Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казахский язык.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
10.11.2019
Размер:
335.87 Кб
Скачать

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебі

Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

ХҚ және ХҚЖО

Проректоры-директоры

з.ғ.к.профессор

_________________Ж.Г.Калишева

__________________ 2012 ж.

Пәннің оқу бағдарламасы

(syllabus)

Модуль пәнінің атауы «Қазақ тілі»

Барлығы__6___ кредит

Курс ___1, 2___ Семестр _1, 2, 3__

Практикалық сабақтар __90_ сағат

СОӨЖ ___45___ сағат

СӨЖ __135___ сағат

Емтихан __1, 2, 3__ семестр

Барлығы ____270___ сағат

Аралық бақылау ______6_____

Қорытынды бақылау түрі __емтихан___

А С Т А Н А – 2012ж.

«Қазақ тілі» пәні бойынша студентке арналған оқу бағдарламасы (SYLLABUS)

ЖОО: Қазақ гуманитарлық заң университеті

Кафедра: Жалпы тіл білімі және аударма ісі, № 312 аудитория

Оқытушы туралы мәлімет: С.М.Сапина - ф.ғ.к., А.Қ.Утанова - ф.ғ.к., А.А.Утегенова - ф.ғ.к., доцент, К.К.Қанафиева– п.ғ.к., доцент, Ж.Т.Нурканова – аға оқытушы, Г.Ж.Мауленова – қазақ тілі мен әдебиеті магистрі, аға оқытушы, А.Дәлелбекқызы – филология магистрі, аға оқытушы

Байланыс уақыты: (Office-hour): дүйсенбіден сенбіге дейін бекітілген аудиториялық сабақтардың кестесіне, ОСӨЖ-дің кеңес сабақ кестесіне сәйкес

Байланыс телефондары: 70-30-47 (10-93) ішкі коммутатор арқылы - 87015290091(ұялы)

Пән туралы мәлімет: Қазақ тілі.

Кредиттің саны – 6, сабақ 1,2,3 семестрде жүргізіледі.

Пәннің пререквизиттері: “Қазақ тілі” курсын игеру үшін студенттің қазақ тілінің фонетикасы, лексикасы мен грамматикасынан (мектеп бағдарламасы), қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, мәдениеттану пәндерінен белгілі білім деңгейі болуы қажет.

Пәннің постреквизиттері: “Қазақ тілі” курсынан алған білім «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Тіл мәдениеті» курстарында жалғасын табады. Осы пәнді оқу нәтижесінде студент

В1 деңгейі бойынша:

- бағдарламада қарастырылған, қарым-қатынастың неғұрлым кең таралған стандартты жағдаяттарындағы нақты коммуникативті міндеттерді шешуге бағытталған тілдік материалды жинақтап, өзгертіп айта алуға қабілетті және дайын болуы;

- өз қалауымен диалогке түсе алуы, топтық талқылауға қатыса алуы, қандай да бір ойды дәлелдеп бере алуы;

- қарым-қатынастың басты салалары мен тақырыптары бойынша қысқаша хабарлама жасай алуы;

- ақпараттық, сипаттамалы және прагматикалық сипаттағы шағын аутентті мәтінді тыңдап, түсіне алуы;

- түрлі жанрдағы жеңіл аутентті мәтіндердің негізгі мазмұнын оқып, түсіне алуы, оқылғанға қатысты өз ойын білдіре алуы;

- мәтінге сүйене отырып, қысқаша аннотация дайындай алуы тиіс.

В2 деңгейі бойынша:

- қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-кәсіби салаларындағы базалық тақырыптар аясында жағдаятты немесе оқиғаны өз қабылдауы арқылы сипаттай білуі;

- өз көзқарасын дәлелдей отырып кітаптың немесе фильмнің сюжетін айта алуы;

- берілген тақырып бойынша баяндама дайындай алуы;

- қызықтырған тақырыптарға шағын эссе, формасы мен мазмұны жағынан қиын емес қысқа баяндамалар жаза алуы;

- кәсіби қызметке қатысты қарапайым ақпаратты түсіне білуі;

- электронды және қағаздағы мәтіннен (хаттар, брошюралар, қысқаша ресми құжаттар) қажет мәліметті таба білуі тиіс.

