Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет готовый.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
22.09.2019
Размер:
106.75 Кб
Скачать

Билет №8

І. Жаңа экономикалық саясаттың қиындықтары мен табыстары:1921ж.наурыз жэске көшу туралы қаулы қабылданды.Азық -түлік салғыртын салыққа алмастырылды.Қиыншылықтар:жұт әсерінен малдың 80% қырылды.1921 ж. жазда қуаңшылық болып,аштық басталды.Аш адамдар респ. халқының 1/3 бөлігін қамтыды.Т/р:Ауылшаруашылық несие қоғамы құрылды;балалар үйі,асханалар ашылды;еңбекшілердің жағдайын жақсарту үшін азық-түлікті,отынды тегін босату, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету туралы қаулы қаб/ды,аудандарды ет салығынан босатты.Тауар айырбасы мен тауар айналымының маңызы артты. Жеке саудаға рұқсат етілді.

ІІ. Ғани Мұратбаев комсомол ұйымдастырушысы: Орталық Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі, БЛКЖО мен Коммунистік Жастар Интернационалының қайраткері. 1919 жылы Коммунистік Жастар ұйымына мүше болып қабылданып, бірер жыл қалалық, уездік комитетте жұмыс істеді. Жетісу облысында мұғалімдер даярлайтын курстар ұйымдастырды, Жетісу облысы және Ташкент, Самарқан, Верный қалалары комсомол ұйымдарының негізін қалауға атсалысты. Ташкенттегі жетім балаларды интернатқа, балалар үйіне орналастыруға белсене кірісіп, олар үшін ұйымдастырылған интернаттың директоры болды. 1920 жылы Түркістан комсомолының 3-съезінде ОК мүшелігіне сайланып, қазақ-қырғыз жастары бюросын басқарды.

ІІІ.Кооперация-ортақ мақсатты жүзуге асыру үшін адамдардың өзара бірігіп жұмыс істеуі. Купон-бағалы қағаздардың кесіп алатын талоны.

Билет №9

І. Қазақстандағы индустрияландыру үрдісі:Қаз-да инд-ру табиғат байлығын зерттеуден басталды.Орал-Ембі аудандарында мұнай қоры, Жезқазғанда мыс қоры бар екенін анықтады.Ф.Н. Голощекин билікке келді.Қиыншылықтары: әкімшіл-әміршіл әдістің болуы;халық билігінің жеке билікпен ауысуы; ЖЭС-тің тоқтатылуы;өлкенің мәдени ж/е экономика жағынан артта қалуы;білікті мамандардың жетіспеуі. 1927 ж. Түрксіб темір жолын салу басталды. 5 жылдың орнына 3 жылда салып бітеді. Салдары:аграрлы респ/ң индустриалды-аграрлық аймаққа айналуы;ұлттық жұмысшы табының құрылуы;қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағының өсуі;инженер-техникалық интелегенцияның қалыптаса бастауы. Алматыда аяк киім және екі тігін фабрикалары, Семейде тері илейтін комбинат және ет комбинаты, Атыраубалық-консерві және Алматы жеміс-көкөніс комбинаттары, Талдықорғанда, Меркеде, Жамбылда қант зауыттары, Алматыда темекі фабрикасы, нан пісіретін және май шайқайтын зауыттар қатарға қосылып, өз өнімдерін шығара бастады. Шымкент корғасын зауыты, Балқаш және Жезқазған мыс қорыту, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттарының құрылыстары басталды.

ІІ. Ш.Құдайбердиев философ, аудармашы:1858-1831 жж аралығында өмір сүрген.Парсы, түрік,арб,орыс тілдерін меңгерген.Шәкәрім «Еңлік-Кебек» ғашықтық жырын, «Қалқаман-Мамыр» поэмасын жазды. 1911 ж. «Түрік,қазақ,қырғыз һәм хандар шежіресі» атты кітабы жарық көрді.Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн» шығармасын аударды. Оның әшкерелейтіні де халық басындағы кемшілік, мақтан тұтары да халықтық қазына. Әр кезеңде жазылған «Бай мен қонақ», «Партия адамы», «Ей, көп халық, көп халық», «Өкінішті өмір», «Қазақ», «Насихат», «Тағы сорлы қазақ», «Қош!», «Қош, жұртым» тәрізді өлеңдерінде ұлтының басындағы халді шыншылдықпен бейнелеп береді. Ақыл мысалдары нанымды. Оларда сол көзеңнің тарихи дамуына тән ерекшеліктер белгі береді. әсіресе 1917 жылғы төңкeрістер көзінде айқын естілді. Патша тақтан құлатылған сәтте «Бостандық таңы атты», «Бостандық туы жарқырап» деп қуана өлең жазды. Бір қарағанда ұран іспетті көрінетін бұл өлеңдерде жалаң қуаныш, лепірген сезім ғана емес, ақынның лирикасына тән терең философиялық ой бар. Ә дегеннен-ақ, ақын мына болып отырған жаңалықтан өзінше ой түйеді.

.

3. Индустрияландыру-экономикадағы өнеркәсіп өндірісі үлесінің ұлғайтылуы. Ұжымдастыру - шағын шаруа шаруашылықтарын ірі ұжымдық шаруашылыққа біріктіру.

