Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
766245_B71E1_shnarbaev_b_k_proizvodstvo_v_sude_...doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
22.09.2019
Размер:
499.2 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша алқа билердің қатысуымен сотта іс қозғау (теориялық және ұйымдық-құқықтық аспектілер)

Қылмыстық іс жүргізу, криминалистика және сот сараптамасы; жедел іздестіру қызметі-12.00.09 мамандығы бойынша заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ізденуші ретіндегі диссертация авторефератына

ТҮЙІН

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының даму барысында болатын тұжырымдамалық өгерістер түрінде алқа билердің қатысуымен өтетін соттардың жұмыс істеу мәселелерін кешендік зерттеу жүзеге асырылған. Қылмыстық іс жүргізу құқығының саласындағы талдау мен теориялық білімді қорытындылау негізінде, алқа билердің қатысуымен өтетін қылмыстық іс бойынша сот төрелігін іске асыруды қамтамасыз ететін заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірленген.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сот жүйесін реформалаудың басымды бағытының бірі, сот төрелігінің әділдігін қамтамасыз етуге, қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы конституциялық қағидаттарды сақтауға бағытталған алқа билердің қатысуымен сот ісін жүргізуді енгізу болып табылады. Нормативтік регламенттеуге қарамастан қазіргі уақытқа дейін алқа билерінің қатысуымен өтетін соттарға едәуір сақтықпен қарайды. Практикалық тәжірибе, қылмыстық істерді алқа билердің қатысуымен өтетін соттарда қарастыру туралы берілген өтініштердің өсу тенденциясы байқалмайтынын дәлелдеп отыр. Бұл бір жағынан заңнаманың жетілмегендігімен және екінші жағынан ойлау тұрақтылығының таптаурынымен түсіндіріледі.

Сот ісін жүргізу тәртібі және алқа билердің қатысу механизмінің әлі мықты теориялық фундаменті жоқ, ал жекелеген сұрақтар теориялық зерделеуді және практикалық апробациялауды талап етеді.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты қылмыстық іс жүргізу ғылымын бұдан әрі дамытуға, сот ісін жүргізудің сапасы мен тиімділігін жоғарылатуға, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және ізігілендіруге, алқа билердің қатысуымен өтетін сот ісін жүргізу саласына тартылған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған теориялық ережелер және негізделген ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

Жұмыста келесі мақсаттар қойлған:

- қылмыстық іс жүргізу ғылымында жинақталған теориялық білімге талдау жасау, қорытындылау және диссертациялық зерттеу тақырыбына қатысты бөлімінде оны дамыту;

- сот төрелігін жүзеге асыруға тартылған азаматтардың қылмыстық құқықтық және қылмыстық іс жүргізу мәнін, қылмыстық іс жүргізу қызметіне қатысушының құзыретті ғана емес, турашыл болатын қабылетін анықтау;

- алқа билерінің қылмыстық құқықтық және қылмыстық іс жүргізу құзыретін ғылымда және заңнамада белгілеу қажеттілігін негіздеу және олардың қызметінің жалпы бағалау өлшемін әзірлеу;

- сотта істі қарау барысында анықталған мәліметтерді қазіргі заманғы қылмыстық іс жүргізу тәсілдері мен алу, зерттеу және бекіту әдістерін пайдалану қажеттілігін зерделеу және негіздеу;

- алқа билерінің қатысуымен сот ісін жүргізу қатысушыларының іс жүргізудің ерекше жағдайына әкеліп соғатын әлеуметтік-құқықтық алғышарттарды зерттеу, сонымен қатар қылмыстық іс жүргізу заңнамасында оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- қылмыстық істі жүргізуге алқа билердің қатысуына қатысты қылмыстық іс жүргізу заңнамасындағы кемістіктерді және олардың қызметіне жүктелгенді іске асыру кезіндегі пайда болатын қиындықтарды анықтау;

- алқа билердің қатысуымен өтетін соттардың қызметіндегі өзекті мәселелерді басқа қылмыстық іс жүргізу және өзге де заңнамалар институтының ара қатынасында қарастыру;

- алқа билердің қатысуымен сот талқылау қатысушыларының іс жүргізу мәртебесінің жаңа құқықтық тәсілдері мен күшейту құралдарын іздестіруді жүзеге асыру;

- алқа билерінің қатысуымен өтетін сот төрелігін жүзеге асыру барысында соттардың жіберетін әдеттегі қателіктер мен кемшіліктерді қорытындылап және ғылыми пайымдап, осылардың негізінде оларды жою жөнінде ұсыныстарды тұжырымдап, әзірлеу.

