Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык_5В090200Туризм_1год_рус_1курс_си...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
20.08.2019
Размер:
576.51 Кб
Скачать

Пән атауы: Қазақ тілі

Мамандық атауы: 5В090200 Туризм

Бөлімі: орыс

Курс: 1курс

Оқу мерзімі: орта білімнен және арнайы кәсіби білімнен кейін 1 жыл

Оқытушы: ф.ғ.к., Утегенова Ә.А, п.ғ.к., доцент К.Қ.Қанафиева, ф.ғ.к., акад.доцент М.Б.Примбетова

Барлық сағат саны: 45

Практикалық: 30 СОӨЖ:15

Мазмұн

Оқытушы туралы мәлімет

Пререквизиттер

Постреквизиттер

Пәннің сипаттамасы (мақсаты мен міндеттері)

Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары

СОӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі

СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі

Әдебиет тізімі

Глоссарий

Білімді бағалау жөніндегі ақпарат

«Қазақ тілі» пәні бойынша студентке арналған оқу бағдарламасы (SYLLABUS)

ЖОО: Қазақ гуманитарлық заң университеті

Кафедра: Жалпы тіл білімі және аударма ісі, № 312 аудитория

Оқытушы туралы мәлімет: Утегенова Әлия Амантайқызы – ф.ғ.к., доцент; Нурканова Жамал Талқанқызы - аға оқытушы.

Байланыс уақыты: (Office-hour): дүйсенбіден сенбіге дейін бекітілген аудиториялық сабақтардың кестесіне, ОСӨЖ-дің кеңес сабақ кестесіне сәйкес

Байланыс телефондары: 70-30-47 (10 - 40) ішкі коммутатор арқылы. 87016495865(ұялы); 87072222071(ұялы)

Пән туралы мәлімет: Қазақ тілі. Кредиттің саны – 2, сабақ 1 семестрде жүргізіледі.

Пәннің пререквизиттері: “Қазақ тілі” курсын игеру үшін студенттің қазақ тілінің фонетикасы, лексикасы мен грамматикасынан (мектеп бағдарламасы), қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, мәдениеттану пәндерінен белгілі білім деңгейі болуы қажет.

Пәннің постреквизиттері: “Қазақ тілі” курсынан алған білім «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Тіл мәдениеті» курстарында жалғасын табады. Осы пәнді оқу нәтижесінде студент

А1 деңгейі бойынша:

- бағдарламада қарастырылған, қарым-қатынастың неғұрлым кең таралған стандартты жағдаяттарындағы нақты коммуникативті міндеттерді шешуге бағытталған тілдік материалды жинақтап, өзгертіп айта алуға қабілетті және дайын болуы;

- өз қалауымен диалогке түсе алуы, топтық талқылауға қатыса алуы, қандай да бір ойды дәлелдеп бере алуы;

- қарым-қатынастың басты салалары мен тақырыптары бойынша қысқаша хабарлама жасай алуы;

- ақпараттық, сипаттамалы және прагматикалық сипаттағы шағын аутентті мәтінді тыңдап, түсіне алуы;

- түрлі жанрдағы жеңіл аутентті мәтіндердің негізгі мазмұнын оқып, түсіне алуы, оқылғанға қатысты өз ойын білдіре алуы;

- мәтінге сүйене отырып, қысқаша аннотация дайындай алуы тиіс.

Пәннің cипаттамасы

Практикалық қазақ тілі орыс бөлімдерінің студенттеріне қазақ тілін оқытуға арналған. Қазақ тілінің оқу бағдарламасы өзге тілді дәрісханаларда қазақ тілін оқытудың соңғы лингвистикалық және әдістемелік жетістіктеріне сүйенеді.Ұсынылып отырған бағдарлама студенттердің білім деңгейлерін ескере отырып (А1, А2 және В1 деңгейлері), сабақтың мақсатын, құндылығын және ұстанымдарын, дағды мен ептіліктерін, сөйлеу іс-әрекетінің түрлері; есітіп түсіну, сөйлеу, жазу талабына жауап беретін мазмұннан тұрады.

