Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДАНА ЖОЛ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ҚАЗІРГІ Б...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
22.09.2019
Размер:
43.69 Кб
Скачать

Бірінші айырмашылық: тұрғындар жағдайының өсуі.

Қазіргі басқарушы тап тұрғындардың өмір сүру деңгейін шикізаттан түскен түсім арқылы көтеріп отыр. Аталмыш бағыттар төмендегі басымдылықтардың негізінде орындалады.

1. Қазіргі басқарушы тап, шикізаттан түскен табыстың бір бөлігін бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру және біздің азаматтарымыздың түрлі санаттарына әлеуметтік төлемдер төлеу мақсатында жұмсайды.

2. Қазіргі басқарушы тап, шикізаттан түскен табыстың бір бөлігін жолдар, мектептер, ауруханалар, электростанциялар, құбыр жолдарын жөндеу бойынша түрлі мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсайды. Демек, бұл салада жұмыс істейтін адамдар осы арқылы қосымша табыс алып отыр.

3. Қазіргі басқарушы тап, шикізаттан түскен табыстың бір бөлігін тұтынушылық тауарларды өндіретін экономика салаларын қаржыландыруға жұмсайды.

Енді дәл осы сұрақтар аясындағы Дана Жол стратегиясын қарастырайық. Біз ұлттың әл-ауқаттылығының өсуі экономиканың тауар өндіруші саласындағы еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты болуы қажет деген ұстанымды ұстанамыз. Яғни, нақты жалақының өсуі тек тауар өндірісінің өсуіне байланысты болады. Дана Жол стратегиясындағы негізгі басымдылықтар келесідей көріні алады:

Бірінші кезеңде, шикізатты сатудан түскен табыс елдің ішкі өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын қамтамасыз етуге жұмсалуы тиіс. Ол үшін бізге тұрғындарды сапа мен баға жағынан қанағаттандырып, тұтынушылық тауарларды өндіруге мүмкіндік беретін заманауи технологияларды алу керек. Мұндай жағдайда тұрғындар жағдайының өсуі ішкі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы жаңа жұмыс орындарының пайда болуының негізінде жүзеге асады. Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы жаңа өндіріс орындарынан алынған жанама салықтар есебінің негізінде көтерілетін болады.

Екінші кезеңде, шикізаттан түскен табыс инфрақұрылым объектілерінің құрылысын, жаңа темір жолдарын және автомобиль жолдарын, электростанцияларды, мектептерді, ауруханалар мен басқа да инфрақұрылым объектілерін қаржыландыруға жұмсау қажет.

Денсаулық сақтау, білім беру және инфрақұрылым салаларын қаржыландыру неліктен екінші кезеңде жүзеге асуы қажет екендігін түсіндіріп өтейік. Себебі бұл салаларда жұмыс істейтін барлық адамдар, өздерінің алған қосымша пайдасын тамақ, жиһаз, үй шаруашылығына арналған тауарлар, құрылыс материалдары және т.б. сияқты тұтынушылық тауарларды алуға жұмсайды. Егер де бізде халық қажеттілігінің 85–95% қанағаттандыратын ішкі өндіріс болмаса, онда қосышма ақшалардың барлығы мемлекеттен кетіп, импорт үлесін ұлғайтуға жол ашады.

Енді Дана Жол экономикалық стратегиясы мен қазіргі басқарушы тап арасындағы негізгі екінші айырмашылыққа көшейік. Мұндағы басты айырмашылық Қазақстанның дамыған капиталистік мемлекетке айналуын кім орындамақ деген сұрақты талдаудан басталады. Қай тап басқарушы болмақ.

Екінші айырмашылық: басқарушы тап.

Монархиялық капитал Қазақстанды дамыған капиталистік мемлекетке айналдыратын феодал-шенеуніктер болмақ деп есептейді. Сол себептен де, феодал-шенеуніктер табы капиталистермен салыстырғанда үстемдігі жоғары тап болып қала береді және бизнес ашу жағдайларын жеңілдеткен күннің өзінде, өзінен көптеген реттейтін және тексеретін функцияларды қалдырады.