Ғылыми зерттеу объектісі – алқа билерінің қатысуымен өтетін қылмыстық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыру саласында пайда болатын қылмыстық-құқықтық және қылмыстық іс жүргізу қатынастары.

Зерттеу тақырыбы – алқа билердің қатысуымен өтетін сотта шығарылатын үкімнің заңды және негізді болуын қамтамасыз ететін қазақстандық, ресейлік және халықаралық заңнамалардың құқық нормалары, зерттеп отырған тақырыпқа теориялық көзқарас, сонымен қатар қылмыстық істер материалдары мен басқа да ақпаратты жеткізушілерде көрініс тапқан Қазақстан Республикасының, Ресей Федерерациясының сот органдарының құқық қолданушылық тәжірибесі.

Теориялық-методологиялық зерттеу негізін ақиқат болмысты жалпы және жеке ғылыми тану әдістері құрады. Жұмыста салыстырмалы құқықтану, жүйелі талдау, синтез, салыстырмалы-құқықтық, логикалық, статистикалық және нақты әлеуметтік зерттеу әдістерінің: қылмыстық істер материалдары және сот практикасы негізінде қарастырылатын істер категориясы бойынша сот ісін жүргізу жағдайын зерделеу; пікір сұрау және сұхбат тәртібі қолданылған.

Жұмыстың теориялық негізін қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, сот психологиясы, жалпы педагогика және психология, сонымен қатар білімнің басқа салаларындағы ғылымның қазіргі замандағы жетістіктері құрады.

Диссертацияда келесі қорытындылар мен нәтижелер шығарылды, диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалықтарының критериилеріне сай келетін:

- алқа билерінің қатысуымен өтетін сот талқылауы қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін принциптері мен стандарттары негізделген;

- қылмыстық сот ісін жүргізудегі күрделенген нысанына қарай өзінің теориялық ұғымын талап ететін кейбір қылмыстық іс жүргізу түсініктері әзірленіп, ғылыми айналымға енгізілген;

- қабылданатын шешімнің заңды және негізді көзқарасында алқа билерінің қызметін бағалау өлшемі анықталған;

- алқа билеріне үміткерлерді іріктеу тактикасы мен әдістері бойынша, үкім шығару тәртібі, билердің бөгде адамдардың ықпалынан тәуелсіздігі туралы ұсынымдар тұжырымдалған.

Тәжірибелік маңыздылығы зерттеу құқықтық - іс жүргізу және адамгершілік негізінде алқа билерінің қатысуымен басты сот талқылауын өткізудің теориялық ережелері мен қолданбалы ұсынымдарды әзірлеуден тұрады. Автор қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын және оны Қазақстан Республикасында қолдану тәжірибесін жетілдіру туралы жаңа тұжырымдамалы ойларды негіздеген.

Зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу және апробациялау алынған нәтижелерді ғылыми-практикалық конференцияларда, теориялық семинарларда талқылау нысанында, ғылыми басылымдарды дайындау, заңшығарушылық тәжірибеге, сот-тергеу органдарының құқық қолданушылық қызметіне және оқу процесіне 49 ғылыми басылымдарда көрініс тапқан тиісті ғылыми әзірлемелерді енгізу түрінде болды. Зерттеудің негізгі ережелері мен қорытындылары ғылыми жұртшылық назарына 30 б.б. көлеміндегі басылымдарда, сонымен қатар монографиялық зерттеулерде жеткізілген.

Summary

On the abstract of dissertation for conferment of scholastic degree of doctor of law sciences on specialty 12.00.09 – Criminal procedure, criminalistics and forensic examination; detective activity

Shnarbayev Bulatbek Kabdushevich

Jury court proceedings according to legislation of the Republic of Kazakhstan (theoretic and organizational-legal aspects)

General characteristics of work Complex investigation of problems of functioning jury courts in prism of conceptual changes, taking place in the development of modern criminal-procedural legislation of the Republic of Kazakhstan has been carried out in dissertation. Based on analysis and generalization of theoretic knowledge in the field of criminal-procedural law, suggestions on improvement of legislation, providing justice implementation on criminal cases with jury involvement have been worked out.

