Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДАНА ЖОЛ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ҚАЗІРГІ Б...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
22.09.2019
Размер:
43.69 Кб
Скачать

Үшінші айырмашылық: мемлекеттендіру.

Біздің мұнай орындарымызды қайтарып алуға қатысты, қазіргі басқарушы таптың іс-әрекетінің сипаттамасы – өте баяу және қорқақтыққа жақын. Монархиялық капитал белсенді қадамдарды жүзеге асыра алмайды, себебі ол АҚШ және Қытай компанияларын абайсызда ренжітіп, олардың көмегінен алыстап кетуден қорқады. Басқарушы тап егерде біз АҚШ және Қытайдың қызығушылықтарына кедергі келтіретін болсақ, онда олар бізге 2005 жылғы Ирактің немесе 2011 жылғы Ливияның жағдайын алып келмек деген сылтаулар айтады. Сондықтан да, біздің кен орындарымызды ұлт меншігіне қайтару үшін ол өте үлкен көлемдегі ақша төлеп отыр.

Әсіресе, мемлекеттендіруге қатысты қазіргі басқарушы таптың позициясы Қарашығанақ мысалында өте жақсы көрсетілген. 2009 жылдан 2011 жылдар аралығында болған ұзақ келісулердің нәтижесінде Қарашығанақ консорциумы 2009 жылдың 31 желтоқсанынан басталған түсінбеушіліктерді реттеу үшін Қазақстан еншісіне 5%-дық үлесті берді. Осыған қоса жобада қатысқан қосымша 5% үлесті нарықтық баға бойынша сатуды қарастырды. Соның нәтижесінде Қазақстан Қарашығанақтың 10% ие болып, мұнайдан түскен түсімін арттыруға мүмкіндік алды. Берілген үлестің құны ақшалай емес эквивалентті қосқандағы 3 млрд. долларды құрады. Үлесті иеленуді қаржыландыру үшін консорциум мүшелері «ҚазМұнайГазға» үш жылдық төлемақы бойынша нарықтық бағада 1 млрд. доллар несие беретін болды.

Нәтижесінде келесідей жағдай орын алды: Қарашығанақтың қоры 8 млрд. баррельді, мұнайды өндіру көлемі– тәулігіне 250 мың баррельді құрайды. Яғни Қазақстан үкіметі 10% иеленді немесе басқаша айтқанда 800 млн. баррель мұнай үшін 3 млрд. доллар компенсация төледі.

Салыстыру үшін Ориноко өзенінің бассейніндегі мұнай орындарын ұлт меншігіне қайтару бойынша Венесуэла үкіметінің жүргізген іс-әрекетіне көз жүгіртіп өтейік. Оны мемлекеттендіру үшін мемлекет 4 млрд. доллар көлемінде компенсация төленген болатын. Мұнай кен орындарының қоры – 10 млрд. баррель, ал мұнай өндіру – тәулігіне 260 мың. баррельді құрайды. Егерде Қазақстан үкіметі Венесуэлланың тәжірибесіне сүйеніп, әрекет ететін болса, онда Қарашығанақтың 10% үшін 300 млн. доллар компенсация төлер еді, ал біз 3 млрд. доллар немесе 10 есе көп ақша төледік.

Басқа мысал. 2007 ж. мемлекет билігі мұнай-газ орындарына мемлекеттендіру жүргізгеннен кейін, американдық компания Exxon Mobil венесуэльдық нарықтан кетті. Дәл осы жылы Exxon Mobil Әлемдік банктің төрелік сотының комитетіне, өзіне 20 млрд. доллар көлеміндегі сомманы төлеу жөнінде шағым түсірді. Келісулердің нәтижесінде бастапқы сома алдымен 12 млрд. долларға, ал 2011 жылы 6 млрд. долларға дейін төмендеді.

2012 жылдың 1 қаңтарында Халықаралық төрелік сот Венесуэла үкіметіне Exxon Mobil компаниясына 908 млн. доллар көлеміндегі компенсация төлеуді бұйырды. Өз кезегінде Венесуэла Үкіметі тек 255 млн. доллар төлеуге келісім берді. Нағыз ұлттық мүддені қорғау дегеніміз осы. Құралсыз көзқарас бойынша жобада 10% ие болу үшін 3 млрд. доллар төлеген қазақстандық үкімет пен барлық кен орындарының бақылауы үшін не бәрі 900 млн. доллар төлеген Венесуэла үкіметінің арасындағы өте үлкен айырмашылықты байқауға болады.