Кәсіпкерлерге өзінің жеке компаниясын дамыту бойынша баяғысынша көптеген рұқсаттар алу керек болады, ол үшін үнемі әділет министрлігіне, өрт сөндіру, әкімшілікке, СЭС, салық органдары және т.б. органдардың қызметіне жүгіну қажет болып табылады. Түрлі мемлекет органдарының қызметкерлері тауар өндіруші компанияларды қылмыстық іс жүргізбей және сот шешімінің қаулысынсыз кез-келген уақытта тексере беруге мүмкіндік алады.

Басқраушы таптың стратегиясы да экономиканың қайта қалпына келтірілген жаңа өңдеуші өндірісі мен басшылық буынын қаржыландыру қызметін феодал-шенеуніктер жүргізетін болады деп есептейді. Олар өндірісті дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын қабылдап, бекітетін, сонымен қатар қандай кәсіпорынды құру, әрбір кәсіпорынның құрылысы үшін қанша инвестиция құю және кейіннен олардың өнімдерін қайда өткізу керектігін шешеді.

Мұндай жүйеде, феодал-шенеуніктер жаңа зауыттар мен фабрикалар құрылысының масштабты ауданына көбірек қызығушылық танытады, себебі мұнда құрылыс салуға тендер ұтып алуға деген үлкен мүмкіндіктер бар. Алайда феодал-шенеуніктер кәсіпорындардың бәсеке нарығындағы жұмысшыларды басқара алмайды, себебі олар өздері құрған кәсіпорынның болашақтағы қызметіне қызығушылық таныта қоймайды. Демек, феодал-шенеуніктер жаңа кәсіпорындардың өнімін болашақта тиімді пайдалануға емес, керісінше олардың құрылысын салуға бағытталады. Оларды шығарылған өнімнің сапасын көтеруге қатысты сұрақтар, жаңа нарықтарды іздеу мен тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелері қызықтырмайтын болады. Шенеуніктер осы зауыт өнімін тұтынушылардың шағымдарын да қарастырмайтын болады. Дәл осыларға байланысты, ерте ме, кеш пе шенеунік арқылы салынылған барлық кәсіпорындар, өз өнімдеріне өткізу нарығын таба алмау немесе өздерінің бұрынғы тұтынушыларын жоғалтып алу себебінен жұмыс істеуін тоқтатады.

Монархиялық капиталдың басшылығымен өнеркәсіп пен пен ауыл шаруашылығына құйылған шикізаттан түскен ақшаның тиімділігі төмен немесе нөлге тең болатындығы көз алдымызда көрінетін болады. Зауыттар құрылысына құйылған инвестиция соммасы, осы зауыттар шығаратын өнімнен алынылған ақшамен салыстырғанда әлдеқайда көп болады. Салынылған кәсіпорындардың бір бөлігі ашылғаннан кейін, өнімін өткізетін нарық таба алмай, жабылып қалады. Басқалары кішкене уақыт жұмыс істеп, кейіннен өнімінің сапа мен баға жағынан тұтынушыларды қанағаттандырмағандығынан, толықтай жабылып қалады.

Экономикалық платформа уақыт бірлігіне сәйкес үлкен көлемде өнім өндіру мақсатында, үнемі технологиялардың алмасуын ынталандыра алмайтындықтан, өндіріс пен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі төмендей беретін болады. Нәтижесінде, біз ұлт ретінде моральды және физикалық жағынан тозған құрал жабдықтары бар жұмыс істемейтін және өнім өндірмейтін көптеген үймелі зауыттарға ие боламыз. Яғни бос, ештеңеге тұрмайтын «қораптарды» сатып алатын боламыз.

Басқарушы таптың осындай стратегиясынан кейін Дана Жол ұсынысын қарастырып өтейік. Біз кәсіпкерлер Қазақстанды дамыған капиталистік мемлекетке айналдырады деген көзқарасты ұстанамыз. Ол үшін тауар өндіруші актив иелерінің қолына экономикалық, кейіннен саяси билікті беру керек.

