Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет готовый.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
22.09.2019
Размер:
106.75 Кб
Скачать

Билет № 23

1.Қазақстанның тәулсуздік алуы ,ТМД(1989–1992 жж.)Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан республикаларының жетекшілері өзара төрт жақты шарт жасау жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша олар өздерінің Одақтық шартқа қарсы қоятын талаптарының бар екендігін ашып айтты. Республикалар бұрынғы федерацияның орнына, енді конфе­дерация түріндегі одаққа бірігу жөнінде талап қойды. Ол бойынша Орталықтың шешуіне сыртқы саясат, халықаралық мәселелер, сыртқы сауда, мемлекеттік банк және финанс, елдегі қорғаныс мәселелерін шешуді қалдырып, қалған мәселелердің барлығын жергілікті жерлерде шешу дұрыс деп есептелінді. Олар көптеген саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздері шешетін болды.Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларус және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Әрменстан, Беларус, Гүржістан, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықтыТәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды .Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатнасты құруға көмектесті. ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі.

2.Олжас Омарұлы Сүлейменов (1936) — орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолда­нуға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші.1936 ж. Мамырдың 18 Алматыда дүниеге келген.

●1959 ж. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Геология факультетін, кейін А. М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітіреді.●1962—71 жж. Казахстанская Правда ұнжариясының әдеби қызметкері, Қазақфилм киностудиясы сценарлық-редакцялық алқасының бас редакторы, Просторжурна­лының бөлім меңгерушісы болып жұмыстар атқарады.●1971—81 жж. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, сонымен бірге 1972 ж. Азия-Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақстандық көмитеттің төрағасы болды.●1981—83 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы.●1983—91 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болды.●1989 ж. ақпанында халқаралық Невада-Cемей ядролық қаруға қарсы қозғалысының президенті болды.●1991 ж. қазанынан Қазақстан Халық конгрессі партиясының төрағасы, құрметті төрағасы болды.●1994 ж. сәуірде шақырылған ҚР Жоғарғы кеңесі төрағалығына ұсынылады, мәжілісте өз үміткерлігін талаппен алып тастайды.●1994—95 жж. ҚР Жоғарғы кеңесінің Қоршаған орта және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі●.1995 ж. тамызынан бастап ҚР Италия республикасындағы, 1996 ж. сәуірінен Грекия республикасындағы, сондай-ақ Мальта республикасындағы төтенше және өкілетті елші міндетін атқарды.Олжас Сүлейменов — құдіретті рухтың көңілінен шығып, өз замандастарын Ақиқат пен Сұлулыққа жақындата түсу үшін Алланың өділеттілікті аңсау мен соған деген ұмтылысты бүкіл болмысына енгізіп қойған ақындардың бірі. Шындығында, Сұлулықты суреттеген сайын біз оған бір қадам жақындай түсеміз! Ақиқатты бейнелеген өрбір сәтте біз онымен біріге түсеміз.1975 ж. жарық көрген «Аз и Я» кітабі түркі және славян халықтарының ежелгі жазба ескерткіштеріне арналған. Тым-тым арғы, есте жоқ ескі замандағы ұлт пен ұлыстардың тілі, ғұрып-әдеті сөз болған бұл кітапті кейінгі зерттеушілердің тамаша қолғанаты, оқушылардың, қызығушылардың сүйп оқыр ғылымнамасы деуге болады.

3.Біріккен Ұлттар Ұйымы(ҚР-02.03.92) – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым.192 мемлекет кіреді.Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.НАТО- Солт. Атланттық келісім ұйымы), құрылған жылы: 1946 жылы, штаб–пәтері: Брюссель, мүше елдер: АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, Канада, Дания, Исландия, ГФР, Чехия, Венгрия, Польша, Греция, т.б. мақсаты: әскери саяси одақ, біртұтас қорғаныс жүйесін құру.