Қазақ тілін оқыту белгілі бір лексикалық тақырып,соған сәйкес грамматикалық материалдар, сөйлеу әдебінің түрлері: репликалар мен клишелер арқылы анықталады. Мамандығына бейімдеп оқыту мәтіндері және ресми қарым-қатынас тілін дамытуға арналған мәтін түрлері ұсынылады. Сонымен бірге әрбір деңгей үшін белгілі бір лексикалық тақырып және грамматикалық материалдың тиісті көлемі ұсынылады, осы лексикалық актуалдандырылған коммуникативтік сөз кірістіру, тұрақты клише мен стандартты этикеттік айналымдар санамаланады. Әрбір лексикалық тақырыпқа мәтіндердің, базалық сұхбаттардың үлгілері беріледі, тақырыптар жүйелі логикалық байланыста алынады. Мамандыққа қатысты терминдердің лексикалық мағаналарын қазақша түсіндіруге баса назар аударылады. Тақырыптың мазмұнына сәйкес А1, А2 және В2 деңгейлері үшін тиісінше сұрақтар, сұхбаттар, тапсырмалар беріледі.

Жоғарғы оқу орындары үшін қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасы ҚР «Тілдер туралы» Заңның 4-бабына сәйкес және ҚР Президентінің «Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2010 жылғы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған бағдарламасында» көрсетілген шараларды іс жүзінде асыру мақсатында және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылдың 3 қарашасындағы №514 бұйрығымен бекітілген «Тілдердің үштұғырлылығы (қазақ, орыс және шетел тілдері)» ҚР Мемлекеттік жылпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрылған.

Пәнді оқытудың мақсаты

Қазақ тілін оқыту мақсаты – коммуникативтік, танымдық және тәрбиелік білімді қалыптастыру. Коммуникативтік мақсат дегеніміз – сөйлеуге, қарым-қатынасқа тілді практикалық игеру арқылы жету. Яғни студенттердің күнделікті қарапайым қатынаста, әлеуметтік-мәдени салаларда және кәсіби қызығушылығына сай сөйлеу дағдысын қалыптастырып, дамыту, оларға болашақ қызметінде жиі қолданылатын кәсіби саласына қатысты терминдерді меңгертіп, кәсіби тілін қалыптастыру осы курстың мақсаты болып саналады.

Пәнді оқытудың міндеттері

Қазақ тілі сабағын оқыту мынадай міндеттерді жүктейді: сөйлеуге үйрету, білім дағдыларын қалыптастырып дамыту, кәсіби біліктілігін арттыру.

Студенттердің сабақ шеңберімен ғана шектеліп қалмай, қосымша өзіндік жұмысты орындауы мен олардың өз бетінше ізденіп, кәсіби тіл шеберлігін жетілдіруіне мүмкіндік туғызу мақсатында әр мәтінге қатысты жиі қолданылатын сөздер мен кәсіби терминдердің қазақша-орысша баламаларын түсініп, есте сақтауы сабақтың тағы бір міндеті болып табылады. Осы мақсаттағы тілдік материалдар орысша ойлап, қазақша сөйлеуге қиналатындардың ұлттық таным-түсініктерінің қалыптасуына, тілдік ортаға енуіне де көмек бола алады. Қойылған міндетті шешуге кешенді тұрғыдан келу мен сабақтың мазмұны белгіленеді.

Дағдыны қалыптастыру процесін үдетудің маңызды факторы фонетикалық, грамматикалық және лексикалық ережелерді қолдану мен түсіндіру болып табылады.

Қазақ тілін меңгерудің деңгейі бақылау тестілері және әңгімелесу нәтижелерімен, бағалау өлшеміне сәйкес анықталады.

Бақылау жұмыстарының параметрлері студенттердің алған біліміне арналған білік-дағдыларының көлеміне сәйкес беріледі және оған естіп-түсіну, оқу-жазу, сөйлеуді тексеру кіреді.

Барлық мамандықтың а1 деңгейіне арналған практикалық сабақтар өткізудің тақырыптық жоспары

Лексикалық тақырыптар

морфология

синтаксис

Тапсырмалардың орындалу түрі

Сағат саны

Пайдаланылатын әдебиет

1

Қазақ тілі туралы түсінік. ҚР-ның «Тілдер туралы» Заңы

Қазақ тілінің жалғаулары

Хабарлы сөйлем

4-бапты салыстырмалы аударма жасап, мазмұнын түсіну және жатқа айту; конспект, әңгімелеу бапты жатқа айту

3 сағат

ҚР-ның Тілдер туралы заңы.

Түймебаев Ж. Грамматикалық анықтағыш. Алматы, 1990.