Билет № 10

1.Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру науқаны: Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты (1925–1933 жж.) ЖЭС-ті жүзеге асыру мәселесі шаруашылыққа біраз өзгерістер әкелді. Ең алдымен кооперативтік қозғалыс дамыды.Ұжымдастыру қарсаңында 1072 ұжымдық шаруашылық жұмыс істеді. 1929 жылы республикадағы мал саны 40,5 миллионға дейін жетті. Бірақ Ф. И. Голощекиннің «ауылды кеңестендіру» бағыты игі нәтижелерге кері әсер етті.1928 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесі мен Орталық Атқару Комитеті «Ірі бай шаруашылықтарын, жартылай феодалдары конфискелеу және жер аудару» декретін қабылдады. Нәтижесінде 657 бай жер аударылып, олардан 145 мың мал алынды. Малдар, негізінен, колхоздарға берілді. Көптеген орташа шаруалар байлардың қатарына жатқызылды.Ауыл шаруашылғын күштеп ұжымдастыру Коммунистік партияның XV съезінде ауыл шаруашылғын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақ жерінде колхоз құрылысы 1922 жылдан бастап кеңейді.Ұжымдастыру ісіне көмек ретінде ауылды жерлерге 8000 жұмысшы жіберілді. 25 мыңдықшылар деп аталған 1204 "ұжымдастырушы" Мәскеу, Ленинград сиқты орта­лықтардан жіберілді.Ауыл шаруашылығының ұжымдастырылуы өте қатал жағдайда жүргізілді. 1931 жылы көшпенді және жартылай көшпенді шаруаларды жаппай отырықшыландыру жөнінде міндет қойылды. Ұжымдастыру жедел және жоспарсыз жүргізіле бастады.1928–1931 жылдардағы ұжымдастыру барысы:республика шаруашылығының 1928 жылы 2% -ы,1930 жылы сәуірде 56,4%-ы, 1931 жылы қазанда 69%-ы ұжымдастырылды.Ауыл шаруашылық өнімдерін және малдарды күшпен алды. Мысалы, 1931–1932 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80%-ы етке өткізілді. Балқаш ауданының халқына 297000 малға салық салынды, ал Балқаштың барлық малы 173000 ғана болды. Торғайдағы 1 млн. малдың 98 мыңы ғана қалды.Кулактарды жою ісі қатал жүргізілді. Шолақ белсенділер орташалармен қатар кедей шаруаларға да зорлық жасады.Ұжымдастыру зардабы:1929–1933 жылдар аралығында Қазақстандағы біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) 3386 адамды ату, 13151 адамды түрмеге қамау туралы үкім шығарды. Көптеген адамдар өздерінің малдарынан айырылды.1930–1932 жылдары Қазақстанды әйгілі ұлы жұт аштық жайлады.

2. Жүсіпбек Аймауытов- қазақ- кеңес әдебиет өкілі - Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар об­лысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады. Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты ко­миссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. Шекспир, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой т.б. шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, пси­хология, методика, эстетик, тәрбие туралы зерттеулер тудырды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері — күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. Халыққа қасірет әкелген алапат аштық тұсында — Ж. Аймауытұлы мұраттас серіктестіктерімен бірге қолұшын береді. Мәдени-рухани тұрғыдан, әлсуметтік жағынан қолдап, көмек етеді. Отызыншы жылдардың ойранына, НКВД-нің қанды шеңгеліне түскен қайран ер таланты кемелденіп, үлкен шығармашылық кезеңге бет бұрған шағында- 1930 жылдың 21 сәуірінде Мәскеудегі Бутырька түрмесінде атылды.

3. Метрополия-басқа елдерді басып алып, отарлап билеуші,қанаушы империалистік мемлекет. Миграция-халықтың қоныс аударуы

Билет №11

1. 30-жылдары КСРО-да социалистік қатынастар орнығып болды. Социализмнің тоталитарлық, казармалық сипатының көрінісі:●Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс-құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетілді. ●Бюрократиялық орталық нығайып, республикалар іс жүзінде толық егемендік алмады. Республикалардың заң шығару бастамасы болмады. ●1936 жыл – сталиндік КСРО Конституциясы жариялаған бюрократиялық орталықтандыру орнықты.Елде «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген сталиндік теория үстемдік етті. Нәтижесінде:●Жазалау органдарының қызметі күшейтілді; ●Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі Кеңестер қызметі шектелді. ●Одақтық Ішкі істер халық комиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып, жазалау шаралары іс жүзіне асырылды. Жазалау шаралары: ●Ату жазасы●Жер аудару●Еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау●КСРО-дан тыс жерлерге қудалау. ●Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып, жазаланды.Осындай оқи,алардан кейін 1936 жылғы 5 желтоқсан – КСРО Кеңестерінің төтенше VIII съезінде КСРО Конституциясы қабылданды.Қазақ АКСР-ы Одақтас республика болып қайта құрылып, Қазақ КСР-і атанды.Оның екі жағы болды. Тиімді жағы: ●Қазақ халқының саяси теңдікке, территортялық автономия құқығына қолы жетті. ●Индустриясы жедел дамыды. ●Мәдениет, білім беру саласында табыстарға қол жетті. Тиімсіз жағы: ●Экономика мен мәдениет саласында қол жеткізген табыстар тым қымбатқа түсті; ●Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты;●Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды.

1938 жылғы маусым – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Оған барлығы 300 депутат сайланды: 112-сі – жұмысшы; 116-сы – колхозшы; 152-сі – қазақ; 60-сы әйел, оның 27-сі қазақ әйелі.1938 жылғы 15 шілде – Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы болып, оны Ж. Жабаев ашты.

2. Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (1893 – 1938) – Жұмабай Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұма­бай ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. «Алаш» партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. 1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.1929 жылы Жұмабайұлы «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. 1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. «Үш жүз» партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті. Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны “хакім” деп атады, ұлы ақынның “мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты1929 жылы Жұмабайұлы «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. 1937 жы­лы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

3.Мобилизация-мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайна көшіру.Демобилизация-әскери қызметкерлерді міндетті қызметтен босату,не отставкаға,резервке шығару

Билет №12

1. (Қазақстан ұлы отан соғыс жылдарнда)ЕДС 1939 жылы Германияның Польшаға шабуылымен басталды1940 жылғы 18 желтоқсан – фашистік Германия басшылығы «Барбаросса» соғыс жоспарын жасады.Олрадың Мақсаты: ●КСРО-ға қарсы соғыс ашу; ● «Қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтау. 1941 жыл 22 маусым – фашистік Германия КСРО-ға тұтқиылдан соғыс ашты. Ұлы Отан соғысы басталды. Еңбекшілер Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады. Республикада 2 миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақстан майдан арсеналдарының біріне айналды (арсенал – күш-қуат, қару-жарақтар қоймасы).Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті, төрт жыл ішінде олар 34млн тонна көмір өндірді, бұл шахтаның бүкіл өмір бойы өндіргенінен 3 млн. тонна артық еді. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39 пайызға арттырды, электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті. Армия қатарына 1млн. 196300 қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР-нен 700мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16мың офицер даярлап шығарды. 1941–1945 жылда­ры әскери оқу орындарына 42мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шарала­ры жүргізілді. Сонымен қатар неміс фашистері басып алған жерлерден кәсіпорындар көшіп келе бастады. 1941 жылдың екінші жартысында республикаға барлығы 142 кәсіпорын көшіріліп әкелінді. Республикаға 1,1 млн. астам адам көшіріліп әкелінді. Соғыс жылдары Қарағанды көміршілері Сібір, Орал, Поволжье өнеркәсіп аудандарын жоғары сапалы кокстелген көмірмен жабдықтап тұрды. 19 жаңа шахта мен 3 көмір разрезі іске қосылды. Соғыстың соңғы үш жылында Қазақстан 2472,2мың тонна сапалы мұнай өндірді. Соғыс кезінде барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шах­та және басқа өндірістер салынды.

