Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык_5В090200Туризм_1год_рус_1курс_си...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
20.08.2019
Размер:
576.51 Кб
Скачать

Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер

  1. Түймебаев Ж. Грамматикалық анықтағыш. Алматы, 1991.

  2. Қадашева Қ. (авт.ұжымы). Қазақ тілі (заң факультеттерінің студенттеріне арналған оқу құралы), Алматы, ҚазМЗА,2001ж.

  3. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы),А.,1998ж.

  4. Құрманбайұлы Ш., Мамаева М.,Сыбанбаева А. Қазақ тілі (жоғары оқу орындары заң факультеттерінің студенттеріне арналған оқу құралы), А., 2001ж.

  5. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы, А., 2002ж.

6. Ресми-іскери қазақ тілі.(Д.Ақанова, А.Алдашева т.б. авт.ұж.) А.,2002ж.

Қосымша әдебиеттер

  1. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Ақанова Д. Қазақ тілі. Кешенді оқулық (5 кітап), А., 1997ж.

  2. Алдашева А. Қазақ тілі., А.,1997ж.

  3. Аяпова Т. Қазақ тілі (негізгі оқулық), А.,1998ж.

  4. Ағманова Ф. және авторлар ұжымы.Тілді білсеңіз – елді білесіз.А.,1998ж.

  5. Бизаков С. Элементарный курс казахского языка. А.,1996г.

  6. Бұлдыбаев А., Екшембеева Л. Сөйлей білсеңіз - ұтасыз. А.,1998ж.

  7. Оразбаева Ф. Ускоренный практический курс обучения казахскому языку. А., 1996г.

  8. Салиева Ұ. Қазақша сөйлеп үйренейік. А., 1995ж.

  9. Сариева К. Қазақ тілі және елтану. А.,1997ж.

  10. Қадашева Қ., Смағұлова Г. Менің достарыммен танысыңыз.А., 1996ж.

  11. Асанова Ұ. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін оқыту әдістемесі (өзге тілді дәрісханалардағы студенттерге арналған қосымша оқу құралы).А.,2001ж.

  12. Рахымбекова А.Қазақ тілі.А.,2003ж.

  13. Орысша-қазақша сөздік. І том.А.,1978ж.,ІІ том.А.,1981ж.

  14. Оралбаева Н.,Әбдіғалиева Т.,Шалабаев Б. Практикалық қазақ тілі. А.,1993ж.

  15. Қадашева Қ., Тасымова С. “Заң” газеті лексикасымен жұмыс істеуге арналған әдістемелік нұсқау.А., 1995ж.

«Қазақ тілі» пәні бойынша студентке арналған оқу бағдарламасы (SYLLABUS)

ЖОО: Қазақ гуманитарлық заң университеті

Кафедра: Жалпы тіл білімі және аударма ісі

Оқытушы туралы мәлімет: Примбетова Маржан Бектұрсынқызы – академ.доцент.

Байланыс уақыты (Office-hour): бекітілген аудиториялық сабақтардың кестесіне, ОСӨЖ-дің кеңес сабақ кестесіне сәйкес

Пән туралы мәлімет: Қазақ тілі. Кредиттің саны – 2, сабақ 1,2 семестрде жүргізіледі.

Пәннің пререквизиті: “Қазақ тілі” курсын үйрену үшін студенттер міндетті түрде мына пәндерді білуі тиіс:

Қазақ тілі, мектеп бағдарламасы

География

Экология

Қазақ әдебиеті

Қазақстан тарихы

Пәннің постреквизиті: “Қазақ тілі” курсынан алған білім іскери қазақ тілі, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу сабақтарында жалғасын табады.

Пәнді оқытудың мақсаты

Практикалық қазақ тілі орыс бөлімдерінің студенттеріне қазақ тілін оқытуға арналған. Қазақ тілінің оқу бағдарламасы өзге тілді дәрісханаларда қазақ тілін оқытудың соңғы лингвистикалық және әдістемелік жетістіктеріне сүйенеді.

Қазақ тілін оқыту мақсаты – коммуникативтік, танымдық және тәрбиелік білімді қалыптастыру. Коммуникативтік мақсат дегеніміз – сөйлеуге, қарым-қатынасқа тілді практикалық игеру арқылы жету. Яғни студенттердің күнделікті қарапайым қатынаста, әлеуметтік-мәдени салаларда және кәсіби қызығушылығына сай сөйлеу дағдысын қалыптастырып дамыту, оларға болашақ қызметінде жиі қолданылатын қаржы саласына қатысты терминдерді меңгертіп, кәсіби тілін қалыптастыру осы курстың мақсаты болып саналады.