Біздің кен орындарымызды ұлт меншігіне қайтарудағы мұндай қорқақ және баяу әрекет 20 жылдан 30 жылға дейінгі уақытты қамтуы мүмкін.

Дана Жол стратегиясы шикізатты мемлекеттендіру, бұл – объективті үдеріс деп біледі. Себебі мұнайды адам өз еңбегімен жасаған жоқ және сондықтан да өздері жасамаған нәрседен бір топ жеке инвесторлардың үлкен пайда табуы экономикалық тұрғыдан дұрыс емес. Яғни, шикізат беретін қосымша пайда белгілі бір жеке инвесторлардың ғана емес бүкіл қоғам игілігіне жұмсалуы тиіс.

Сонымен қатар, барлық мемлекеттерден кен орындарын бірден алып алуға және АҚШ, Қытай, Ресей және Еуропа мемлекеттеріне бір уақытта мұндай үрдіс жүргізбеу қажет. Мемлекеттендіруді кезең-кезеңге бөліп жүргізу керек.

Бірінші кезеңде Евразиялық топ, Қазақмыс, Қазцинк сияқты тау-кен салаларын мемлекеттендіруді жүзеге асатын болады. Тау-кен салаларын ұлттың меншігіне қайтару шамамен 3-тен 6 айға дейінгі уақытты қамтитын болады.

Екінші кезең Қытайға тиесілі кен орындарын мемлекеттендіру болып табылады. Бүгінгі күні Қытай үлесіне Қазақстан мұнайының 30% тиесілі. Қытайға тиесілі үлесті мемлекеттендіру кезінде, біз АҚШ, Еуропа және Ресейден саяси және экономикалық қолдау алатын боламыз.

Қытай – АҚШ пен Еуропаның геосаяси бәсекелесі болып табылатындықтан, біз бұлардан қолдау ала аламыз, ал Ресей өз кезегінде біздің мемлекетіміздегі қытайдың өктемдік саясатына қатысты қатты алаңдаушылық танытуда. Сонымен қатар, Қазақстан ҰҚКҰ (ОДКБ) мүшесі болып табылатындықтан, сәйкесінше Қытайдың әскер жағынан бізге күш көрсетуі шын мәнінде Ресейге деген шабуылмен тең.

Сондықтан да, Қытайдың әскер жағынан Қазақстанға күш көрсетуіне жол жоқ. Оның үстіне, біз мемлекеттендіру жүргізгеннен кейін де Қытай өзінің энергетикалық қауіпсіздік сұрағына басшылық ете отырып, біздің мұнайымызды үлкен қызығушылықпен алатын болады.

Қытай ерте ме, кеш пе әлемдік үстемдік сұрағына қатысты АҚШ-пен қақтығысатын болады. Ал АҚШ Қытайға мұнай тасымалдауды тоқтатады немесе басқа бір тәсілдер арқылы қиындатуға тырысады (мысалы, 1971-73 жылдардағы сияқты, Израильдің Иранға шабуылы Парсы шығанағынан мұнайды тасымалдаудың төмендеуіне немесе толықтай тоқтауына әкеледі). Сонымен қатар, бүгінгі күні мұнайдың көп бөлігі Парсы шығанағынан танкерлер арқылы Қытайға тасымалданады. АҚШ-тың Кувейт, Катар, Сауд Аравиясы, Ирак мемлекеттерінде әскери базаның бар болуын ескеретін болсақ, ҚХР үшін бұл өте осал маршрут.

Қазақстаннан мұнай тасымалдау, Парсы шығанағы мемлекеттеріндегі тасымалдан ерекшеленеді, себебі біздің мемлекет пен Қытай арасында құрлықтағы жол шекарасы бар. Сонымен қатар, Қазақстан арқылы Қытай құрлықтағы жол бойынша иран және жақын шығыстағы мұнайды қоса алғандағы барлық Каспийдің мұнайын да ала алады.

Қытай компанияларынан, ұлт меншігіне тиесілі мұнай орындарын қайтару шамамен бір жылдай уақытты алады. Содан кейін біз кішкене кідіріс алып, ҚХР-мен қарым-қатынасымызды оларға мұнаймыздың бір бөлігін Қытайдың юанына сату ұсынысы арқылы қайта жақсартуымыз керек.