2.Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шолтаров, В. Лобанов, К. Әбдірахманов, К. Иманқұлов, Е. Качанов, В. Фурсов , майор Бауыржан Момышұлы т. б. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. Қызыл Армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі де көп болды. Қазақстандық генерал-майор И. В. Панфилов пен комиссар А. С. Егоров басқарған 316-атқыштар дивизиясының аты аңызға айналды. Бұл дивизия 1941 жылы 26 қазаннан 18 қарашаға дейін ерлікпен жауға қарсы шайқасты. 1941 жылы 18 қарашада И. В. Панфилов ерлікпен қаза тапты. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста ерліктің тамаша үлгісін көрсетті. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс шта­бына басып кіріп, немістердің көзін жойған Т. Тоқтаровқа кеңестер Одағының батыры атағы берілді. 1941 жылы қыркүйекте қазақстың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ленинградтықтарға арнап жазған «Ленинградтық өренім» жыры фашистердің қоршауындағы қаһарман қала халқына, оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді. Сталинград түбінде қазақстандықтар Қ. Сыпатаев пен А. А. Бельгин өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды. Ленинград үшін шайқаста қазақ жауынгері Сұлтан Баймағанбетов кеудесін оққа төсеп, Александр Матросовтың ерлігін қайталады. Ол Кеңестер Одағының батыры атанды.

3.Радикализмя-терең, батыл шаралар қолдану әрекеті.Мәмілеге келмейтін саяси йымдар тобы.Оппазиция-лат. opposіtіo – қарсы қою) – өз көзқарасын, саясатын басқа саясатқа, көзқарасқа қарсы қою, қарсы әрекет жүргізу; бір көзқарастар мен әрекеттерді басқаларына қарсы қою;

Билет №13

1.Ғылымның дамуы -XX ғасырдың 30 жылдарында Қазақстан ғылымы қалыптасып, дами бастады. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне 1920 жылы құрылған «Қазақстанды зерттеу» қоғамы көп үлес қосты. Бұл қоғамда Қ. Жұбанов, С. Аспандияров, Ж. Аймауытов, А. В. Затаевич, А. Байтұрсынов т.б. сияқты ғалымдар еңбек етті. 1926 жылы М. Е. Массон Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.Ғылым арқасында Қарағанды, Екібастұз көмір қорлары, Ембі мұнай қоры анықталды. Соғыс қарсаңында КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы құрылды.Өнері дамуы-XX ғасырдың 20–30 жылдарында Алматы, Орал, Петропавл, Семей, Ақмола, Қостанай қалаларында түрлі деңгейдегі мәдениет мекемелері жұмыс істеді.А. В. Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» (1925 жылы), «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» (1931 жылы) деген еңбектерін жазып, қазақ музыкасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. А. В. Затаевичке 1932 жылы Қазақ АКСР-ның халық артисі атағы берілді. Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев 1925 жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы, 1927 жылы Францияның астанасы Париждегі концерттерге қатысып, Батысқа қазақ әнінің құдіретін танытты. 1926 жылы Қазақстанда алғашқы ұлттық қазақ театры сол кездегі астана Қызылорда қаласында ашылды. М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы – театрда алғаш қойылған пьеса .Қазақ әдебиетінде Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Дулатов, М. Жұмабаев бастаған ақындар мен жазушылардың орны ерекше болды. С. Сейфуллин — «Қазақ жастарының марсельезасы», «Көкшетау», шығармаларының авторы. 1927 жылы Қазан революциясы, азамат соғысы жайында «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи романын жазды.М. Жұмабаев «Батыр Баян», «Ертегі» т. б. дастандарын жазды.С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасын, «Ботагөз» романын жазды. 20–30 жылдардағы қазақ әдебиетінде аударма ісі де ерекше орын алды. Алаш қозғалысының жетекшісі Ә. Бөкейханов аударма ісінің шебері болды. Сталиндік бюрократизм, жазалау шаралары, репрессия қазақ әдебиетіне орны толмас шығын әкелді

2. С. Мұқанов -XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінін бірі - академик ж-ы Сәбит Мұқанов. Бүкіл шығармашылық жолы кеңес өкіметінің билік құрған жылдарымен тұспа-тұс. Әдебиеттің барлық жанрында еңбек етті. Қоғамдық мәселелермен айналысты.Сәбит Мұқанов 1900 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келеді. Қазір бұл ауыл Сәбит Мұкановтың есімімен аталады. Жеті жасқа келгенде әкесі, бір жылдан соң шешесі қайтыс болып, жетімдіктің зардабын шегеді. Сегіз жасында ауылдағы молдадан оқып, сауатын ашады. Табиғатынан зерек Сәбит хат танығаннан-ақ әр түрлі кітаптарды оқуға талпынады. Түрлі қисса, дастандарды оқиды. Абайдың шығармаларымен танысады. Көп дастандарды жатқа айтатьн болады. 1917 жылғы Қазан төңкерісін қазақ халқына келген теңдік‚ бостандық деп танып‚ әдебиетке кедейдің жырын жырлай келгендер ішінде коммунистік идеяға берілгендігімен ерекше көзге түскен Сәбит Мұқанұлы тек көркем шығарма жазумен ғана айналыспай, 1920-30 жылдары әдебиеттегі идеялық күреске белсене араласып‚ сын мен әдебиеттану саласында да қалам тартты. Сәбит Мұқанұлы әдебиетке араласқаннан бастап-ақ дәуір‚ заман алға қойған тақырыптарға қалам тербеді. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек етті. Сәбит Мұқанұлы қазақтың 19 ғасырдағы ойшыл-ғалымы Ш.Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Осы жөнінде шығарма жазу мақсатын жүзеге асыру үшін Қытайда, Шыңжаң өлкесінде болып, Шоқанның сонда өткізген өмір кезеңдерін, бастан кешірген оқиғаларын зерттеп білді. Соның нәтижесінде оның қаламынан «Жарқын жұлдыздар» атты зерттеу еңбегі туды. Ол сонымен қатар қазақ ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды, 18 және 20 ғасырларлардағы әдебиет тарихы және ақын-жыраулар шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер жазды. Сәбит Мұқанұлы есімі қазақ әдебиетінің «алыптар шоғыры» қатарында аталады. Оның шығармалары әлемнің 46 тіліне аударылды.