Бекішева Д., Дұрыспаева Г., Әбдірахманова Н.,Әлиева А. Қазақ тілі.Астана,2005 Қ.Қадашева.,З.Ш.Ерназарова.,Қ.Қ.Қанафиева. Қазақ тілі. (заң факультеттерінің студенттеріне арналған).

2

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Есімдік. Жіктік жалғауы.

Сөз тіркесінің түрлері

мақал-мәтел жаттау, шағын әңгіме. Жер, туған жер, Отан, көркем сөздері арқылы құрастыру; шығарма жазу.

Туған жер туралы мақал-мәтелдер және өлеңдер жатқа айту. жасыл шүйгін кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман, жұпар жел тіркестерін пайдалана білу, фразеологизмдерді қолдана білу

2 сағат

Қ.Қадашева.,З.Ш.Ерназарова.,Қ.Қ.Қанафиева. Қазақ тілі. (заң факультеттеріне арналған)

Түймебаев Ж. Грамматикалық анықтағыш. Алматы, 1990

Р.Қамзебаева, А.Әділбекова. Қазақша үйренейік.Атадан мирас.Тіл дамыту құралы. Астана,2002.

Н.Оралбай.,К.А.Құрманалиев. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінің студенттеріне оқулық ретінде ұсынған.Алматы 2007

3

Қазақ елі: а) Менің туған жерім; ә) Қазақстанның жағрапиялық жағдайы;б)Қазақстанның қалалары; в) Қазақстанның табиғаты, экологиялық ахуалы

Зат есім. Жалпы және жалқы есім.

Толымды және толымсыз сөйлем.

театрға барып, көргендерін қысқаша баяндау; шешендік сөздерді жатқа айту;

шығарма етіп жазу; буклет, альбом жасау.

2 сағат

Қ.Қадашева,К.Қ.Канафиева.

Қазақ тілі. (заң факультеттерінің студенттеріне арналған).

Өз бетінше ізденіс. Н.Қ.Мұхамадиева.,Н.Ә.ҮстемірҚазақ тілі.Алматы 2006

4

Қазақ өнері мен мәдениеті: а) Қазақ ақын-жазушылары;

ә) Қазақтың музыка өнері және ұлттық аспаптары;

б) Қазақтың театр және кино өнері;

в) Қазақтың шешендік өнері

Көмекші есім

Жақты және жақсыз сөйлем

мереке түрлерін ажырата білу; мерекеге қатысты ауызша құттықтау; тілек айта, жаза білу; ұлттық мерекелер туралы айту, мереке күндері туралы конспект жасау.

аударма арқылы қазақтың салт-дәстүрлері туралы түсінігін қалыптастыру;

қазақ салт-дәстүрлерін мазмұндап тақырыпқа бөліп реферат жазу, мазмұныны толық айта білу

3 сағат

Қазақтың салт-дәстүрлері. –А, 2004. Н.Қ.Мұхамадиева.,Н.Ә.ҮстемірҚазақ тілі.Алматы 2006

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.Алматы 2008

Өз бетінше ізденіс Қ.Қадашева,К.Қ.Канафиева.

Қазақ тілі.

(заң факультеттерінің студенттеріне арналған).

Н.Оралбай.,К.А.Құрманалиев.

5

Қазақтың салт-дәстүрлері

Қатыстық және сапалық сын есімдер

Бастауыш. Баяндауыш

өзі, отбасы туралы айта білу. «Менің демалысым» тақырыбына әңгімелеу;

«Менің демалыс күндерім» тақырыбына шығарма жазу.

2 сағат

Қ.Қадашева, А.Алдашева Қазақ тілі. (заң факультеттерінің студенттеріне арналған).

Өз бетінше ізденіс

6

Ұлттық мерекелер

Септік жалғаулары. Сын есімдер.

Толықтауыш

университет туралы айта білу; университет тарихын, мамандықтарды, факультеттер туралы білу және жазу;

университет шежіресі жайында толық мәлімет негізінде «Оқу орным – екінші үйім» тақырыбында шығарма жазу. кітапханалар жайлы әңгімелей білу; Республиканың, Астананың ірі кітапханаларын біліп, кітапханада көргендерін әңгіме түрінде жазу;

«Кітапхана – рухани байлық орны» тақырыбына шығарма жазу.

3 сағат

Қ.Қадашева, А.Алдашева Қазақ тілі. (заң факультеттерінің студенттеріне арналған).

Алматы, 2001.