С1 деңгейі бойынша:

  • жалпы, оқу, кәсіби тақырыптарға грамматикалық қателіктерсіз,сөйлеу стильдерін сақтай отырып, еркін әңгімелесе алуы;

  • қажетті дәлелдер көмегімен өз көзқарасын түсіндіре алуы, қандай да бір іске қатысты өз қызығушылығын таныта алуы;

- қарым-қатынастың бейтарап, ресми, бейресми стильдерін сақтай отырып, әңгімелесе алуы;

- жалпы мәселелер бойынша дайындықсыз нақты хабарламалар жасай алуы;

- білім беру және кәсіби қызметке қатысты дәрістердің, сұхбаттардың және басқа да тақырыптық әрі тілдік тұрғыдан күрделі баяндамалардың басты негіздерін түсіне білуі;

- маңызды бөлшектерін анықтай отырып, айтарлықтай күрделі мәтінді жылдам қарап шыға алуы;

  • алынған ақпаратты сыни тұрғыдан түсініп, фактілер мен оқиғаларға баға бере алуы тиіс.

Пәннің cипаттамасы

Практикалық қазақ тілі орыс бөлімдерінің студенттеріне қазақ тілін оқытуға арналған. Қазақ тілінің оқу бағдарламасы өзге тілді дәрісханаларда қазақ тілін оқытудың соңғы лингвистикалық және әдістемелік жетістіктеріне сүйенеді. Оқу-әдістемелік кешен модульдік оқыту жүйесіне құрылған. Ұсынылып отырған бағдарлама студенттердің білім деңгейлерін ескере отырып (В1, В2 және С1 модульдері), сабақтың мақсатын, құндылығын және ұстанымдарын, дағды мен ептіліктерін, сөйлеу іс-әрекетінің түрлері; есітіп түсіну, сөйлеу, жазу талабына жауап беретін мазмұннан тұрады.

Қазақ тілін оқыту белгілі бір лексикалық тақырып,соған сәйкес грамматикалық материалдар, сөйлеу әдебінің түрлері: репликалар мен клишелер арқылы анықталады. Мамандығына бейімдеп оқыту мәтіндері және ресми қарым-қатынас тілін дамытуға арналған мәтін түрлері ұсынылады. Сонымен бірге әрбір деңгей үшін белгілі бір лексикалық тақырып және грамматикалық материалдың тиісті көлемі ұсынылады, осы лексикалық актуалдандырылған коммуникативтік сөз кірістіру, тұрақты клише мен стандартты этикеттік айналымдар санамаланады. Әрбір лексикалық тақырыпқа мәтіндердің, базалық сұхбаттардың үлгілері беріледі, тақырыптар жүйелі логикалық байланыста алынады. Мамандыққа қатысты терминдердің лексикалық мағаналарын қазақша түсіндіруге баса назар аударылады. Тақырыптың мазмұнына сәйкес В1, В2 және С1 модульдері үшін тиісінше сұрақтар, сұхбаттар, тапсырмалар беріледі.

Жоғарғы оқу орындары үшін қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасы ҚР «Тілдер туралы» Заңның 4-бабына сәйкес және ҚР Президентінің «Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2010 жылғы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған бағдарламасында» көрсетілген шараларды іс жүзінде асыру мақсатында және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылдың 3 қарашасындағы №514 бұйрығымен бекітілген «Тілдердің үштұғырлылығы (қазақ, орыс және шетел тілдері)» ҚР Мемлекеттік жылпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрылған.

Пәнді оқытудың мақсаты

Қазақ тілін оқыту мақсаты – коммуникативтік, танымдық және тәрбиелік білімді қалыптастыру. Коммуникативтік мақсат дегеніміз – сөйлеуге, қарым-қатынасқа тілді практикалық игеру арқылы жету. Яғни студенттердің күнделікті қарапайым қатынаста, әлеуметтік-мәдени салаларда және кәсіби қызығушылығына сай сөйлеу дағдысын қалыптастырып, дамыту, оларға болашақ қызметінде жиі қолданылатын кәсіби саласына қатысты терминдерді меңгертіп, кәсіби тілін қалыптастыру осы курстың мақсаты болып саналады.

Пәнді оқытудың міндеттері

Қазақ тілі сабағын оқыту мынадай міндеттерді жүктейді: сөйлеуге үйрету, білім дағдыларын қалыптастырып дамыту, кәсіби біліктілігін арттыру.