3.Жекешелендіру-мемлекеттің өз құқығын және қызметін толықтай немесе ішінара жеке тұлғаларға,ұжымға,жергілікті қоғамдық атқарушы органдарға беруі.Коллективтендіру-бірдей жұмысқа ебі бар ұсақ шаруалардың бірігуі.

Билет №14

1. 1945- 1960 жылдардағы қоғамдық саяси өмір, саяси қысым жағдайында. Хрущев жылымығы -оғыстан кейін де әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамда үстем болды. КСРО-да, соның ішінде Қазақстанда Сталиннің жеке басына табыну күшейді. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа тапталды. Қарапайым адамдар басқарудан шеттетілді. Соғыстан кейін 1946–1950 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса ірі ауыр кез болды. 1947 жылы елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. Соғыс жағдайына бейімделген ел экономикасының қайта құрылуы басталды. Сұрапыл жылдары соғыстың қажетін өтеп тұрған кәсіпорындар бейбіт тұрмыс өнімдерін шығара бастады. 1950 жылы 483 шақырымға созылған Мойынты-Шу теміржолы салынды. 1946 жылғы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы 1946–1950 жылдар аралығын қамтитын халық шаруашылғын қалпына келтіру мен дамытуға арналған бесжылдық туралы Заң қабылдады. Бұл жоспарда қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға үлкен мән берілді. Ауыр өнеркәсіптің дамуына, жаңа темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. 1953 жылы наурызда әміршіл-әкімшіл жүйенің идеологы, КСРО басшысы И. В. Сталин қайтыс болды. 1953 жылы наурызда әміршіл-әкімшіл жүйенің идеологы, КСРО басшысы И. В. Сталин қайтыс болды. Н. С. Хрущев жеке адамның басына табынудың жай-жапсары туралы баяндама жасады. Бұл баяндамада И. В. Сталин мен Н. Ежовтың, Л. Бери­яның заңға қайшы өрескел әрекеттері, олардың мұраға қалдырған, қолмен жасаған бюрократиялық жүйесі, қылмыстары туралы көптеген дәлелдер келтірілді. Адам құқығының аяққа тапталғандығы, көптеген жазықсыз адамдардың сотталып, өлтірілгені туралы да айтылды. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары ту­ралы» қаулы қабылданды. Съездің басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа дейін құпия түрде сақталды. 1959 жылы болған КОКП-ның XXI съезінде Н. Хрущев социализмнің толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтады.

2.Бекмаханұлы Ермұхан— Ермұхан Бекмаханов 1915 жылы ақпанның 15 жұлдызында Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласын­дағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу инс­титутында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Е. Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген «XIX ғасыр­дың 20–40 жылдарындағы Қазақстан» атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған. Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымов бастаған қозғалыстың та­рихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Е. Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. Шу ауданындағы Новотроицк селосында 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу жүмыстары жүргізіліп, 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдалды.Академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адам­дардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты. Өмірінің соңғы он жылында өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, орта мектептер үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын жазды.

3. Идеология – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қоғаушы деген түсінік.Цензура- баспасөзді, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік қадағалау н/е белгілі бір қоғамдық бірлестіктердің қадағалауын жүзеге асырушы субъект.

Билет №15

1. 1939 жылы Германияның Польшаға шабуылымен басталды1940 жылғы 18 желтоқсан – фашистік Германия басшылығы «Барбаросса» соғыс жоспарын жасады.Олрадың Мақсаты: ●КСРО-ға қарсы соғыс ашу; ● «Қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтау. 1941 жыл 22 маусым – фашистік Германия КСРО-ға тұтқиылдан соғыс ашты. Ұлы Отан соғысы басталды. Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақстан майдан арсеналдарының біріне айналды (арсенал – күш-қуат, қару-жарақтар қоймасы).Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті, төрт жыл ішінде олар 34млн тонна көмір өндірді, бұл шахтаның бүкіл өмір бойы өндіргенінен 3 млн. тонна артық еді. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39 пайызға арттырды, электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанның темір жол транспорты майдан мен тыл қажеттерін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды. Темір жолдағы жұмыстың көбін әйелдер атқарды. Олар теміржолшылардың 35 пайызын қамтыды. Ақмола-Қарталы, Гурьев-Қандағаш, Орск-Қандағаш темір жолдары іске қосылды. Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды орналастыруға республикада 2300мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды. Шымкент дәрі-дәрмек жасау зауыты шөптен дәрі жасауды игерді. Теміртауда Қарағанды металлургия комбинатын салу қолға алынды. Машина жасау зауыттары Алматыда, Шымкентте, Қарағандыда іске қосылды. Балқаш, Қарсақпай мыс қорыту зауыттары күшейді. Түсті металл шығару өсті. Тамақ өнеркәсібінің: Шымкентте жеміс-жидек консерві комбинаты, Алматы, Қарағандыда кондитер фабрикалары, Петропавлда темекі фабрикасы пайдалануға берілді. Соғыстың соңғы үш жылында Қазақстан 2472,2мың тонна сапалы мұнай өндірді. Соғыс кезінде барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шах­та және басқа өндірістер салынды. 943 жылы қорғаныстық маңызы бар ондаған кәсіпорындар іске қосылды, бұрыннан істеп тұрған кәсіпорындар өнім өндіруді арттырды. Мәселен, сол жылы республи­кадағы қара металлургия өндірісінің тұңғышы Ақтөбе ферросплав зауыты іске қосылып, өнім шығара бастады. Ақтөбе химия комбинаты бор, фосфор қышқылдарын, сода шығаруды жолға қойды.