Бағдарлама естіп-тыңдау, сөйлеу, оқу және жазуды өзара байланыстыра оқытып, қарым-қатынас жасауға негізделген жұмыс түрлеріне құрылды. Мәтінге дейін берілетін жаңа сөз бен сөз тіркестерін танымдық сұраулар мен сұхбаттарда қолдану ойластырылды. Бұл пікір алысу, сұхбат құру сияқты жұмыстар түрінде берілді. Практикалық қазақ тілі сабағында кәсіби бағыттағы сөздерді меңгерту принципі үнемі басшылыққа алынып отырады. Сол себепті сабақ материалдары психологтар мен әлеуметтанушылардың кәсіби лексикаларын қалыптастыруға бағытталады. Белгілі бір тілдік қатысым мен сөйлеуге арналған тапсырмаларды орындай отырып, студенттер сөйлеуді меңгере бастайды.

Тіл үйренушілердің сөйлеу, жазу сауаттылығын арттырумен бірге ұлттық, адамгершілік тәрбие беру мәселелері де назардан тыс қалмады. Яғни сабақтың тағы бір мақсаты – қазақша түсінетін, ауызекі сөйлеу тілін меңгерген, бірақ сөздік қоры төмен, сол себепті өз ойларын жеткізе алмайтын тіл үйренушілерді қазақтың ұлттық мұрасы, салт-дәстүрлері, тарихы, тілі мен ділі жайындағы мағлұматтармен таныстыра отырып, сөздік қорды молайтуға, еркін сөйлеп, өз ойын тиянақты жеткізуге, өзара пікірлесуге машықтандыру.

Пәнді оқытудың міндеттері

Оқу бағдарламасы қазіргі кезде жоғары білім беру жүйесіне еніп жатқан кредиттік технологияға сәйкестендіріліп жасалды. Осыған сәйкес қазақ тілі бірінші және екінші курста оқытылады. Ол кезең 30 практикалық сабақ сағатынан, 15 СОӨЖ сағатынан, 45 СӨЖ сағатынан тұрады, барлығы – 90 сағат.

Қазақ тілі сабағын оқыту мынадай міндеттерді жүктейді: сөйлеуге үйрету, білім дағдыларын қалыптастырып дамыту, кәсіби біліктілігін арттыру.

Студенттердің сабақ шеңберімен ғана шектеліп қалмай, қосымша өзіндік жұмысты орындауы мен олардың өз бетінше ізденіп, кәсіби тіл шеберлігін жетілдіруіне мүмкіндік туғызу мақсатында әр мәтінге қатысты жиі қолданылатын сөздер мен кәсіби терминдердің қазақша-орысша баламаларын түсініп, есте сақтауы сабақтың тағы бір міндеті болып табылады. Осы мақсаттағы тілдік материалдар орысша ойлап, қазақша сөйлеуге қиналатындардың ұлттық таным-түсініктерінің қалыптасуына, тілдік ортаға енуіне де көмек бола алады. Қойылған міндетті шешуге кешенді тұрғыдан келу мен сабақтың мазмұны белгіленеді.

Дағдыны қалыптастыру процесін үдетудің маңызды факторы фонетикалық, грамматикалық және лексикалық ережелерді қолдану мен түсіндіру болып табылады.

Қазақ тілін меңгерудің деңгейі бақылау тестілері және әңгімелесу нәтижелерімен, бағалау өлшеміне сәйкес анықталады.

Бақылау жұмыстарының параметрлері студенттердің алған біліміне арналған білік-дағдыларының көлеміне сәйкес беріледі және оған естіп-түсіну, оқу-жазу, сөйлеуді тексеру кіреді.

Естіп-түсіну

Студенттер мынаны білуі керек:

1. Оқу мәтіндері мен кәсіби мәтіндерді есту және түсіну;

2. Шағын сұхбаттарды, тірек сөздерді түсіну;

3. 5-10 минуттық хабарды естіп-түсіну.

Сөйлеу

Студенттер мынаны білу керек:

1. Өзін қоршаған әлеуметтік ортада, қоғамда, отбасында және замандастар арасында қазақ тілінде қатысым жасай білу;

2. Ұсынылған сөйлеу жағдаяты, проблемалық тақырып және мәтін бойынша пікір білдіру;

3. Иллюстрация, бейнекөріністер, дидактикалық көрнекіліктер, сюжетті суреттер арқылы ойын жеткізу.