Студенттердің сабақ шеңберімен ғана шектеліп қалмай, қосымша өзіндік жұмысты орындауы мен олардың өз бетінше ізденіп, кәсіби тіл шеберлігін жетілдіруіне мүмкіндік туғызу мақсатында әр мәтінге қатысты жиі қолданылатын сөздер мен кәсіби терминдердің қазақша-орысша баламаларын түсініп, есте сақтауы сабақтың тағы бір міндеті болып табылады. Осы мақсаттағы тілдік материалдар орысша ойлап, қазақша сөйлеуге қиналатындардың ұлттық таным-түсініктерінің қалыптасуына, тілдік ортаға енуіне де көмек бола алады. Қойылған міндетті шешуге кешенді тұрғыдан келу мен сабақтың мазмұны белгіленеді.

Дағдыны қалыптастыру процесін үдетудің маңызды факторы фонетикалық, грамматикалық және лексикалық ережелерді қолдану мен түсіндіру болып табылады.

Қазақ тілін меңгерудің деңгейі бақылау тестілері және әңгімелесу нәтижелерімен, бағалау өлшеміне сәйкес анықталады.

Бақылау жұмыстарының параметрлері студенттердің алған біліміне арналған білік-дағдыларының көлеміне сәйкес беріледі және оған естіп-түсіну, оқу-жазу, сөйлеуді тексеру кіреді.

Пәндік құзыреттер:

Пәнді меңгерген студент өз бетінше күнделікті қарапайым қатынаста, әлеуметтік-мәдени салаларда және кәсіби қызығушылығына сай сөйлеу дағдысын қалыптастырып, дамыту, оларға болашақ қызметінде жиі қолданылатын кәсіби саласына қатысты тілдік бірліктерді меңгеріп, кәсіби тілін қалыптастыра алады.

Пәннен кейінгі құзыреттер:

«Қазақ тілі» курсы «Тіл мәдениеті және шешендік өнер», «Кәсіби қазақ тілі», «Мемлекеттік тілде ісжүргізу» пәндерімен бірге болашақ мамандардың теориялық және жалпы дүниетанымдық дайындығының негізін құрайды.

Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары

Модуль пәнінің атауы: Қазақ тілі

В1 деңгей

Тақырыптар

Оқылым

Жазылым

Айтылым

Тыңдалым

Аудармаға арналған материалдар

Өмір және тіршілік: І Блок

1

Лексикалық тақырып: Адам және қоршаған орта

Грамматикалық тақырып: Сөз және сөз тіркестері. Зат есім тудырушы жұрнақтар, сын есім тудырушы жұрнақтар.

(2 сағат). Кейс: Адамның табиғаттағы орны

«Қазақ тілі» оқулығынан «Жеке тұлға» мәтінін (7-б), 6,7-мәтіндерді мәнерлеп оқу, түсінгенін айту

Тақырып бойынша жаттығуларды орындау

Адамгершілік – адамның рухани арқауы

Экология және қоршаған орта министрінің сөзі

Мәтінге байланысты сөздер мен сөз тіркестері

2

Лексикалық тақырып: Әдеп ережелері. Сәлемдесу

Грамматикалық тақырып: Жай сөйлем. Оның түрлері

(2 сағат) Кейс: Әдеп басы - амандасу

Әдеп ережелерін жатқа айту. «Инабаттылық» тақырыбына байланысты мәтіндерді қарастыру

Мәтіннен жай сөйлем түрлерін тауып жазу. Тақырып бойынша жаттығуларды орындау

Әр халықтың өзіне тән сәлемдесу ерекшеліктері туралы баяндау

Әдеп ережелерін үн таспадан тыңдап,дұрыс түсіну

Мәтіннен жаңа сөздерді аудару

3

Лексикалық тақырып: Өзім туралы. Мен және менің отбасым

Грамматикалық тақырып: Жалғаулар, тәуелдік жалғауы

(2 сағат) Кейс: «Ұлды ұяға,қызды қияға қондырсам» деп едім

Оқулықтағы мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндап, аудара білу

Мәтінге қатысты жаттығуларды орындау. Мәтіннен тәуелдік және жіктік жалғауларын теріп жазу.