2. Бауыржан Момышұлы-Туған жері Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Жас сардар Бауыржан Момышұлы Мәскеу түбінің қалың қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды бұзып, жалпы саны 207 рет қол бастап, ұрысқа кіріп, 27 рет әскери ғалымдардың айтуынша, соғыс тарихында болмаған тактикалық жаңалық жасады. Командир Момышұлы жетік стратег, асқан тактик болумен қоса, сұңғыла психолог та еді. Момышұлы өмірбаянының осы ең жауапты кезеңінде Мәскеу түбіндегі шайқас ерекше орын алады. 1941 жылы қазанның он бесі күні таң атар-атпастан панфи­ловшылардың И. В. Капров басқарған 1073-полктің қорғаныс шебіне фашистер шабуылын тынымсыз қайталай берді. . Баукең енді шегінудің нақты жоспарын жасады. Батальонның алдында жүретін он бес адамнан құрылған (алдыңғы жақты барлайтын) барлаушы қойып, взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірінің ізімен бірін жүргізе жылжуды ұйғарды. Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарды. Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырды. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырды. Қалың қарағайлы тоғай іші қар. Жауынгерлер шаршады. Әйтсе де табан­ды төзімділік көрсеткен батальон екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шықты. Барлаушылардың айтуынша, осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрады екен. Бұлар әлі шайқасқа қатыспапты. Әдісқой, тәжірибелі комдив И. В. Панфилов бұл полкті уақытша әдейі резервте ұстап тұр екен. «Б. Момышұлы басқарған батальон түгелдей жау қолынан қаза тауып, жойылып кетті» деген лақапты естіген олар түгелдей аман оралған жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды. Бауыржан бастаған батальон жа­уынгерлерін көргенде И. В. Панфилов қуанғаннан көзіне жас алды. көптеген техникасын жойып жіберді. Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді.

3.Лагер-белбілі бір топ үшін жассақталған,мекен ,жер.Репрессия-мемлекеттік оргнадар қолданатын жазулар шарасы.

Билет №16

1. 1950- 1960 жылдардағы ауыл шаруашылығы, тың игеру-1953 жылы КОКП пленумында ауыл шаруашылғын дамыту жөнінде шаралар белгіленді. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, бірақ қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді.Тың жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді.1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 миллион гектар жер игерілді. 1955 жылы 9,4 миллион гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн гектар жер жырту көзделген болатын. Тың жерлердің игерілуі жүргізілді: Ақмола, Солтүстік Қазақстан; Қостанай, Көкшетау;Торғай; Павлодар облыстарында.Тың жерлерді игеру мақсатында Қазақстанға көптеген жұмысшылар келді. 1953–1958 жылдар аралығында совхоздар мен колхоздарға 266,6 мың механизатор, 1954 жылы Ақмола облысына тың игеру үшін 20000-ға жуық адам келді.1954–1959 жылдар аралығында Қазақ КСР-де тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында 20 млрд-қа жуық сом жұмсалды.Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты.Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени обьектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.Тың игерудің салдары. Тың игеруге байланысты совхоздарға көбінесе тозған, бүлінген тракторлар мен комбайндар, ауыл шаруашылық техникасы жіберілді.Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Миллиондаған гектар жерлер жыртылғандықтан, малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын жерлер азайды.Коммунистік партияның жүргізген солақай саясатының кесірінен Қазақстан мал шаруашылғының дамуы баяу жүрді.

2. Қаныш Сәтбаев - Туған жері бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899–1964) — аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйым­дастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қаныш Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеалогиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да; мәдениет саласында да; тарихтан да қалдырған ізі сайрап жатыр. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрылысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытынды­лар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді.Қазақстан ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды. Ол геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі; бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты; СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумы­ның мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған.

3.Мобилизация-мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайна көшір. Демобилизация-әскери қызметкерлерді міндетті қызметтен босату,не отставкаға,резервке шығару

Билет №17

1. 1960- 1980 қоғамдық саяси дамудың қайшылықтары, Тоқырау жылдарының идеологиясы -60 жылдардың бастап мемлекет Кеңестерді дамыту ісіне басты көңіл бөлді. КОКП-ның XXII съезінде Кеңестердің беделін арттыру туралы мәселе қаралды. 1963 жылы Жоғарғы Кеңес депутаттарының саны 473 болды. Депутаттардың 158-і әйел болды. Кәсіподақ қызметі де бұл кезде жандана түсті. 1966 жылы кәсіподақ құрамында 4 млн-ға жуық адам болды. 1960 жылы мемлекеттегі рекреациялық қорлар кәсіподақ қарамағына берілді. 1961 жылы ауылдық жерлердегі мәдениет үйлері кәсіподақтың билігіне көшті. Социалистік жарыстар ұйымдастыру, еңбекшілердің құқықтары мен әлеуметтік жағдайларын реттеу кәсіподақтың міндеті болды.60 жылдардың ортасында комсомолдың беделі де айтарлықтай болды. 1965 жылы республика жастар ұйымы құрамында 1 млн-ға жуық жастар болса, оның 400000-ға жуығы өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, көлік, байланыс жүйелерінде еңбек етті.1962 жылы Қазақстан комсомолының X съезінде жастар мал шаруашылық саласын қамқорлыққа алды.Бірақ та бақса проблемалар болды. Тоқырау басталған еді.Тоқырау 1980 жылдың басында мына төмендегі мәселелер арқылы көбірек көрініс тапты:●еңбек тәртібінің босаңси бастауы;●ведомстволықтың күшеюі;●көпшілік арасында ішімдіктің бел алуы;●негізгі мәселелерді шешуде жұртшылық пікір-ұсыныстарының ескерілмеуі еді..Қазақстан 1960—1980 жылдарда. 1959 жылдың 14-15 қаңтарында өткен ҚК(б)П-ньң ІХ съезі КСРО-ның 1959—1965 жылдарға арналған халық шаруашылығын өркендетудің жетіжылдық жоспарының жобасын талқылауға және қиыншылыұтардан шығуға арналды. 1960 жылы 19 каңтарда Қазакстан компартиясы ОК-нің пленумы өтті. Д.А.Қонаев ҚК(б)П ОК-нің бірінші хатшысы болып сайланды. 1960 жылдың 10—12 наурызында ҚКП-ның X съезі өтті. Съезде жетіжылдық жоспарды мерзімінен бұрьш орындаудың іс-шаралары анықталды. Қазақстан Компартиясы ОК-нің Бірінші хатшысы болып тағы да Д.А.Қонаев сайланды. 60-жылдардың ортасындағы шаруашылық реформасы. Л.И.Брежневтің тұсында елде реформа жүргізу әрекеті байқалды. Экономика саласында 60-жылдардың ортасында халық шаруашылығы экономикалық тиімділік пен жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшуді колға ала бастады. Ол барлық жағдайды қол астында ұстап отыруды жөн көрді.