Билет№24

1.1993 жылы 28 қаңтарда Республика Жоғары Кеңесі құқықтық мемлекет құрудың ірге тасы, оның мемлекеттілігінің, тәуелсіздігін қамтамасыз етудің, экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық прогресс жолымен алға баса беруінің кепілі болып табылатын тәуелсіз Қазақстан Конституциясын қабылдады.1993 жылдың аяғы Қазақстанда кеңестердің жаппай өзін-өзі таратуымен ерекшеленді.. Желтоқсанның 8-күні Ал­маты қаласында Республика Жоғарғы Кеңесі XI сессиясының II кезеңі өз жұмысын бастады.1994 жылы 7 наурызда Қазақстан Республикасындағы сайлау жөніндегі жаңа кодекске сәйкес Жоғарғы Кеңеске сайлау өтті. Бұл сайлаудың ерекшелігі сол, салыс­тырмалы көпшіліктің мажоритарлық жүйесі депутаттыққа кандидаттарды Президенттің ұсыну тәжірибесімен бірге қолданылды. 1995 жылғы сәуірдегі Қазақстан Рес­публикасының Конституциялық соты «1994 жылғы 7 наурызда сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің легитимді еместігі (заңсыздығы) жөніндегі» қаулы қабылдады. Осы қаулы бойынша қызметі 1993 жылғы Конституцияға негізделген XIII шақырылымның Жоғарғы Кеңесі өзінің өкілеттігін тоқтатты.1994 жыл 6 шілде – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезекті жалпы отырысында Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы мақұлданды.1995 жылғы 30 тамыздағы референдумда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Оған қатысқан адамдардың 90%-ы біздің мемлекетіміздің жаңа Ата заңын жақтап дауыс берді.Cебебі 1993 жылғы конституция көпшіліктің көңілінен шықпады , және оны бірнеше кемшіліктері блды.Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемл. тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды.

2. Мемлекеттік Ту — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнектік жолақ түрінде нақышталғанБұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков — суретші, Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы.Ежелгі Тараз жерінде дүниеге келген, шеше жағынан полковник, Кеңестер Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туысы болып келеді.Дүниеге келгені: 1938 ж. қарашаның 12-індеРәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. авторлары Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.Жандарбек Мәлібеков (1942, Жаңақорған ауданы Екпінді ауылы) – сәулетші. ҚР Елтаңбасы авторларының бірі (1992). Өзбекстанның еңбек сіңірген сәулетшісі.Уәлихан, Шот-Аман Ыдырысұлы (Шота Уәлиханов) — сәулетші. Уәлиханов Шота Ыдырысұлы (26.4.1932 ж. туған, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауыл) – сәулетші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі (1978), профессор, Шығыс елдері Халықаралық сәулетші академиясының академигі (2001).Ш. Ы. Уәлиханов бірнеше ірі ғимараттардың, 20 монумент пен ескерткіштің (басқалармен бірге) авторы.Әнұранысөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаевәні: Шәмші ҚалдаяқовтыкіОтанды, Атамекенді, мемлекетті, тарихи оқиғалар мен олардың батырларын мадақтайтын поэзиялық-музыкалық шығарма, мемлекеттің негізгі рәміздерінің бірі.1935 жылдың 28 қарашасында Гурьев (Атырау) облысы Тенгіз (қазір Құрманғазы) ауданындағы Ашақ деген жерде дүниеге келген.Жұмекен атасы Нәжімеден Стамғазиевтің бауырында өсіп, тәрбие алған.ұмекен Нәжімеденов өзінің 48 жасқа толуына алты күн қалғанда, 1983 жылдың 22 қарашасында дүниеден озды.

3.Реформа-қайта құру,өзгерту,қайта жасау.Референдум-аса маңызды мемлектеттік мәселе бойынша жалпы халықтық дауыс беру;мемлекеттік құқықта сайлаушылар корпусының конституциялық,заңдық түпкілікті шешім қабылдауы.

Билет №25

1.1991 жылғы 10 желтоқсанда Елбасының жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.1992 жылғы қаңтарда Республиканың Мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оның ішкі істер әскері құрылды.1992 жылы 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді.1992 жылы 25 мамырда Достық, ынтымақтастық және өзра көмек туралы шартқа қол қойды.1992 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Гимні – дүниеге кел­ген күн ретінде мәңгі есте қалады.1993 жылы 28 тәуелсіз Қазақстан Конституциясын қабылдады.1994 жыл 6 шілде – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезекті жалпы отырысында Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы мақұлданды.1995 жылғы 30 тамыздағы референдумда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Оған қатысқан адамдардың 90%-ы біздің мемлекетіміздің жаңа Ата заңын жақтап дауыс берді.1997 жыл – Н. Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысы» атты кітабы жарыққа шықты. Республика Президенті Жарлығымен жалпы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды. Қазақстан 60тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданған.1999 жыл 10 қаңтар – Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып қайтадан сайланды.2000 жыл – Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды. Бұл жылы мәдениет мекемелерін дамытуға, олардың материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуір жұмыстар атқарылды. Мәдениетті қолдау жылының шарықтау шегі Түркістан қаласының 1500 жылдық тойын тойлаумен сабақтас келді.1999 жылдан бастап Қазақстан үкіметі елдің өнеркәсібін жандандыруда бірсыпыра шараларды іске асыруға күш салды. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы жа­салып, химия өнеркәсібі мен машина жасау саласын дамыту бағдарламасы тиянақталды.Үкімет 2002 жылдан бастап ауыл шаруашылығына қатысты үлкен жүйелі жұмыстарды жүргізе бастады. Жер, Орман және Су кодекстері жасалды. 2002 жылы 5 ма­усымда мемлекеттік-аграрлық бағдарлама қабылданды. Ол 2003–2005 жылдарды қамтыды, яғни ауылды қолдау, өркендету жылдары деп аталды.Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді.

