Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3095_bilet_2012.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
157.7 Кб
Скачать
  1. Дос туралы мақал-мәтелдер немесе ақын жазушылардың шағармаларынан үзінді жатқа

1)Жақсы доспен үй де бір, күн де бір.

2)Жақсы дос қамкқор,

Жаман дос жалақор.

3)Жақсының досы көп,

Байдың асы көп.

4)Көбін досына бер,

Азың өзің ал.

5)Досың көппе қасында,

Дәулеттісің онда сен.

Достық деген асылға

Дақ түсірер болма сен.

  1. Қазақстан облыстары мен қалалары – диалог.

-ҚР неше облыстан тұрады?

-ҚР 14 облыстан тұрады.

- Олар қандай облыстар?

-Олар Шығыс Қазақстан, Батыс, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Павлодар, Ақмола т. Б. облыстар бар.

-Қазақстанда неше қала бар?

-Қазақстанда 86 қала бар.

-Ең ірі қалалардың қайсы?

-Алматы,Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Өскемен-ірі өндіріс орталықтары.

-Сен қай қалада тұрасың?

-Мен павлодар қаласында тұрамын.

-Бұл қала қай жылы құрылған?

-1740 жылы Коряков бекенесі болып салынған.

-Павлодар қайда орналасқан?

-Павлодар ҚР-ның солтүстік-шығысында, Ертіс өзенінің жағасында орналасқан.

-Павлодар облысы- ҚР-ның ауыр индустрия және энергетика орталықтарының бір. Облыста алюминий, химия, көмір, жылу электростанциялары жұмыс істейді.

-Қазақстанның астанасы қай қала?

-Қазақстанның астанасы астана қаласы.

-Ол қандай қала?

-Астана жаңа әдемә жас қала.

  1. Құттықтау жазу

Құрметті анашым!

Сізді 8 наурыз-көктем мерекесімен, халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сізге зор денсаулық,мол бақыт, табыс, ұзақ өмір тілеймін

Тілек білдіруші –қызыңыз (балаңыз)……..

Билет №7

  1. Көне ескерткіштер туралы әңгімелеңіз.

Қазақ даласы көнеескеткіштерге өте бай. Аса ірі тарихи және мәдени ескерткіштер қатарына Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, «Алтын адам» жатады.

Ғажайып ескерткіш 1969-1970 жылдары Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан табылған. Бұл сақ жауынгері. Оның бас киімі, бешпенті, шалбары мен етігі алтын әшекейлермен безендірілген. Қару-жарағы да, сақинасы да алтыннан жасалған.

Орхон-Енисей ескерткіштері 5-8 ғасырларда тарихи тұлғаларға арнап орнатылған. Тастағы жазулардың негізгі ойлары: елдің тәуелсіздігін аңсау, елге қорған болу, батырлардың ерліктерін көрсету. Білгн хан, Күлтегін әскербасы туралы жазылған.

  1. Отан туралы мақал –мәтелдер

1)Отан-оттан да ыстық.

2)Отанды сүю отбасынан басталады.

3)Ел-елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен-жақсы.

4)Туған жердің қадірін

Шетте жүрсең білерсің.

  1. Тұрлаусыз мүшелер

Сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді анықтап, толықтап, пысықтап тұратын сөздер сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деп аталады Олар: толықтауыш, пысықтауыш ,анықтауыш.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]