2. Қонаев Дінмұхамед (1912—1993) —мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасында өмірге келген.1912 жылы қаңтардың 12-сі Верный (Алматы) дүн.келді.Тау кен инженері мамандығын алған Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болып істейді.Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі.1942—52 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау кен ісі саласының ірі ғалымы Қонаев республика ғылымының дамуы жо­лында зор еңбек сіңіреді.Ол бірнеше мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1956 жылы СОКП Орталық комитетінің мүшесі.Партияның 23 съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 24 съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президи­умының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.Дінмұхамед Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама қайшылықты болғанымен, елдің экономи­касын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. 1960 жылдар басында Н. С. Хрущевтің озбырлығымен Өзбекс­танға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді.1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М. С. Горбачевтің келуіне байланысты Дінмухамед Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Ко­митетінің бірінші хатшылығынан босатылды. 18 минут өткізілген пленумда орнына Ульяновск облысынан Г. В. Колбин отырғызылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.

3. Реформа-Қата құру,өзгерту,қайта жасау.Референдум-аса маңызды мемлекеттік мәселе бойынша жалпы халықтың дауыс беруі;мемлекеттік құқықта сайлаушылар корпусының заңдық шешім қабылдануы.

Билет № 18

1.1960- 1980 жылдардағы Өнеркәсіп, Экологиялық дағдарыстар-60-жылдардың ортасындағы шаруашылық реформасы. Л.И.Брежневтің тұсында елде реформа жүргізу әрекеті байқалды. Экономика саласында 60-жылдардың ортасында халық шаруашылығы экономикалық тиімділік пен жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшуді колға ала бастады. Ендігіде өндіріс орындарындағы жұмыстың негізгі көрсеткіші өндірген өнімнің жалпы мөлшерімен емес, керісінше, оны қаншалықты дәрежеде өткізе білудің әдіс-тәсілімен өлшенетін болды. Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан АҚШ пен КСРО арасындағы әскери-стратегиялық бәсеке едөуір маңызға ие бола бастады. 1947 жылдың 21 тамызында КСРО мемлекеті арнайы қаулымен атомдық зерттеу сынак алаңын ашу туралы шешім қабылдады. Таңдау Казақ даласына, оның ішінде Семей қаласы маңына түсті. Сол жылдың күзінде сынақ алаңының құрылысы басталып та кетті. 1949 жылдың тамыз айында ядролық сынақ жүргізіле бастады.Азғыр атом сынақ алаңы Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарайтын үш мыңға жуық адам қоныстанған бір кездегі «Балқұдық» кеңшарының аумағында орналасты. Жарылыстар тұрғындарды басқа жерге көшірместен, елді мекендердің ортасында жүргізілді. Сынақ алаңында 17 рет жер асты жарылысы болды. Алғашқы жарылыс 500-дей тұрғыны бар Азғыр ауылынан 1,5 шакырым қашықтықта 160 метр тереңдікте болған. Жарылыстан соң осы алаңнан 20 тәулік бойы ауаға көтерілген улы заттар 5,4 млн люциді құраған. Бұдан кейінгі жарылыстарда да жер астындағы шұңқырлардан екі тәуліктен 11 айға дейін радиактивті заттардың ауаға шығып тұрғаны тіркелген.Байқоңыр ғарыш айлағы планетадағы 19 айлақтың бірі. Ол Қызылорда және бұрынғы Жезқазған облыстарының көлемді аумағына,.Оның салыну тарихы соғыстан кейінгі халықаралық жағдайдың ушығып кетуіне байланысты. Кеңес өкіметі елдің қауіпсіздігін нығайту үшін бірқатар шаралар қолдануға мәжбүр болды.1995 жылға дейін Арал теңізі өзінің байырғы көлемінің төрттен үшінен айырылды. Су деңгейі 19 метрге дейін төмендеді. Құрғап қалған теңіз табаны 33 мың шаршы шакырымға дейін жетті. Арал маңы аймағына қатысты кеңестік шаруашылық жоспарының қателігі салдарынан мыңдаған тонна тұз бен ауыл шаруашылығы химикаттары ауаға таралды. Бұл аймақтың кең жазығы мақта мен күріш егуге, одан мол өнім алуға барынша қолайлы деп табылып, Амудария мен Сырдария ағысын Шардара су қоймасына бұру арқылы егістік жер барынша ұлғайтылды.

2. Ғабит Мүсірепов- қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы.Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіріп, Қазан төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарады.Алғаш 1925 жылы «Едіге» әңгімесі «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды 1968 жылы «Кездеспей кеткен бір бейне» кітабы үшін Абай атындағы республикалық сыйлық алады. Араға бес алты жыл салып барып, прозадағы соңғы елеулі туындыларының бірі «Ұлпан» повесін жариялайды. Сонау отызыншы жылдарда ақ үлкен драматург екенін танытып, «Қыз Жібек» операсының либреттосын, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» пьесасын берген Ғ.Мүсірепов кейінгі жылдарда да бүкіл қазақ драматургиясының тамаша туындысы болып табылған «Амангелді», «Ақан сері Ақтоқты» пьесаларын жазады. Оның шығармаларының негізінде кинофильмдер түсіріледі.1957 – 62 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы болады.1959 жылдан КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған. Алғашқы «Тулаған толқын» (1928) повесінде 1918 – 1920 жылдардағы азамат соғысы жайы суреттелсе, «Қос шалқар» (1928), «Көк үйдегі көршілер» (1929), «Туннель» (1930), «Шұғыла» (1935), «Алғашқы адымдар» (1932) әңгімелері қазақ ауылындағы таптық күресті көрсетеді. 1934 жылы «Ананың арашасы» новеллалар циклын жариялады. «Оянған өлке» романында (1953, 1984) революцияға дейінгі Қарағандыдағы қазақ жұмысшыларының қалыптасу процесі суреттелген.Көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел – Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел – Ана тұлғаларының галереясын байыта түсті. Ол “Ананың анасы” (1933), “Өлімді жеңген ана” (1933), “Ашынған ана”, “Ананың арашасы” (1934), “Ер ана” (1942), “Ақлима” (1944), “Әмина”, “Ана жыры”, “Ана” шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы әңгімелері М.Горький сарынында алынғанымен, ана бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем өрнектелген.