2. Астана — қазақ елінің төртінші астанасы (1998) ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі (1994ж. 6 шілде, 106-қаулысы) және Мин. Каб-і (1996 ж. 6 шілде) ҚР-ның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулылар қабылдады. Оған себеп Ақмоланың республиканың кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы, қаланың елеулі өнеркәсіптік әлуеті, құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болуы, ірі тасымал торабына орналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуник, инфрақұрылымның болуы, жоғары білікті кадрлар әлеуеті, жеке меншік секторды және кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктердің молдығы, аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық, қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің жеткіліктігі сияқты факторлар еді.Тұрғыны 500 мыңнан астам адамды құрайды. Қала Есіл өзенінің оң жағасында жазық жерде орналасқан.«Астана -Бәйтерек» монументі Елорданың басты көрнекті орындарының бірі — сол жағалаудағы алғашқы сәулетті құрылыс — «Бәйтерек» монументі. Осынау бірегей нәзік кешен Астананың символдық бейнесіне айналды. Монумент негізіне шетсіз-шексіз мұхит шайып жатқан Көктөбе тауында өсетін, ертегідегі ағаш туралы аңыз алынды. Жыл сайын оның жапырақтарына қасиетті құс — Самұрық алтын жұмыртқа салады. Алайда, жыл сайын оны айдаһар жеп қояды, бұл Күн мен Түннің, Жаз бен Қыстың, Жақсылық пен Жамандықтың алмасуын бейнелейді. Евразиялық кеңістіктің нағыз кіндігінде, өркениеттер тоғысында өмір ағашы — Бәйтерек терең тамыр­ларымен жерді ұстап тұр, ал оның бұтақтары аспанмен таласады."Бәйтеректің негізгі идеясы — ол Бейбітшілік Ағашы. Мұндай ағаштың басты қызметі әлемнің үш деңгейлі құрылымын біріктіру: төменгі жерасты, жер үсті және аспан әлемі.Бейбітшілік пен келісім сарайын атақты британдық сәулетші Норман Фостер жобалады. Сарай ғимараты елорданың жаңа әкімшілік орталығының орталық бөлігінде президенттік сарайға апаратын жолдың кіндігінде орналасқан. Төменгі бірнеше деңгейін 1500 орындық опера театры алып жатыр. 25 қабатты ғимараттың биіктігі –, оның іргетасының аумағы да осындай. Ғимараттың ішінде жиналыстар мен конферекциялар өткізетін бөлмелер, үш қабатты мұражай, көрме және концерт жалдары, кітапхана, діни конфессилардың кеңселері орналасқан. Пирамиданың ұшар басында әртүрлі діндер мен конфессиялар көшбасшылары жиналыстарын өткізетін.Астана-қазақтың үшінші мынжылдыққа, жиырма бірінші ғасырға шаршамай жеткен, кірленбей жеткен, пассионарлық әулетің сақтаған ұлт екендігін айғағы. Астана-қазақтың достыққа адал, сертке берік салты барлық қазақстандықтардың ортақ менталитетіне айналған. 1999 жылы ЮНЕСКО Астананы «бейбітшілік қаласы» деп атады. Онда әкімшілік ғимараттардың сәулеттік кешені – «Ақ Орда» резиденциясы, үкімет үйі, Сенат пен Мәжіліс ғимараты орналасқан. Танымал сәлет туындысы – Бейбітшілік және Келісім сарайы бой көтерген.1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді

3.Декларация-мемлектеттер,үкіметтер,партиялар,ұйымдар атынан жасалатын мәлімдеме.Ассамблея- белгілі бір мәселелерді шешу немесе талқылау үшін біршама адамдардың жиналысы (халықтық және сословиелік, орталық және жергілікті); бірлестік;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]