Ол үшін, біріншіден, тауар өндіруші шикізаттық емес сектор компанияларына деген салық алымдарының көлемі олардың тауар сату көлемінің 5%-ынан аспайтын болу керек. Екіншіден, мемлекеттік органдардың тауар өндіруші шикізаттық емес сектор компанияларын сот шешімінсіз немесе қылмыстық іс қозғалмай жатып кез-келген тексеріс түрімен тексеруіне тыйым салынады. Үшіншіден, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу мәмілесін жасау үшін, сонымен қатар компанияны ашу үшін нотариалдық бекіту жеткілікті болып табылатын болады.

Осылайша біз феодал-шенеуніктерден рұқсат етілетін-тиятын функцияның негізгі бөлігі алатын боламыз.

Дана Жол стратегиясына сәйкес экономиканың жаңа салаларды салу мен қаржыландыру кәсіпкерлерге берілетін болады. Дәл осы тап әрбір өндіріс объектілерін қаржыландыру үшін қанша инвестиция тарту, қандай өнімді шығару, бұл өнімді қайда және қандай бағада сату қажет екендігін шешетін болады.

Осы жағдайдағы мемлекеттің басты міндеті – біздің кәсіпкерлерге ішкі және сыртқы нарықтарға шығу жолдарын ұсыну болып табылады. Ішкі нарықта шетел тауарларына квота тағайындау арқылы Қазақстанда өндірілетін немесе өндіріліп жатқан тауарлардың өтімділігі қамтамасыз етіледі. Сыртқы нарықта шығу үшін біздің отандық өндірушілеріміз шетелге сатқан әрбір тауар данасы үшін мемлекет тарапынан тура және жанама субсидиялар жүйесі жұмыс істейтін болады.

Шенеунікпен салыстырғанда, кәсіпкерлер өздерінің негізгі табысын зауыт салу барысында емес, сол зауыт жұмыс істеп және өз өнімін бере бастаған уақытта алатындығын түсінуіміз қажет. Сол себептен де, кәсіпкерлер зауыт тоқтап қалмас үшін өз өнімдерінің сапасын ұдайы жетілдіріп, оның бағасын төмендетуге ұмтылып, жаңа өткізу нарықтарын іздестіріп және тұтынушылардың мұқтаждықтарын қанағаттандырып отыру жолында бар күшін пайдаланады.

Кәсіпкерлер салған зауыттардың барлығы жоғары қуаттылықпен жұмыс істейді және тұрғындарға қажетті тауарларды толығымен қанағаттандырады деп айтуға болады ма? Жоқ, болмайды. Көптеген зауыттар өз өнімдерін шығара алмай немесе ашылғаннан кейінгі кішкене уақыттан соң қызметін тоқтатуы мүмкін. Бұл шарасыздық. Алайда, көптеген зауыттар ашылады және олар аяқтарынан тұрып, басқа мемлекеттердің бәсекелестерімен салыстырғанда баға мен сапа жағынан қалыспайтын өз өнімдерін шығара бастайды. Ерте ме, кеш пе бұл зауыттардан түскен табыс олардың құрылысына кеткен барлық шығындардың орнын жабатын болады.

Біз орнататын экономикалық жүйе, экономикалық және саяси билікті тауар өндіруші компаниялардың қолына береді. Сондықтан да, ауқатты, әрі қоғамда белгілі бір құрметке ие болғысы келетін кез-келген адам, нақты өндіріс саласында қызмет етуге бағытталатын болады. Ал ол үшін сол адамға нақты өндірістің белгілі-бір саласына қатысты білімдерді игеру қажет екендігі даусыз. Яғни, экономикалық әрекет арқылы, біз адамдарды өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласында білім алуға итермелейміз. Қазіргі таңда қоғамдағы ауқатты, әрі беделді адам бюджет қаражаттарын бөліп отырған шенеунік, не болмаса шикізатты сатушы адам болып табылады.

Дана Жол стратегиясы мен біздің қазіргі басқарушы таптың негізгі ерекшеліктерінің үшіншісін талдауға көшейік. Бұл ерекшелік шетелдіктердің бақылауында тұрған біздің шикізат орындарын қалай мемлекеттендіреміз деген сұрақтың маңыздылығында болып табылады.