3.Сенат-Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы.Мәжіліс-Қазақстан парламентінің төменгі палатасы

Билет № 19

1.Желтоқсан оқиғасы- 1985 жылы наурызда К. У. Черненко қайтыс болғаннан кейін, КОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы қызметіне М. С. Горбачев келді.Осындай күрделі қайшылықтардың нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына жеткізді.1986 жылғы желтоқсан оқиғасына жылдар бойы қордаланған осындай себептер түрткі болды. Орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар, шовинистік саясат т. б. қалыптасқан жағдайлар наразылықтың негізгі себептері болды.Наразылық сылтауы. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан коммунистік партиясының Орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д. Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комиетінің бірінші хатшысы болған Г. В. Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және халық мүддесін мүлде елемеушілік болды.Оқиға барысы. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында республика басшылығының ауыстырылуына қарсылық ретінде жастар толқуы басталды. Мұндай на­разылықтар басқа қалаларда да өтті. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Жастар толқуы бейбіт жағдайда Алматы көшелерінде бас­талды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан алшақ еді. Тек лениндік ұлт саясатының бұрмаланбауы, әр ұлтқа өз басшысын қою керек деген сөз жа­зылған тақтайлар ұстап жүрді. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез тарауын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы горнизоны, басқа да әскери күштер жастар жиналған Брежнев алаңын қошады. Демонстрацияны тоқтату мақса­тында КСРО-ның кейбір өңірлерінің ішкі әскер бөлімдері әкелінді.Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойылдар т. б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшы­лары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады.Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендердің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Оқу орнынан 271 студент, комсомолдан 787 адам шығарылды.Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова сияқты жастар жазықсыз өктем биліктің құрбандары болды

2. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков. (13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы – 21 ма­мыр 1988, Семей қаласы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы.1973 – 81 жылы Шу ауданы Төле би ауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды. 1981 – 83 жылы Бірлік ауылын­дағы бұрынғы Киров атындағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып, Көкте­рек тауарлы-сүт фермасында жұмыс істеді. 1984 – 86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін абыроймен өтеді. 1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға оралды. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті. Осы жылы16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Бірақ көтеріліс қатыгездікпен жаншылғаннан кейін 1987 жылдың қаңтарында ішкі істер органының қызметкерлері «Алматыда бір төбелеске қатысты» деген желе­умен Рысқұлбековті Мойынқұм ауданының орталығында тұратын нағашысы – М. Асанбаевтың үйінде демалып жатқан жерінен ұстап әкетеді. Кейіннен, көпшілікке мәлім болғанындай, тергеушілер зымиян әрекеттерімен Рысқұлбековке неше түрлі айла-шарғылар қолдана отырып, оны С. Савицкийдің өліміне кінәлі етеді. Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Е. Грабарниктің 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков – ең жоғары жаза – өлім жазасы – атуға бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері СОКП Бас хатшысы Горбачев пен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы Громыконың атына Рысқұлбе­ковтің жазасын жеңілдету туралы өтініштерін жолдады. Кейіннен Рысқұлбековтың ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауысты­рылды. Бірақ Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

3.Шовинизм – ұлтшылдық саясатынң бір бағыты.Реквизиция-жеке адамдардың не қоғамдық ұйымдардың мүліктерін мемлекеттің уақытша өзіне қаратып алуы.

Билет № 20

1. Қоғамды жаңарту шаралары, Демократияландыру үрдісі-Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан республикаларының жетекшілері өзара төрт жақты шарт жасау жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша олар өздерінің Одақтық шартқа қарсы қоятын талаптарының бар екендігін ашып айтты. Республикалар бұрынғы федерацияның орнына, енді конфе­дерация түріндегі одаққа бірігу жөнінде талап қойды. Ол бойынша Орталықтың шешуіне сыртқы саясат, халықаралық мәселелер, сыртқы сауда, мемлекеттік банк және финанс, елдегі қорғаныс мәселелерін шешуді қалдырып, қалған мәселелердің барлығын жергілікті жерлерде шешу дұрыс деп есептелінді.Бұл талаптар негізінде жаңа Одақтық шартқа қол қояр алдында 1991 жылы 19 тамызда Янаев, Павлов, Крючков, Пуго, Язов, т. б. қатынасқан мемлекеттік төңкерістің болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға келмеуімен байланысты одақтас республикалардың жетекшілері бұған дейін жүргізіп келген келіссөз та­лаптарынан бас тартты.Қазақстанның атынан Н. Ә. Назарбаев КСРО Жоғары Кеңесінің кезектен тыс сессиясында жаңарған Одақ енді федерация түрінде болуы мүмкін емес, тек конфедера­тивтік шарт негізінде болуы керек деп ашық айтты, яғни бұл тек тең құқықты республикалардың достық одағы болуы мүмкін деп көрсетті. Республикалардың бұл ұсы­нысы 1991 жылғы 19 тамыздан кейінгі оқиғаның артынша тәжірибе жүзінде іске асырыла бастады, бұрынғы бірыңғай одақтың орнына тәуелсіз мемлекеттер дос­тастығы қалыптасты. Олар көптеген саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздері шешетін болды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бойынша әскери, сыртқы және т. б. аса маңызды халықаралық мәселелерді бірігіп шешу міндеті ғана қалды. Тамыз уақиғасынан кейін Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы, оның құрам­дас бөлігі Қазақстан Компартиясы (1991 ж. Қыркүйек) тарихи аренадан кетті.Өкілеттіктер республика парламентінің 1991 жылы 20 қарашада қабылдаған «Қазақ КСР-да мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңы бойынша берілді. Заң негізінде Республиканың мемлекеттік басқару органдарында өзгерістер жасалды. Прокуратура, Мемлекеттік қауіпсіздік, Ішкі істер, әділет, Сот органдары қайта құрылды..

2. Ілияс Есенберлин— қазақ жазушысы. Ілияс 1915 жылы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған. 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітірген. 1942–47 жылдары Қазақстан КП ОК- нің нұсқаушысы. 1947–67 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы, «Қазақфильм» киностудиясында сценарий редколлегиясы­ның мүшесі, 1967- 71 жылдары «Жазушы» баспасының директоры, 1971 хылдан Қазақстан Жазушылар одағының екінші секретарыҰлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, «Жазушы» баспасын басқарады, т. б. жұмыстар атқарады.Тарихи романдары. Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары — «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» атты тарихи романдары.Тарихи романдары. Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары — «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» атты тарихи романдары.Жалпы алғанда, I. Есенберлиннің «Қаһар» романы — қазақ халқының азаттық жолындағы күрес шежіресіне қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі ке­зеңінің ішкі сырларын көркем түсінуге көмектесетін елеулі тарихи шығарма.Тарихи шығарма сол өткен заманның әлеуметтік-эстетикалық реконструкциясы ғана емес, онда бүгінгі уақыттың да философиялық концепциясы жатады.. І. Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» романдарын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу — көркем шығарманың эстетикалық актуаль­дығын арттыратын көркемдік фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция әкелген шығармалар деуге болады.«Көшпенділер» қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқан­дығын еске сала отырып, оған кінәлі — коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланған­дығын көркем тілмен бейнелеп берді.Марапаттары:●Еңбек Қызыл ту ордені; «Құрмет белгісі» ордені; «За боевые заслуги»; «За оборону Ленинграда» медалі;Қазақ КСР мемлекеттік премиясының жүлдегері, 1968 жыл («Айқас» романы үшін).