Отбасына байланысты туыстық атауларды жатқа айту

«Отан отбасынан басталады» атты бейнетаспаны көру

Мәтінді сөздіксіз аудару

4

Лексикалық тақырып: Менің оқу орным.

Грамматикалық тақырып: жіктік жалғауы

(2 сағат)

Оқулықтағы мәтінді мәнерлеп оқып, түсінгенін жеткізу

Өз саласының маманы ретінде ел болашағына үлес қосу мақсатында өз бағдарламасын дайындап ұсыну

Қаз ГЗУ тарихын айта білу, университет құрылымы және жоғары мектептер туралы дұрыс мәлімет беру

Таспадан тыңдалған бейтаныс сөздердің мағынасын түсіну

Орыс тіліндегі мәтінді қазақ тіліне аудару

5

Лексикалық тақырып: Мінез және портрет.

Грамматикалық тақырып: Үтеулер. Мезгіл және мекен үстеуі

(2 сағат) Кейс: Көңіл күй – адам үшін басты стимул

Мәтіндерді мәнерлеп оқу

Теңеу, бейнелі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, жазбаша түрде мінез, портрет жасау.

Адамның мінез-құлқын, сыртқы бейнесін сипаттайтын фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру

Адамның мінез-құлқын, сыртқы бейнесін сипаттайтын ақын-жазушылардың өлеңдерін тыңдай отырып, мағынасын түсіндіру

Оқулықта берілген Абай, Әйгерім, Тоғжан, Салтанат бейнелерін орыс тіліне аудару

6

Лексикалық тақырып: Зиялылық және әдеп.

Грамматикалық тақырып: Шылау, оның түрлері

(2 сағат)

Мәтінді оқи отырып, абзацтарға бөліп ат қою. Жоспар құру және жоспар бойынша баяндап беру

Грамматикалық тақырып бойынша шылау сөздерді пайдаланып, құрмалас сөйлемдер жазу

Оқулықтағы мақал-мәтелдер мен фразеологизмдерге қосымша мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер, қанатты сөздер жинап, жатқа айту

Әдептілік, ибалылыққа байланысты үнтаспалар мен бейнетаспаларды тыңдап, өз пікірін білдіру

Оқулықтағы «Қабуснамадан» берілген үзіндіні аударып, талқылау

7

Лексикалық тақырып: Қазақтың ұлттық тағамдары

Грамматикалық тақырып: Сан есім, сан есімнің мағыналық топтары

(2 сағат) Кейс: Ас- адамның арқауы

Берілген «Қазақ дастарқаны» мәтінін талдап, ұлттық тағамдардың түрлерін ажырату

Мәтіндегі сан есімдерді тауып, түрлерін анықтаңыз.

Ұлттық тағамдардың түрлері туралы досыңызбен сұхбаттасыңыз

Ас, тағамдар жайлы мақал-мәтелдер, ұлттық мерекеге байланысты өлең, әндерді жатқа айтып, мағынасын түсіндіру

Тағам атауларын орыс тілінен қазақ тіліне аудару

Өмір және тіршілік: ІІ Блок

8

Лексикалық тақырып: Тазалық-саулық негізі, денсаулық-байлық негізі

Грамматикалық тақырып: Сын есім, сын есімнің семантикалық жіктемесі

(2 сағат) Кейс: Тәні саудың жаны сау

«Салауатты өмір салты» мәтінін мәнерлеп оқу, өз пікірін айту

«Салауатты өмір салты» тақырыбына эссе жазу. Тазалық, саулыққа байланысты мақал-мәтелдер жинау

«Салауатты өмір салты» тақырыбына байланысты слайдта көрсетілген көрсетілім жайлы талқылау

Таспадан мәтінді тыңдай отырып, мазмұндау, жаңа терминдермен танысу

Мәтінге қатысты жаңа сөздерді аудара білу

9

Лексикалық тақырып: Қазақ халқының ұлттық киімдері

Грамматикалық тақырып: Етістік, тұйық етістік. Тұйық етістікке тәуелдік жалғауының жалғануы

(2 сағат)

Қазақтың ұлттық киімдері туралы мәтіндерді оқу, түсіну

Ұлттық киімдерді

Өнер мен мәдениетті дамыту туралы өз ұсыныстарын білдіру

Қазақ театры қойылымынан үзінді тыңдау

Қазіргі таңда сирек қолданылып жүрген өнер, мәдениет туралы терминдерді аудару

10

Лексикалық тақырып:

Ұлттық музыка

Грамматикалық тақырып: Етіс. Етіс түрлері. Ырықсыз етіс.

