Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет готовый.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
22.09.2019
Размер:
106.75 Кб
Скачать

Билет №6

І. Шетел интервенциясы және Азамат соғысы 1918-1920: Орта Азия мен Қазақстанды интервенттер мен ақ гвардияшылардың басып алу қаупі төнді. Ак лиегионерлер 1918 жылдың ортасында, Көкшетау, Омбы, Семей, Ақмола, Қостанай, Павлодарды басып алды. 1918 жылдың тамыз айында Иран мен Каспий сырты облыстарына ағылшын әскерлері енді. 1918 наурызда Оралды ақ казактар қаланы басып алды. 1919 жылы қаңтар айында Қызыл Армия Орынбор мен Оралды алды. Ақ гвардияшыларға қарсы партизан қозғалысы өрістеді.

ІІ.Әлихан Бөкейханов қоғам қайраткері: XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ресей конституциялық-демократиялық партиясының мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған. Әлихан Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. «Қазақ» гәзетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.

ІІІ.Интервенция - бір немесе бірнеше елдің басқа бір елдің ішкі істеріне зорлықпен қолсұғуы. Империализм - күштеп билікті алу,үстемдік жүргізу

Билет №7

І. Қазақтың ұлттық мемлекеттігі қалпына келтірілуі: 1920 жылы 26 тамызда Қазақ АКСР құру туралы декрет қабылданды. 1920 жылы Орынбор қаласын да Қазақ АКСР Кеңестерінің құрылтай съезі болды.Съезд жоғарғы өкімет органдарын республиканың орталық атқару комитеті (төрағасы: Мендешев) мен халық комиссарлары кеңесін (төрағасы: Радус Зенкович) сайлады.Съезде Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы қабылданды. Қазақ әскери революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, респ. Шекара белбеуімен айналысты. Аумақ мәселісі жөнінен дау шықты.

ІІ. Сәкен Сейфулин тарихи тұлға - қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасы қызметін атқарған. қазақ әдебиетіне жаңа түр, күрескерлік идея, жанды бейне, көркем образдар әкелген ақиық ақын, ірі қоғам қайраткері, әдебиет зерттеушісі, жазушы-драматург. Ол 1894 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған. Сәкеннің жан-жақты білім алуы, азаматтық көзқарасының қалыптасуы Ақмоладағы приходская школада, қалалық үш кластық училищеде, 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқуымен тығыз байланысты. 1914 жылы жиырма жастағы семинарист Сәкеннің "Өткен күндер" атты өлеңдер жинағы Қазанда басылып шығады.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылғы Қазан төңкерісі Сәкен өмірінде, оның азаматтық тағдырында ерекше орын алады. Ел ішінде бала оқытып жүрген жас ақын патша қылағаннан кейін Ақмолаға келеді.

ІІІ.Комунист - (большевик )қоғамның барлық мүшелерінің әлеуметтік теңдігі болатын тапсыз қоғам орнатуды жақтайтын адам(.социализмді, жақтаушы) , комсомол - коммунистік жастар одағы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]