Үшінші кезең АҚШ компанияларына тиесілі, біздің мұнай-кен орындарымызды қайтару болып табылады. Бүгінгі күні АҚШ мемлекетіне біздің мұнайдың 25% тиесілі. Бұл тарапта Ресеймен бекіткен Әскери Одақ ҰҚКҰ(ОДКБ) Қазақстанды АҚШ-тан болатын әскери күш көрсетуден қорғайтын болады. Сондай-ақ, Венесуэла мен Боливия (2006-2007 жылдар аралығында мұнай мен газ салаларына мемлекеттіндіру жүргізген) өз мемлекеттерінен американдық компанияларды қуып жіберген күннің өзінде де, АҚШ тарапынан әскери қақтығыстар сезінген де жоқ. Ал бұл елдер басқа мемлекеттермен әскери одақта болмаған және қазір де одақтас емес.

Бізде болуы мүмкін ерекше экономикалық тәуекелдікті біз көріп отырған жоқпыз. Біздегі технологиялар мен құрал-жабдықтардың басым бөлігін АҚШ емес, Еуропа елдері қамтамасыз етеді, сондықтан да осы аймақтарда болуы мүмкін санкциялар қорқыныш тудырмайды. Біздің мұнай АҚШ-қа тасымалданбайды, сол себептен де мұнайымызды тасымалдауға мүмкін болатын тосқауыл да жоқтың қасы.

Мемлекеттендіруді жүргізгеннен кейін АҚШ-пен қарым-қатынасымызды қалпына келтіру үшін, Қазақстан кішкене кідіріс алады. Сонымен үшінші кезеңді жүзеге асыру үшін шамамен 2-3 жылдай уақыт қажет болады.

Төртінші кезең еуропа компанияларына тиесілі немесе шамамен біздің мұнайымыздың 14%-дық үлесін қайтару болып табылады. Бұл кезең өз кезегінде 6 айдан 1 жылға дейінгі уақытты қамтиды.

Ең соңғы біздің қорытынды бесінші кезеңде біз Ресей компанияларына тиесілі мұнайымызды мемлекеттендіреміз. Қазіргі күнде ол біздің мұнайдың 10% иеленеді. Ресей өз даласында мұнайдың үлкен көлеміне ие болғандықтан, мемлекеттендіру үрерісін жеңіл көтеретін болады. Біздің стратегиялық әріптесіміз үшін ең маңыздысы – Қытайдың әскери-саяси ықпалына Қазақстанның өтіп кетпеуі болып табылады. Ал біз оған сөзсіз кепілдік бере аламыз.

Сонымен, кезең-кезең бойынша барлық мемлекеттермен қалыпты қарым-қатынас сақтай отырып, біз ұлтымызға шикізатты сатудан түскен түсімді қайтарамыз.

Біз өз жерін шетелдіктерге сатып және кейіннен оны кері қайтара алмаған ұлт жойылатындығы туралы тарихтан үнемі сабақ алуды ұмытпау қажет. Бұған мысал ретінде, австралиялық аборигендер мен американдық үнділерді айтуға болады. Арабтар жерлерін еуропалықтар мен американдықтарға сатып, кейіннен жәйлап мемлекеттендіру жүргізу арқылы қайтарып ала алды. Сауд Аравия өз мұнайын 1950 мен 1980 жылдар аралығында мемлекеттендірді, дәл осыны 1973 жылы Катар мемлекеті және 1975 жылы Кувейт мемлекеті де жасай алды. Нигерия және ОАР елдері де осылай ете алды. Егерде біз өзімізге заң бойынша тиесілі жерімізді қайтармасақ, онда Қазақстанның өзінің егемендігінен айырылуы ғажап емес.

Ал, Ирак және Ливияның қорқынышты мысалдарына келер болсақ, бұл жерлерде алдымен нақты фактілерді білмек керек. Ирак мемлекеттендіруді 1972 жылы жүргізді, ал ондағы проблемалар ол 1990 жылы Кувейтті басып алғаннан кейін пайда бола бастады. Ливия мемлекеттендіруді 1970-1974 жылдар аралығында жүргізді. Сәйкесінше, Ирак пен Ливияның қазіргі проблемалары мемлекеттендіруге қатысты деген түсінік – қате.

Енді қазіргі басқарушы тап пен Дана Жол стратегиясы арасындағы ең соңғы төртінші айырмашылықты қарастыруға көшейік.