Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДАНА ЖОЛ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ҚАЗІРГІ Б...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
22.09.2019
Размер:
43.69 Кб
Скачать

Төртінші айырмашылық: сыртқы саясат.

Монархиялық капиталдың стратегиялық бағыты үнемі қандай-да бір ірі сыртқы ойыншыға сүйенуді талап етеді. Басқарушы тап кедендік және еуропалық одаққа мүше бола отырып, бірде Ресейге және бірде біздің мұнай кен орындарымызды Қытайға сату арқылы оларға сүйенуге тырысады. Кейіннен ол параллельді түрде, АҚШ-тың қолдауына ие болу үшін, біздің кен орындарымызды американдық компаниялардың меншігіне өткізеді. Бұл Абылай ханның саясаты және біздің барлықтарымыз соңында мұның немен аяқталғандығын жақсы білеміз. Ал бұл саясат Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруімен аяқталған.

Дана Жол стратегиясы бұл мәселеге қатысты ірі сыртқы ойыншыларға емес, өзіміздің ішкі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына сүйену керек деп біледі. Дана Жол стратегиясы өзіміздің мемлекет пен өзіміздің ұлтқа сүйенеді. АҚШ, Қытай, Ресей мен Еуропа сияқты ірі әлемдік ойыншылардың түрлі қызығушылықтарын, біз өзіміздің ұлттық мүдделерімізді қорғау үшін пайдаланатын боламыз.

Қорыта келгенде келесілерді айтқымыз келеді.

Адамдар көп жағдайда өздерінің мүдделері үшін қызмет етеді. Біздің міндетіміз кез-келген адам өз қызығушылықтарына қол жеткізе отырып, сол уақытта қоғамның да әл-ауқатын арттыратын жүйе қалыптастыру. Яғни, адам өзін ауқаттандыра отырып, бүкіл қоғамды да ауқатты ететін болады. Біздің мемлекеттің қазіргі жүйесі адамға өзінің жеке мүдделерін басқа адамдардың өмір сүру деңгейін төмендетуі есебінен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Дамыған экономика мен ауқатты қоғам құрған барлық мемлекеттер өздерінің ұлттық байлықтарын бірдей жолмен қалыптастырған. Әрбір мемлекет өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес бұл жолды түрліше өзгертті. Кей мемлекеттер өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының кейбір салаларын дамытса, енді біреулері басқа салаларын дамытты. Саланы таңдау ұлттың бәсекелестік артықшылық жиынтығының басқа бір ұлтқа деген қатынасына сәйкес таңдалынды. Ал негізінде бұл жол 1651 жылы Англия үшін де және қазіргі Қытай үшін де жалпы алғанда барлығына бірдей болды. Бұл жолдан тайған кез-келген мемлекет ерте ме, кеш пе өзінің экономикалық күшін, оның артынша әскери қуатын жоғалтқан.

Бұл жол – ұлттың өз еңбегі арқылы барлық қажетті тауарларды қамтамасыз ету жолы.

Дана Жол осы жолда тұр және тұра бермек.