3.Унитарлы-құрамында федеративтік құрылымдары болмайтын мемлекеттік құрылыс формасы.Зайырлы-мемлекет діни бірлестіктерден бөлек және олардың істеріне араласпауы.

Билет №21

1.Қазақстанның егемендік алуы (1989–1992 жж.)Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан республикаларының жетекшілері өзара төрт жақты шарт жасау жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша олар өздерінің Одақтық шартқа қарсы қоятын талаптарының бар екендігін ашып айтты. Республикалар бұрынғы федерацияның орнына, енді конфе­дерация түріндегі одаққа бірігу жөнінде талап қойды. Ол бойынша Орталықтың шешуіне сыртқы саясат, халықаралық мәселелер, сыртқы сауда, мемлекеттік банк және финанс, елдегі қорғаныс мәселелерін шешуді қалдырып, қалған мәселелердің барлығын жергілікті жерлерде шешу дұрыс деп есептелінді. Олар көптеген саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздері шешетін болды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бойынша әскери, сыртқы және т. б. аса маңызды халықаралық мәселелерді бірігіп шешу міндеті ғана қалды. Тамыз уақиғасынан кейін Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы, оның құрам­дас бөлігі ҚазақстанКомпартиясы (1991 ж. Қыркүйек) тарихи аренадан кетті.Өкілеттіктер республика парламентінің 1991 жылы 20 қарашада қабылдаған «Қазақ КСР-да мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңы бойынша берілді. Заң негізінде Республиканың мемлекеттік басқару органдарында өзгерістер жасалды. Прокуратура, Мемлекеттік қауіпсіздік, Ішкі істер, әділет, Сот органдары қайта құрылды. Қазақстанның мемлекеттік Қорғаныс комитеті жаңадан ұйымдастырылып қызметіне кірісті.1991ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы халықтың қатынасуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойын­ша Н. Назарбаев Президент болып сайланды. Сол жылғы 10 желтоқсанда Елбасы жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады.Республиканың мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі болып белгіленді. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республика тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.

2. Н. Ә. Назарбаев1940 ж. шілденің 6 Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiт. Экономика ғыл-ң докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академ-ң, Халықаралық инженерлік академияның,. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. ●1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. ●1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы. ●1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы. ●1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. ●1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. ●1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, ●1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті. ●1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті. ●1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзар­тылды. ●1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қай­та сайланды. ●2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.Сонымен қатар Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы: «Тарих толқынында» (А., 1997), «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),«Сындарлы он жыл» (А., 2002),«Еуразия жүрегінде» (А., 2005). Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.

3. Унитарлы-құрамында федеративтік құрылымдары болмайтын мемлекеттік құрылыс формасы. Зайырлы-мемлекет діни бірлестіктерден бөлек және олардың істеріне араласпауы.

Билет № 22

1.1990 жылы Қазақстан коммунистік партиясы құрамында 800000-ға жуық мүше болды. Осы кезден бастап компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42%-ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүше­лерінің қатары 49000-ға кеміді«Қазақстанның коммунистік париясы» (ҚКП) 1991 жылдың күзінде құрылды. Бұрынғы Компартия мүшелерінің көпшілігі партия атының социалистік болып өзгертілуіне наразылық білдіріп, ҚКП атынан XIX съезд өткізіп, коммунистер атын сақтады. Мүшесі – 55 мың адам. Төрағасы – Б. Төлепбаев, кейін С. Әбділдин. Мақса­ты:●Ғылыми социализм ұстанымдарына негізделген әлеуметтік әділетті қоғам орнату. ●Коммунистік идеяларға адалдық. Қазақстандағы партия. Ортылық Комитетінің Хатшылары: Косарев Владислав Борисович, Кенжин Тулеш Аукебаевич және Ахметбеков Жамбыл Аужанович. 2004 жылының 21 маусымда партия мемлекеттік тіркеуні алды. Тіркеу күнінде партияда 90 000 мүше болды. 2004 жылғы Мәжіліске сайлау қорытындысы бойынша Партия 1,98 % дауыс жинап. 2007 жылы мәжіліске сайлауда партия 1,29 % дауыс жинап Парламентке өте алмады.Қазақстан Коммунистік Халық партиясының өз рәмізі: партия съезі бекіткен жалауы мен эмблемасы бар. Жалау: жалау енінің ұзындығына арақатынасы 1:2 болатын қызыл түсті мата. Жалау матасының жоғары бөлігінде жалау ұзындығынан сабына дейінгі 1/4 қашықтықта В. И. Лениннің кескіндеме бейнесі бейнеленген. Жалау матасының жоғары бөлігін бойлай мемлекеттік және орыс тілдерінде: «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы», «Коммунистическая Народная партия Казахстана» деген жазу бар.1991 жылы 13 желтоқсанда Түркіменстан астанасында — Ашхабад қаласы — КСРО құрамындағы ортаазиялық бес мемлекеттің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан) басшылары кездесу өткізді. Кездесу нәтижесінде бес мемлекеттің басшылары да ТМД-ны құру туралы келісімді қолдайтындығын және белгілі шарттармен оған мүше болатындығын мәлімдеді. Орта азиялық мемлекеттердің қойған шарты — ТМД-ға мүше барлық мемлекеттердің құқықтары мен дәрежелері тең болуы және барлық мемлекеттерді ұйымның негізін қалаушылары ретінде тану.

2.Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Ха­лық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), Ол 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әске­ри ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітірген (1979). 1969 — 75 жылдары Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары. 1976 — 1992 жылдары Мәскеудегі Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды. Ол реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. Ол 1992 — 93 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993 — 94 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры — Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты — Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. 1991 Ю. А. Гагарин атындағы Ғарышкер дайындау орталығында әзірлгін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» ор­биталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті. 1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерт­теуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбитал­ды кешенінде жұмыс істеді. 1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.Тоқтар Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының ақырғы (72-ші) ғарышкері.

3.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]