Relevance of research topic One of the foreground directions of reforming court system is criminal court proceedings involving jury, aimed at ensuring the objectivity of justice, compliance of constitutional principles in the sphere of criminal proceedings.

Despite normative regulation, attitude to jury courts up to present time remains wary. Practical experience testifies that tendency to growth of stated requests about trying criminal cases in jury courts is not observed. It is explained by imperfection of legislation from one hand and established stereotypes – from another one.

Court procedure and jury mechanism still have not solid theoretic foundation, and some questions demand theoretic study and practical testing.

Purpose of dissertation is working out theoretic provisions and reasonable recommendations which are necessary to ensure further development of Criminal Procedure science, increasing quality and effectiveness of court proceedings, perfection and humanization of criminal-procedural legislation, protection of rights and legal interests of people, involving into the sphere of jury legal proceedings.

The main objectives of the research are the following:

  • analyze and generalize theoretic knowledge accumulated in criminal-procedural

science and their development in that part, which regard to the topic of thesis investigation;

  • reveal criminal-legal and criminal-procedural essence of involving citizens to

administration of justice and their capability to be not only competent, but also impartial participant of criminal-procedural activity;

  • justify the necessity of determination in science and legislation criminal-legal and

criminal-procedural competence of jury and work out general criteria of evaluation of their activity;

  • study and justify the necessity of using modern criminal-procedural methods and

means of receiving, investigating and fixing established during court trial data;

  • explore socio-legal prerequisites, causing peculiarities of procedural position of

participants of jury court proceedings, and also work out suggestions on their improvement in criminal-procedural legislation;

  • reveal in criminal-procedural legislation gaps, concerning jury participance in

criminal procedure and difficulties emerging in carrying out entrusted to them activity;

  • consider vital problems of jury courts’ activity in relation to other institutions of

criminal-procedural and other legislation;

  • implement searching new legal ways and means of strengthening procedural status

of jury court trial’s participants;

  • generalize and scientifically interpret the most typical mistakes and drawbacks of

courts in administration of jury justice and on their basis work out and formulate recommendations of their eliminating.

Objects of scientific research are criminal-legal and criminal-procedural relationships, arising in the sphere of administration of jury justice on criminal cases.

Subjects of research are law standards of Kazakhstan, Russian and international legislation, ensuring legality and validity of setting sentence in jury court, theoretic views on researching problem, and law applying practice of judicial bodies of the Republic of Kazakhstan and the Russian Federation, reflected in materials of criminal cases and other storage media.

Theoretically- methodological foundation has been composed of general and private scientific methods of cognition of objective reality. Procedures of comparative jurisprudence, systematic analysis, synthesis, comparatively-legal, logic, and also statistic and concrete-sociological methods of research; study of state of court proceedings on cases of considered category on the basis of criminal cases’ materials and judicial practice; questioning and interviewing were used.

Modern achievements of Criminal Law and Criminal –Procedural Law, Forensic Psychology, General Pedagogy and Psychology, and other branches of knowledge have been made up theoretic foundation of thesis.

Following conclusions and results, corresponding criteria of scientific novelty of research have been received in dissertation:

-principles and standards of ensuring rights and legal interests of jury court trial’s participants are justified;

-some criminal-procedural notions, demanding their theoretic comprehension, applying to complicated forms of criminal court proceedings are worked out and entered into scientific turnover;

- evaluation criteria of jury activity from point of view of legality and validity of taken decision are determined;

-recommendations on tactics and method of selection of jury candidates, about order of setting a sentence and independence of jury from extraneous influence are formulated.

Practical importance of research includes working out theoretic provisions and applied recommendations, directed to improvement of procedural-legal and moral fundamentals of holding the main court trial with jury. The author justifies new conceptual ides about improvement of criminal and criminal-procedural legislation and their practical applications in the Republic of Kazakhstan.

Testing and introduction into practice the research results took place in the form of discussion of received results at scientific-practical conferences and theoretic seminars, preparing scientific publications, introducing corresponding scientific suggestions into legislative practice, study process and law applying activity of judicially-detective organs and reflected in 49 scientific publications. Main provisions and conclusions of the research were brought to the attention of scientific society in publications with general volume of more than 30 printed sheets, including monographic researches.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]