. Осыдан келіп Қазақстанда ресми стандартқа балама болатын ресми емес стандарт пайда болған. Орта тап көрсеткіші ресми емесесеп бойынша: Батыстың дамыған елдері қолданатын бірқатар критерийлерге негізделген ресми емес стандарттар бойынша Қазақстанның орта табының үлесі, ресми стандартқа қарағанда, бірнеше есе қысқарады. Есесіне, төменгі таптың үлесі 80 пайызға сәл жетпей тоқтайды екен (3 диаграмманы қараңыз). Социолог Тимур Айсауытовтың пікірінше, мұндай стандартты ресми билік, сондай-ақ Қазақстан тұрғындарының өзі бірден қабылдай салуға дайын емес. «Қазақстан халқының санасына жаңа форматты, яғни орта тап туралы Батыстың түсінігін, чип ретінде енгізетін болсақ, онда бұл жағдай тұрғындардың төбесіне жай түскендей әсер етері анық: халықтың 90 пайызына «сендер – кедейсіңдер» дегенді есту қайдан жағымды бола қойсын. Ал ресми билік мұны ешқашан айтпайтындығы түсінікті», – дейді социолог. Халықтың басым бөлігінің өздерін кедейміз деп санамайтындығына қатысты бір социологиялық зерттеу қорытындыларын келтіре кетсек. Қазақстанның социологтар және саясаттанушылар қауымдастығының 2004 жылдың аяғында республиканың 17 ірі қаласында жүргізген социологиялық зерттеуі барысында сұралғандардың 60 пайыздан астамы өздерін «орта тап» өкілдеріміз деп таныстырған. Әсіресе Қостанай, Павлодар, Семей тұрғындарының 70-80 пайызы осылай деп атап көрсеткен екен. Сонымен қатар, тұрғындар медициналық қызмет, білім, экологиялық жағдай, адам құқығының сақталуы деген мәселелерге аса бас ауыртпайтындығын байқатқан. Социологтардың пікірінше, мұндай нәтиже халық өзін «кедеймін» деп мойындауға көп жағдайда дайын еместігін, сондай-ақ жақсы өмірдің айрылмас бөлшегі саналатын элементтерді қолдың қысқалығынан немесе мүмкіндіктің жоқтығынан көзге ілмейтіндігін көрсетеді. Оның себебін ресми емес стандартты қолдайтын мамандар орта таптың үлес салмағы Қазақстанда аз екендігімен түсіндіреді. Социолог Айсауытовтың айтуынша, мұндай өлшемнің негізінде анықталатын орта тап өкілінің айлық табысы кем деген 2000 доллар болуы тиіс. Бұл көрсеткіш тұтыну қоржынына енетін элементтердің салыстырмалы түрде көптігі және сапасына қатысты шыққан (4 диаграмманы қараңыз). Айта кетерлік жайт, дамыған елдерде айлық табысы 10 мың доллардан асатын адамдарды ғана орта тапқа жатқызады.