Қазақ музыкасы, ұлттық аспаптар туралы мәтінді оқу

Қазақтың музыка майталмандарының тізімін жазу

Халық музыкасы мен эстрадалық музыканың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айту

Қазақ халық әндерін тыңдау

11

Лексикалық тақырып: Уақыт және мезгіл

Грамматикалық тақырып: Рай категориясы.

(2 сағат) Кейс: Табиғатта мезгілдің жаманы жоқ.

Оқулықтағы «Уақыт және мезгіл» тақырыбына қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқу.

Жыл мезгілдері, жыл, ай, күн, апта атауларын, сауатты жаза білу. Ұзындық, қалыңдық, тереңдік, алыс-жақындық өлшемдерді білдіретін сөздермен және тақырыпқа байланысты фразеологизмдермен сөйлемдер құрай білу

Жыл мезгілдері, жыл, ай, күн, апта атаулары мен шоқ жұлдыздар атауларын жатқа айту. Мерзімдерге қатысты мақалдардың мағынасын түсіндіру

Таспадан жыл атауына байланысты аңыз-әңгімелерді тыңдап, түсіну, сонымен қатар, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, т.б. ақындардың жыл мезгілдері туралы өлеңдерін тыңдап, талдау жасау

Тақырыпқа қатысты сөздер, сөз тіркестері, қысқа мәтіндерді аудару

12

Лексикалық тақырып: Адам және табиғат.

Грамматикалық тақырып: Атаулы сөйлем.

(2 сағат) :

Бірнеше табиғат туралы мәтінді оқып, өз сөзімен әңгімелеп беру

Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат суреттерін (қыс, көктем, жасз, күз) жасау

Студенттер табиғатты қорғау, қазіргі кездегі экологиялық мәселелер жайын баяндай білу, бір-біріне сұрақ қою арқылы сұхбат жасау

«Жаңа толқын» электрондық оқу құралынан табиғатқа қатысты мәтіндерді тыңдау, мазмұндау

Табиғат, экология мәселелері туралы қысқа мәтіндерді орыс тілінен қазақ тіліне аудара білу

13

Лексикалық тақырып: Өнер адамдары

Грамматикалық тақырып: Етістік. Салт етістік, сабақты етістік

(2 сағат)

К.Байсеитова, Ш.Қалдаяқов, Ә.Қашаубаев, Ж.Шанин т.б. өнер адамдарының өмірі жайлы мәтіндерді оқыту

Тақырыпқа байланысты мәтіндерден қысқаша мазмұндама жазу

Өнер адамдарының шығармашылығы жайлы әңгімелеу

Өлеңдерін тыңдау

Өнер адамдары туралы сұхбатты аудару

14

Лексикалық тақырып:

Қазақтың ақын- жазушылары

Грамматикалық тақырып: Шылау, оның түрлері

1 сағат

А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Жабаев, М.Әуезов өмірі және шығармашы-лықтары

«Ақын-жазушылар шығармашылығы – рухани қазына» тақырыбына шығарма жазу

Ақын-жазушылар шығармаларынан өлеңдер және үзінділерді жатқа айту

Таспалар мен бейнетаспалардан мәліметтер тыңдау

Тақырыпқа қатысты мәтіндермен аударма жұмысы

15

Лексикалық тақырып: Бос уақыт және қызығушылық

Грамматикалық тақырып: Етістіктің шақ категориясы

(2 сағат)

Мәтінді оқып мазмұндау

Уақытты тиімді өткізу жайында, етістіктің шақ қатегориясының түрлерін қолдана отырып, эссе жазу

Әрбір студент өз уақытын қалай тиімді пайдалану керек деген сауал төңірегінде өз ойларын ортаға салып, пікір алмаса білу

Таспадан уақыт туралы қанатты сөздерді тыңдап түсіне білу

Мәтінге байланысты сөздер мен сөз тіркестерін аудару

БАРЛЫҒЫ 30 сағат