Түймебаев Ж. Грамматикалық анықтағыш. Алматы, 1990. Р.Қамзебаева, А.Әділбекова. Қазақша үйренейік.Атадан мирас.Тіл дамыту құралы. Астана,2002.

7

Менің отбасым. Менің жұмыс күнім. Менің демалыс күнім.

Сан есім

Анықтауыш

уақыт, сағат, минут туралы айта білу. қазақ ұғымындағы мезгіл өлшемдерін білу.

ұлттық өлшем, қазақ ұғымдағы уақыт өлшемдері туралы тарихи деректерге сүйене отырып, әңгімелеу.

2 сағат

Қ.Қадашева,З.Ш.Ерназарова.,

К. Қазақ тілі. (заң факультеттерінің студенттеріне арналған).

Алматы, 2001.

Бекішова Д., Дұрыспаева Г., Әбдірахманова Н.,Әлиева А. Қазақ тілі.Астана,2005

8

Менің университетім. Менің мамандығым. Біздің факультет.

Сын есімнің салыстырмалы және күшейтпелі шырайлары.

Лепті сөйлем. Одағай сөздер Модаль сөздер

мінез және портрет айырмашылығын ажырата және айта білу.

адамның сыртқы келбетін, мінезін сипаттай білу;

атақты, танымал тұлғаларды сипаттау. «Мінезі жақсы адам қартаймайды», «Жақсы – көпке ортақ» тақырыбына пікірталас жүргізе білу.

2 сағат

Қ.Қадашева, А.Алдашева Қазақ тілі. (заң факультеттерінің студенттеріне арналған).

Алматы, 2001.

Түймебаев Ж. Грамматикалық анықтағыш. Алматы, 1990.

9

Ұлттық кітапхана.Кітапханада.

Мен оқыған шығарма.

Есімдіктер (сілтеу, өздік, белгісіздік) есімдіктер, олардың септелуі

Сөйлем құрау.

«Жеті жарғы» туралы білу. «Жеті жарғының» баптарын түсіне алу; «Жеті «Жеті жарғының» шығу себебі,тарихы, ондағы үкім-келісімдер. Қазақ билері,хандары туралы айта білу

2 сағат

Қ.Қадашева, А.Алдашева Қазақ тілі. (заң факультеттерінің студенттеріне арналған).

Алматы, 2001.

ТүймебаевЖ.Грамматикалық анықтағыш. Алматы, 1990.

10

Сөздік диктант. Газетпен жұмыс

Етістіктің қалау райы.Есімше. Мамандыққа қатысты етістіктер

Жалаң сөйлем

Қоғам мен адам өміріндегі экономиканың атқаратын рөлі-сұрақ-жауап;пікірсайыс

2 сағат

Қ.Қадашева, А.Алдашева Қазақ тілі. (заң факультеттерінің студенттеріне арналған). Алматы, 2001.

11

Уақыт және мезгіл

Анықтауыш. Модаль сөздер.

Жайылма сөйлем

әртүрлі кәсіп туралы айта білу. «Білікті, білімді, әділ, сөзге шешен» сөздерін қолдана білу; Қазақстандағы кәсіп түрлері әңгімелеу;

Отандық кәсіп және оның түрлері жайында «Кәсібім – менің нәсібім» тақырыбында шығарма жазу.

3 сағат

Қ.Қадашева, А.Алдашева Қазақ тілі. (заң факультеттерінің студенттеріне арналған). Алматы, 2001.

Қ.Жарықбаев. Жантануға кіріспе. А.,2005ж.

12

Мінез және портрет

Анықтауышты сөз тіркестері

Айқындауыш мүшелер

Кәсіпкер деген қандай адам, кәсіпкерліктің негізгі белгілері, түрлері, даму бағыттары-әңгімелеу; пікірсайыс

2 сағат

Қ.Қадашева, А.Алдашева Қазақ тілі. (заң факультеттерінің студенттеріне арналған). Алматы, 2001.

Қ.Жарықбаев. Жантануға кіріспе. А.,2005ж.

13

Қайталау

Шақ категориясы. Осы шақ.Ауыспалы осы шақ.

Сөйлем түрлері.

«Мен қалай уақытты бағалаймын» тақырыбына шығарма жазу ; пікірсайыс

2 сағат

Қазақ тілі. (заң факультеттерінің студенттеріне арналған). Алматы, 2001.

З. Күзекова, Г. Қарағұсова. Қазақ тілі. 17-22 бб. А., 1997ж.

Барлығы

30 сағат